Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3233 4 пікір 27 Қыркүйек, 2019 сағат 10:13

Түркіменстанның 62 жастағы президенті "құрметті ақсақал" атағына ие болды

Түркіменстанда 25 қыркүйекте Халк Маслахаты (Халық кеңесі) – жоғары өкілетті орган отырысы өтті. Конституция бойынша, бұл кеңес республика халқының мүддесін қорғайды. 2017 жылы құрылған бұл орган Ақсақалдар кеңесін алмастырды.

Кеңес отырысында 62 жастағы президенті Гурбангұлы Бердымұхамедовке "Халықтың құрметті ақсақалы" атағы берілді деп хабарлады "Туркменистан сегодня" агенттігі. Ұлттық киім киген президентке төсбелгі, грамота және гүл табыс етілді.

Агенттік мұндай атақты табыстауға азаматтардың көптеген өтініші мен ұсынысы себеп болды деп түсіндірген.

Халық кеңесінің отырысында Бердымұхамедов Халк Маслахатын реформалап, оны Меджлистің (парламент) бір палатасына айналдыруды ұсынды. Реформадан соң Түркіменстанда екі палаталы парламенттік жүйе орнайды, ал Кеңес парламенттің жоғары палатасына айналады.

Түркіменстан парламенті бір палатадан тұрады. 125 депутат бес жылға сайланады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2039