Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2926 0 пікір 9 Қазан, 2019 сағат 10:58

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға келеді

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға екі күндік сапармен келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мұның алдында Лавров қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен де кездесетінін хабарлаған. Бұл ақпаратты «Интерфакс» жаңалықтар агенттігі жариялады.

Айбек Смадияровтың айтуынша, екі елдің сыртқы істер министрлері Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының негізгі мәселелерін, екі елдің халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер бойынша өзара іс-қимылын талқылайды. Оның ішінде Біріккен ұлттар ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Еуразия экономика одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары бар.

Екі тарап жылдың соңына дейін Омскде өтетін өңіраралық ынтымақтастыққа арналған 16-форумды, ұжымдық қауіпсіз шарты ұйымының Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтетін шараларын және басқа да екі жақты және көп жақты шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141