Жексенбі, 24 Қараша 2024
2894 2 пікір 18 Қазан, 2019 сағат 11:56

ҰҚК: Сириядан жеткізілген 14 азамат терроризм бойынша айыпталды

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирияда "Ислам мемлекеті" террористік тобының "бір жасақ құрамында болған" 14 адамға қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.

Оларға "террористік топ әрекетіне қатысты", "терроризмді насихаттады" және өзге де ауыр қылмыстар бойынша айып тағылған. Бұл ақпаратты 17 қазанда ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратты. Іс Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жіберілген.

ҰҚК-нің дерегінше, "өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп", "Жусан" операциясы (Сириядан Қазақстан азаматтарын қайтару) аясында Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылған. Олардың 400-ден астамы - балалар.

"Қайтарылған адамдардың ішінде он ер адам мен бес әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ (экстремистік топтың араб тіліндегі атауының қысқартылған нұсқасы - ред.) халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айрылды" делінген хабарламада.

2018 жылы шілде айында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Таяу Шығыста соғыс басталғалы бері Сирия мен Иракқа Қазақстанның 800-ге жуық азаматы кеткенін хабарлаған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641