Сенбі, 23 Қараша 2024
10439 0 пікір 17 Ақпан, 2017 сағат 14:43

АТОМНАН БАС ТАРТҚАН ЕЛГЕ АЭС НЕГЕ КЕРЕК?

Қазақстанға Атом электр станциясы керек және болады. Бітті. Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, брифинг өткізген ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев осылай деді. Бірақ, салынатын станцияның сомасы қанша болатынын, қашан қолданысқа берілетінін министр мырзаның өзі білмейтін көрінеді.

«Сіздерге түсінікті қылып айтайын, қазіргі таңда Қазақстанда ешқандай атом станциясы салынып жатқан жоқ. Дегенмен, біз бұл мәселеде оң ұстанымдамыз және жалпы  Қазақстанға АЭС керек. Құрылыс қашан басталады? Міне, осы мәселе қазір қарастырылуда. Бүгінде елімізде электр энергиясын артығымен өндіріп отырмыз. Тіпті, өндірілген электр қуатының 30 пайызға жуығы шектік деңгейіне жетпеген де. Сондықтан, дәл қазір АЭС-қа мұқтаждық болмауы мүмкін. Дегенмен, еліміздің экологиясына да тиімді. АЭС энергия мен қамтуда үлкен рөл атқарады», - деді вице-министр. (Так оно и должно быть. Это диалектика. Если мы хотим заняться вопросами экологии в нашей стране, то безусловно, строительство АЭС внесет весомый шаг как в базу энергообеспечения, так и в целом в снижение выбросов парниковых газов атмосферу).

Бақытжан Жасқалиев «ТМД-ның құрметті энергетигі» деген дардай атақтың иесі. Осылай деді. Қазақстан – уран өндіруде Дүниежүзінде бірінші орында. Онан бөлек ядролық отын қоры тағы бар. Ал Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мырза Үкімет отырысында сөз сөйлеп, биыл уран өндіру көлемін азайтатынын айтқан еді.

Иә, Атом электр станциясы дегеннен жұрт тіксінеді. Оғап себеп те жетерлік. Кезіндегі Чернобыль апатының азабын талай азамат әлі күнге тартып келеді. Бұл аз десеңіз, қай жағынан алсаңыз да дамыған, әлемдік технологияның тізгінін ұстап отырған жапондардың өзі табиғат апатының кесірінен болған АЭС-тің жарылысына араша бола алмады. Әлем алакөздеп отырған АЭС-ке Қазақстан құштар. «Семей полигонын жаптық» деп әлемге жар салып жүрген біздің биліктің АЭС саламыз, ядролық отын банкін құрамыз дегені қай сасқаны, дерсіз. Атомның аты – атом. Бізде АЭС-ке шынайы қажеттілік бар ма?  СЭС салу үшін су жетіспейді. ЖЭС-тің ғұмыры бітті-мыс.

А, биыл Елордада өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің ұраны – баламалы энергия көздерін табу емес пе еді? Елбасының өзі балама энергияны – жел, күн сәулесін қолдану арқылы табу мәселесін көтеріп жүргеніне біраз болды ғой. Әлем жүртшылығына дабыра салып, «атомсыз ел болдық» дегенде, айналып келіп АЭС керек дегеніміз қалай, Жасқалиев мырза? Елбасының бастамасы қайда қалды?  ЭКСПО тауып беретін энергияның ерекше түрі – АЭС болғаны ма?

1986 жылы сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар опат болғандар саны 100 мыңға жуық дейді.

Осы оқиға ойда жүр. Арада ширек ғасырдан астам уақыт өткенде Жапонияда апат болды. «Фукусимо 1» АЭС жарылды. Жапониядағы зілзала мен цунами салдарынан 6400-ден аса адам қаза болып, 10 мыңнан астам кісі хабар-ошарсыз кеткен. Апаттан келген зардаптың орнын толтырмаса да, қирандыларды тазалап, қалыпқа келтіру үшін 195 миллиард доллар қажет болған. Бұл төтенше жағдай. Әркімнің басына түсуі ықтимал.

Бізге АЭС қажет пе?

Мұхтар Тайжан, саясаткер:

- Біріншіден, вице-министрдің сөзіне назар аударсаңыз, ешқандай АЭС салынғалы жатқан жоқ. Себебі, оған ақша жоқ. Мұнай бағасының құлдырауынан кейін АЭС салуға ақша қайдан болсын. Екіншіден, бізде Балқаштағы құрылысы басталған АЭС-ты да тоқтатты. Ол жерге инвестиция салып жатқан «Самсунг» еді ғой. Олар инвестиция салудан бас тартты. Ешқандай қауіп жоқ. Дәл қазір АЭС салатындай Қазақстанның да, Ресейдің де ақшасы жоқ.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343