Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3024 0 пікір 5 Тамыз, 2011 сағат 04:51

Байжан Дубай. Теміртаудан қазаққа мектеп бұйырмай ма?

Теміртауда мектеп дауы қызып тұр. Мамыр айында, оқу жылы аяқталған соң, қаладағы № 9 мектеп лицейі мен № 16 орыс мектебін қазақша оқу жүйесіне көшіру туралы шешім қабылданған болатын. Себебі, Теміртаудағы қазақ мектептері бір қолдың саусағының санына жетпейді, ал орыс мектептері мемлекеттік тілде білім беретін оқу ошақтарынан 5 есе көп!!! Қаладағы екі орыс мектебін  қазақшалау туралы бұйрық шығарған басшылықты ата-аналар мен ұстаздардың сотқа сүйрегеніне екі айға жуық уақыт болды. Бір қызығы, сотқа шағымданған 200 ата-ананың жүзге жуығы өзіміздің қандастарымыз екен!

Анықтап айтар болсақ, аталған аймақта 3 қазақ мектебі және 16 (!) орыс мектебі жұмыс жасайды. Қазақ мектептеріндегі  бала саны жыл санап көбеюде, тіпті, бір сыныпқа 30 адамнан келіп, оқушылардың екі ауысымнан артық оқитын кездері болған. Осыны есепке алған қала басшылығы 800-ге жуық оқушы білім алатын № 9 мектеп лицейі мен № 16 орыс орта мектебіндегі балаларды басқа білім ордаларына ауыстырып, екі мектепті қазақ балаларына арнауды жөн деп тауыпты.

Он алты орыс мектебінің екеуі жабылғанда жаны шыға жаздаған ата-аналар мен мұғалімдердің бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Қарсылық акциясын құлағына да ілмеген қала басшылығының мектепті қазақшалауға толығымен кіріскеніне шыдамаған олар Астана жақтан үміт жоғын сезіп, орыс бауырларынан көмек сұрауда. Оған мына сілтемелер дәлел:

http://www.russkie.org/index.php?module=printnews&id=22504

http://www.rus-obr.ru/days/12232

http://www.russianskz.info/russians/print:page,1,1956-zayavlenie-russkogo-sodruzhestva-kazahstana-po-situacii-svyazannoy-s-zakrytiem-russkih-shkol-v-g-temirtau.html

Орысша білім беретін екі мектеп жабылды деп, Ресейден көмек дәметкен теміртаулық орыстардың жағдайы осындай. Орысша екі мектеп жабылса, қалған 14 мектепке балаларын орналастыруға болады ғой. Қазақ толерантты ғой. Ал орыстар неге қазаққа толеранттылық танытпайды? Оның үстіне, мұғалімдердің жұмыссыз қалмайтынын, өзге білім ордаларына орналасуға болатынын айтады басшылық. Теміртау қаласы білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Бақшагүл Рахимова кім қайда барып шағымданса да, екі мектептің қыркүйекте қазақша білім беретінін айтады. Бүгінде мектепке мамандарды жинау-жасақтау жүргізіліп жатыр.

«Қазақстанда орыс мектебін жауып жатыр!!!» деп ышқынған дауыстарды ғаламтордан жиі естуге болады. «Балаларымыз неге өзге мектепке бару керек?! Олар басқа ортаға үйренісіп кеткенше  психологиялық тұрғыдан соққы алатынын білесіз бе?» деп қасқайып тұрып алды олар. Мәселеге елдегі барлық орыс ұйымдары, коммунистік партия өкілдері белсеніп қатысып жатыр. Қазақтың зиялылары мен ұлтшыл ұйымдары елден көшіп кеткендей әсер етеді.

Біз мемлекетті құраушы ұлт бола тұра, кең байтақ қазақ жерінің иесі бола тұра, бір сыныпта қыстырылып отырған балаларымыздың құқы аяқасты болды деп айқай-шу шығармаймыз. Қарсылық көрсетпейміз. Басқа түскен осы екен деп, құлдық ұра жөнелеміз...

Естуімізше орыс белсенділері мен орыс елшілігі Теміртаудағы «мектеп дауы» туралы ақпараттарды үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің құлағына жеткізіпті. «Ұлттар достығы» дегенді естісе ішкен асын жерге қоятын премьердің маңындағылар Қарағанды облысы мен Теміртау қаласының басшыларына «мәселені ушықтырмай, жылы жауып тастаңдар» деген тапсырманы бергелі жатқан сыңайлы. Бұның өтірік-шынын бүгін аяқталатын сот шешімі анықтайды деп түсінеміз. Сот отырысына қатысты мақаланы жақын арада жариялайтын боламыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379