Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2622 0 пікір 11 Тамыз, 2011 сағат 06:45

Аймақтық ЖҚТБ орталықтары жаңа диагностикалық жабдықтар алды

Алматы. 11 тамыз. ҚазТАГ - Аймақтық 8 ЖҚТБ (СПИД) орталықтары жаңа диагностикалық жабдықтар алды, деп республикалық ЖҚТБ орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Республикадағы облыстық 7 зертхана мен қалалық бір ЖҚТБ орталықта жаңа заманауи диагностикалық жабдықтар пайда болды. Ол талдама сапасын арттырып, қателіктерді азайтады», - делінген таратылған хабарда.

Орталықтың мәліметтерінше, 2 ағымдық цитофлюориметр Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстық ЖҚТБ-мен күрес және профилактикалық орталықтарға жеткізілді.

Ағымдық цитофлюориметр АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырған адамдардың қанындағы СД4 клеткаларын анықтауға арналған. Бұл олардың иммунитетінің деңгейін анықтайды. «Бұл жабдық антиретровирустық терапияны (АРТ) бастау мерзімін және оның тиімділігін анықтауда өте маңызды», - делінген хабарда.

Одан басқа осындай жабдықтардың 7 толымы Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Алматы (2) облыстық зертханалар мен Семейдегі қалалық ЖҚТБ орталығына жеткізілді.

ЖҚТБ орталығының мәліметтерінше, 1 шілдеге республикада 16741 АҚТҚ инфекциясын жұқтырған адам тіркелді. АҚТҚ жұқтырғандар арасында 20-29 жастағы жастар басым, олар - 44%. Әлеуметтік-кәсіби салады бірінші орында - жұмыссыздар (71%). Аурулардың басым бөлігі (64,7%) қан арқылы жұқтырғандар.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141