Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3869 0 пікір 20 Қазан, 2015 сағат 17:48

АРЫСТАНБЕК ABAI.KZ СЫНЫНА ЖАУАП БЕРДІ

Күні кеше ғана «abai.kz» порталында «Алматыны Ресей құрамына қосып жіберді» атты мақала жарық көрген болатын (http://abai.kz/post/view?id=5141).

Онда танымал ресейлік кино режиссер Таир Мамедов өзінің жаңа туындысының тизерінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасын Ресей Федерациясы құрамына кіргізіп жібергені және «біздің үлкен мемлекетіміздің» астанасы «Мәскеу» деп көрсеткені туралы айтылған.  

Көрермендер назарына  келесі жылдың қаңтар айында шығатын ресейлік фильмнің тизері, дәлірек айтсақ оның идеологиялық мысқыны қазақстандық белсенділердің наразылығын туғызған. Ресейлік режиссердің ұсынып отырған  идоелогиясы мен астары – кешегі кеңестік кезеңді ашық нұсқаған. Себебі, жаңа туындыда Ресейдің бірнеше қаласымен қатар, Қазақстанның Алматы қаласы, Арменияның Ереван қаласы, Белорусияның Минск қаласы, Грузияның Тблиси қалалары қазіргі РФ-ның құрамдас бөлшегі деп көрсетілген.

Осыған орай «Аbai.kz» порталы  ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлын шовинистік пиғылдағы фильмге қатысты шара қолдануға шақырған болатын.

Ал бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлы әлеуметтік ортада дау тудырған фильмнің тизеріне қатысты түсініктеме берген. Ол өз сөзінде мәдениет және спорт министрлігі керекті шараларды қолданатынын жеткізген.

Арыстанбек Мұхамәдиұлы, ҚР мәдениет және спорт министрі:

– Бұл фильм туралы мен мүлде естіген емеспін. Бірақ, ешкім бұған бейжайлық танытпайды. Өздеріңіз білетіндей, біздің министрлікте осындай жағдайлар орын алатын болса, ҚР СІМ бірден Ресей тарапына  наразылық нотасын жіберетін болады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407