Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2204 0 пікір 11 Тамыз, 2011 сағат 04:34

Гүлмира Ақанқызы. Түркиядан 15 оқушы балдәуренге аттанды

Кеше, атап айтқанда 8 тамыз күні Қазақстан Анқара елшілігінің ұйымдастыруымен Ыстамбұлдан 15 қазақ мектеп оқушысы Астана қаласына аттанды. Олар бір күн Астананы қыдырғаннан кейін Бурабайдағы Балдәурен оқу - сауықтыру орталығында әрі демалады, әрі қазақша тіл үйреніп ұлттық мәдени құндылықтар туралы сабақтарға қатысады.

Өткен жыл Ыстамбұлдағы қазақтар көптеп шоғырланған Зейтінбұрын ауданында орналасқан Абай атындағы мектепті аралаған Қазақстан Анқара елшісі Жансейіт Түймебаев қазақ оқушыларын атамекенге қыдыртуға уаде берген-ді.

Қазақстанға барған оқушылардың 10-ы Абай атындағы мектеп, қалған бес бала осы аудандағы Ғазипаша және Әбділхақ Хамит атындағы мектептердің үздік оқушылары арасынан таңдалды. Сонымен қатар 15 балаға екі қазақ мұғалым басшылық жасауда. Оның бірі Абай атындағы мектептің мұғалымы Айсел Таңдоған, екіншісі Әбділхақ Хамит атындағы мектептің мұғалымы және белгілі Шоқайтанушы ғалым Әбдіуақап Қараның зайыбы Тайра Қара.

Кеше Ыстамбұл әуежайында балаларын шығарып салуға келген ата аналар Қазақстан елшісі Жансейіт Түймебаевқа алғыстарын айтты. Олар "мың естігеннен, бір көрген" дейді. Біз қанша балаларымызға қазақпыз, атамекеніміз Қазақстан десек те, көзімен көріп өздері қыдырып қайтқанға не жетсін! Біздің бүкіл арманымыз балалар ата тегін, ана тілін, ата салт - дәстүрін, атамекенін біліп жүруі. Міне осы сапар 13-15 жас аралығындағы балаларымызға үлкен ой салады деген үміттеміз. Бала жастан дейді ғой. Елші Жансейіт Түймебаев осындай игі із-шарамен бізге үлкен жақсылық жасап отыр. Осы қасиетті ораза күндерінде Алла тағала тілеген тілегіне жеткізсін, деп алғыстарын айтты.

Зайыбы мұғалым Тайра мен 13 жасар қызы Нұрбану мен 15 жасар ұлы Өміртайды шығарып салуға әуежайға келген ғалым Әбдіуақап Қара Қазақстан Анқара елшісі Жансейіт Түймебаевтың Қазақстанның 20 жылдығында өте игілікті іске мұрындық болып отырғанын атап өтті. Ғалымның айтуынша, Балдәуренге бір қанша жылдан бері Түркиядан, Еуропадан балалар шақырылып келеді. Бірақ көптеген ата ана Қазақстанға дейін жол ақысынан қиналғандықтан балаларын жібере алмаған еді. Енді бұл жолы жол ақысы да елшілік арқылы қамтамасыз етіліп отырғандықтан 15 бала Балдәуренге баруға мүмкіншілік тапты. Олардың барлығының табаны осы сапармен тұңғыш рет атамекенге тиіп отыр. Бұл да болса тәуелсіздіктің арқасы. Бұл сапар балалардың атамекендерімен танысуына мүмкіндік береді. Патриоттық сезімін оятады. Бала кездегі көрген білгендер өмір бойы ұмытылмайтындықтан, бұл сапар олардың санасында терең із қалдырады. Шетел балаларын атамекенмен қауыштырған бұл сапар үрдіске айналса екен!

Түркиялық оқушы балалардын 25 тамыз күні Астана арқылы Ыстамбұлға қайтатыны хабарланды.

Гүлмира Ақанқызы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525