Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2670 0 пікір 8 Тамыз, 2011 сағат 04:42

Ғ.Нұрышев мырзаның қоғам төрағалығына тағайындалуы заңнан тыс

Ақтөбе облысы әкіміне

Ақтөбе облысы бас прокурорына

Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасына

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасына

05. 07. 2011 күні өткен Ақтөбе облыстық «Қазақ тілі» қоғамының есеп беру, қайта сайлау конференциясында төраға сайлау қарекеттері ешқандай баламасыз және ҚР-сының «Конституциясы» талаптарын, «Білім туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Азаматтық Кодексі» заң баптарын өрескел бұзушылықтармен өтті. Осы орайда Ғ.Нұрышев мырзаның облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасына сайлануы Заңнан тыс болғанын жария етеміз.

Ақтөбе облысы әкіміне

Ақтөбе облысы бас прокурорына

Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасына

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасына

05. 07. 2011 күні өткен Ақтөбе облыстық «Қазақ тілі» қоғамының есеп беру, қайта сайлау конференциясында төраға сайлау қарекеттері ешқандай баламасыз және ҚР-сының «Конституциясы» талаптарын, «Білім туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Азаматтық Кодексі» заң баптарын өрескел бұзушылықтармен өтті. Осы орайда Ғ.Нұрышев мырзаның облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасына сайлануы Заңнан тыс болғанын жария етеміз.

ҚР-сы Конституциясының жалпы ережелер бөлімінің 5 бабының 1-ші және 2-ші тармағында қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, қоғамдық бірлестіктің ісіне мемлекеттік мекеме өкілінің араласуына жол берілмейтіні тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Себебі қоғамдық ұйымдар ерікті - азаматтар бірлестігі болып табылады. Ерікті негізде құрылу қағидасы қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің ең басты ерекшелігі. Азаматтық қоғамның институттары  мен билік тармақтарының өзара қызметі заңмен белгіленген. Құқықтық тұрғыдан заңды тұлғалар болып есептелетін мемлекеттік мекеме басшылары оның құрылтайшысы да жетекшісі де бола алмайды.

Ендеше атқарушы биліктің қолымен облыстық «Қазақ тілі» қоғамының жетекшісін жоғарыдан тағайындалуы заңнан тыс.  Әкімшілік аппараттың өз шенеунігін қоғамдық ұйым жетекшілігіне тағайындау - қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына итермелеу деген сөз. Заңды тұлға мен қоғамдық бірлестіктің бірлескен ынтымақтастығы (ҚР ҚБ-нің 4-бабы)  тек қана заңмен белгіленген белгілі бір екі жақты келісім-шарт аясында атқарылуы тиіс. Ал мұның барлығы тек қана заңды тұлғаның құрылтайшыларының келісімімен ғана шешілетін жұмыстар.

Ғ.Нұрышев мырза Ақтөбе педагогикалық институты деп аталатын үлкен білім ордасын басқарып отыр. Ал, ҚР-сы Білім Заңының 40 бабында: «Білім беру ұйымдары басшылары заңды тұлға болып табылатыны» және аталмыш заңның 44 бабында: «Мемлекеттік білім беру ұйымының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім беру ұйымдар ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық лауазымдармен қоса атқаруға тйым салынатындығы» анық жазылған. Демек Ғ.Нұрышев мырза қоғамдық ұйым басшысы бола алмайды. Өйтпеген жағдайда Ғ.Нұрышев мырза Азаматтық Кодекстің 46-бабының 1-2-ші тармақтарына сәйкес ЖОО-ның жетекшілігін немесе лауазымын «Заңды тұлғаны екінші бір қоғамдық ұйыммен біріктірген кезде өз құқытары мен міндеттерін өткізу құжатына сәкес жаңада келген заңды тұлғаға өткізуі қажет».

Сондай-ақ, жаңа басшы лауазымында Ғ.Нұрышев мырза екі бірдей мекеменің «жетекшісі» заңды тұлға міндетінде әділет органында мемлекеттік тіркеуден де өте алмайды. Заңды бұзғандық үшін лауазымды тұлғаларға жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңымыздың 4 - тарау, 22-бабына сүйенсек: «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңды бұзғандық үшін бұған кіналы адамдар және заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және қоғамдық бірлестіктердің басшылығына кіретін адамдар жауапты» болады. Бұлай тағайындалу сыбайластыққа, жемқорлыққа жол ашатыны заңда ескертілген.

Облыстық «Қазақ тілі» қоағмының «есеп беру және төраға сайлау» конференциясында жоғарыдағыдай заң бұзушылықтардың орын алғанын ескере отырып, 05. 07. 2011 күні өткен облыстық «Қазақ тілі» қоғамының кезекті конференциясы өз жарғысында белгіленген мақсаттар мен міндеттер шегінен шығатын әрекеттерге барғанынын, ұйымдастыру мен өткізу процедуралары жарғы талаптарын бұрмалаушылықпен өткенін, және қағамдық ұйымның төрағалығына Ғ.Нұрышев мырзаның заңнан тыс тағайындалғанын, бұған әділет басқармасы мен салық комиететінің назар аударуын, жергілікті прокуратура органдарының араласуын, дұрыстығы мен бұрыстығы айқындалғанша қоғам қызметінің уақытша тоқтатылуын  сұраймыз.

Нұрлыбай Қошаманұлы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ЖСДП «Азат» партиясы облыстық кеңесінің мүшесі.

Тел: 97-51-43. Ақтөбе қаласы. 06.07.2011 жыл.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440