Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2713 0 пікір 5 Тамыз, 2011 сағат 07:06

Құрметті «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы және «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының мұнайшылары!

Біздің еңбек ұжымының бір топ жұмыскерлерінің екі айдан астам уақыттан бері заңсыз ереуілге шығып отырғаны сіздерге белгілі. Ереуіл болған уақыт ішінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру компаниясы» 519 мың тонна мұнай өнімін жоғалтса, мемлекет қазынасы түсетін  23 миллиард теңгелей  салығынан айырылды, ең бастысы сіздердің отбастарыңыз екі айдан бері жалақысыз қалды.

Жұмыс беруші мен  жергілікті билік органдары тарапынан осы дауға қатысты жағдайды реттеу үшін барлық шаралар қарастырылды. Мемлекеттік органдар мен Жұмыс берушінің және қоғамдық ұйымдар өкілдері ауыл - ауылды аралап,  акцияға қатысқан жұмыскерлер және олардың отбасыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Осындай жұмыстар нәтижесінде, ереуілге шыққан жұмыскерлердің бір бөлігі, өздерінің істері мен  талаптарының  заңсыздығын түсініп, жұмыстарына шықты. Дегенмен жұмыскерлердің белгілі бір бөлігі өздерінің ұжымдастарын жолдарынан жаңылдырып, әлденеден үміттенген күйінде  заңсыз ереуілге қатысуда. Бұдан әрі осылай бола бермейді, мен, Жұмыс беруші ретінде, сіздердің талаптарыңыз заңсыз болғандықтан орындалмайтынын мәлімдеймін. Бұл  сөзім  сот, мемлекет және құқық қорғау органдарының шешімдерінің  негізінде. Сондықтан да, заңсыз наразылық білдіру акциясына қатысып отырған барлық жұмыстан шығарылмаған жұмыскерлер өздерінің жұмыс орындарына қайтуы тиіс.

Болмаса, Жұмыс берушіге  ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысқа шықпай жүрген жұмыскерлерді жұмыстан босатып, жаңадан мамандар  қабылдауынан  өзге жол қалмайды. Қазіргі таңда, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы мен «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының кадр бөлімідерінде 3 мыңнан астам жұмысқа кіруге талаптанған жергілікті мұнайшылардың  арыздары  жатыр.

Ал жұмыстан босатылған жұмыскерлерді жұмысқа орналастырумен облыс Әкімінің бірінші орынбасары төрағалығымен жұмыс жасап отырған бірлескен  жұмыс тобы айналысады.

Қасиетті Рамазан айында әлі жұмыстан шығарылмағандарды өз жұмыс орындарына оралуға, өз  еңбек  ұжымдарына, өз жолдастарына қайтып баруға тағы да қайталап шақырамын! Біз Сіздерді күтіп отырмыз!

Не істесек те, біз әрдайым халқымыздың, Тәуелсіз Қазақстанның жоғары мүдделерін ойлауымыз керек. Өз алдымыздағы, өз жақындарымыз бен өз еліміз алдындағы жауапкершілігімізді ұмытпауға тиіспіз. Өз еліміздің заңдарын құрметтеуге және өзге де адамдардың құқықтарымен санасуға міндеттіміз.

Біз әрдайым заң шеңберінде ғана жұмыс істейтін боламыз!   Одан басқа жол жоқ.

ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ-ы бас директоры Асқар Балжанов

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411