Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2536 0 пікір 19 Шілде, 2011 сағат 17:10

Білім беру жүйесінің келелі мәселелері

Облыс әкімі қала және аудан әкімдерінің, басқарма бастықтарының қатысуымен селекторлық режимде облыстағы қосымша білім беру жүйесінің мәселелері және оларды шешу жолдары бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

Облыс әкімі қала және аудан әкімдерінің, басқарма бастықтарының қатысуымен селекторлық режимде облыстағы қосымша білім беру жүйесінің мәселелері және оларды шешу жолдары бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

- Шығыс Қазақстан облысында қосымша білім беру жүйесі тиісті деңгейде емес. Білім беру басқармасы осы ретте ешқандай тиісті іс-шаралар өткізбейді, туындаған мәселелерді шешу жөнінде арнайы шешім қабылдамайды, - деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жиын басында. 2011 жылы қосымша білім беру жүйесін қаржыландыру мақсатына 1,053 млн теңге қаржы бөлінді. Облыста жалпы саны 97 үйірме, клубтар, одақтар қызмет атқарады. - Бұның барлығы қағаз жүзінде ғана. Олардың нақты саны бұдан да аз - деді Бердібек Сапарбаев. Жиын барысында қосымша білім және тәрбие беретін ошақтардың санын арттыру, әрбір аудан және қала әкімдіктерінің бұл жөнінде тиісті жұмыс жүргізу, мектеп оқушыларына арналған үйірмелердің жыл бойы қызмет көрсету қажеттілігі айтылды. Кеңесте Өскемен және Семей қалаларында балалардың демалыс ошақтарына арналған биологиялық орталық, жас натуралистер үйірмесінің бүгінгі тыныс-тіршілігі сөз болды. Облыс әкімі Семейдегі биологиялық орталық үлгісінде барлық аудандарда тиісті мекемелер ашу қажеттілігін, Катонқарағай, Зырян, Шемонаиха аудандарының көрікті табиғатын пайдалана отырып, туристік клубтар ашуды жүктеді. Өскемен қаласындағы жас техниктер станциясының ауқымын кеңейтіп, әр сала бойынша оқытуды тапсырды. Сонымен қатар аудан мектептерінде қосымша білім беру жүйесін тиісті қолданып, үйірмелер ашуды білім беру басқармасына жүктеді.
Мәдениетімен, табиғатымен, дарынды тумаларымен дараланған еліміздің Шығысында ақындар және шығармашылық мектептерінің, табиғат үйірмелерінің аздығы, табиғи-ландшафтық базалардың жұтап қалғандығы еш сын көтермейді. Осы ретте аймақ басшысы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қосымша білім беру жүйесінде 20 жарқан іс атқаруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

akimvko.gov.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588