Сәрсенбі, 16 Тамыз 2017
Дін 966 8 пікір 18 Сәуір, 2017 сағат 11:10

Салафилер мешіттерде ұдайы бүлік шығарады. Неге?

????????????????????????????????????

Қазақ мұсылман дінін қабылдағаннан бері мешітті киелі санағанын тарих растайды. Мешіт ежелден халықтың арасында діни-рухани, мәдени-тарихи, ғылым мен білім орталығы ретінде бағаланды. Мешіт мұсылмандар үшін күмбезі бар архитектуралық үлгідегі ғимарат қана емес, ол – рухани тазалық пен пәктіктің ордасы, пенденің Жаратушысымен қауышатын орны. Мұнда жалпы ғибадаттармен қатар діни сарындағы уағыздар, оқу-ағарту дәрістері жүргізіліп, ел мен қоғам үшін маңызды насихат жұмыстары жүзеге асырылады. Cондықтан мешіт – діннің қоғамды біріктіруші міндетін атқаратын қасиетті орын.

Мешіт – мұқым мұсылман үмметінің басын қосатын, олардың арасында бауырластықты оятатын киелі орын. Оның ішінде айтылатын уағыздар мен дәрістер діндар жандардың қоғамдық санасын қалыптастырып, халықтың рухани өміріне бағыт-бағдар береді, ой-пікірлерініңбір арнаға түсуіне ықпал етеді. Бүгінде әлемдегі әр түрлі күштер арасында ашық және астыртын идеологиялық қақтығыстар жүргізіліп жатқандамешітті ізгілік мекеніне айналдыру – жеңіске жеткенмен бара-бар. Себебі, мешіт мінберінде тұрып сөйлейтіндер қоғам мүшелерін өзіне қаратуға мүмкіндік алады. Сондықтан жік-жікке бөлінген діндарлар елдегі мешіттерді өз мақсаттарына пайдалану үшін белсене әрекет етуде. Әсіресе,Қазақстанда заңды қызмет ететін ҚМДБ-ның ресми өкілдері – мешіт имамдары мен салафизмді ұстанушы топтардың арасында орын алатын текетірестер соған айқын мысал болады.

2011 жылы қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес тек құзыретті мемлекеттік органда заңды тіркеуден өткен діни бірлестіктер ғана ел аумағында діни қызмет жүргізуге құқығы бар. Осыған орай, діни қызметпен айналысатын республика аумағындағы көптеген діни бірлестіктер заңды тіркеуден өтіп, жұмыстарын ашық жүргізіп келеді. Мемлекеттің діни қызмет жөнінде мұндай талаптар қоюы елдегі діни ахуалдың тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты екені мәлім.

Алайда деструктивті және радикалды идеяларды ұстанушы діни топтардың бірі– ең агрессияшыл салафилік жамағаттар заңсыз насихат жұмыстарын тоқтатпай, әлі де белсене әрекет етуде. Салафизм идеологтары имамдардың жалпыға ортақ діни рәсімдерді ханафи мәзһабы бойынша орындауына қарсы шығып, мешіттерде ұдайы бүлік шығарады. Таяуда ҚМДБ жіктелудің алдын алу мақсатымен өзіне қарасты мешіттерде жамағаттың діни жоралар мен рәсімдерге қатысты танымдық мәселелерде тек матуриди мектебі мен фиқһ жүйесін басшылыққа алып, ханафи мәзһабы бойынша орындауы жөнінде арнайы ереже қабылдады.

Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде қабылданған ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі мешітке келушінің негізгі құқықтары міндеттерін, мешітте рұқсат етілген және тыйым салынған әрекеттерді, дін қызметкерлеріне қатысты нұсқауларды, сондай-ақ т.б. мәселелерді айқындайды. Бұл ереже мешіттерде заңды қызмет ететін имамдар мен мешітті заңсыз иемденгісі келген салафилердің арасындағы дауды тоқтатуға жол ашты. Себебі, ережеге бағынғысы келмеген азаматтар ендіҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабының 2-тармағы бойынша тәртіпке шақырылуы мүмкін. Аталмыш нормада заңды діни қызметке кедергі келтірген, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарын бұзған немесе олардың діни сезімдерін қорлаған, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдірген адамды, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, әкімшілік жауапкершілікке тартуға болатыны туралы көрсетілген.

Бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін заңдық тұрғыда оң шешім жасалғанын көршілес елдердің тәжірибесінен де көруге болады. Мысалы, 2016 жылдың қаңтар айында Тәжікстандағы Согди облысының Гафуров ауданында тәртіп сақшылары мешіттегі ережеге бағынбаған бірнеше салафилік ағым өкілдерін тұтқындаған. Соттың мәлімдеуі бойынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтар мешіттің ішкі ережесі мен тәртібін бұзып, діндарлардың арасында діни араздықты қоздыруға әрекеттенген. Сондай-ақ, мұндай оқиға 2016 жылдың маусым айында Қазақстанның батыс өңірінде де орын алды. Атырау қаласындағы орталық «Иманғали» мешітіндегі ғибадат ету кезінде мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай, қоғамдық тәртіпті бұзған азамат Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 50 айлық есептік көрсеткіш әкімшілік айыппұл cалынды. Жалпы, мешітте жамағаттың діни жоралар мен рәсімдерді орындауы жөнінде ереже Өзбекстан, Әзірбайжан, Шешенстан, Ингушетия және Дағыстан елдерінде де қабылданған.

ҚМДБ өзіне қарасты мешіттердің ішкі тәртіп ережесін қабылдау арқылы әр түрлі теріс пиғылды жалған діни ағымдардың қызметіне тосқауыл қоятын құқықтық тетікке қол жеткізді. Мешіттегі қоғамдық тәртіпті реттейтін құжатты қабылдау кезек күттірмейтін мәселе екені отандық мүфтияттың Жарғысында «ҚМДБ шариғат нормаларына сәйкес діни рәсімдердің орындалуын қадағалауды қамтамасыз ету керектігі» жөніндегі бөлімде ашықкөрсетілген.

Мемлекеттегі, қоғамдағы, отбасындағы барлық қатынастар өзіндік бекітілген тәртіп пен заңдарға негізделіп, қалыптасатыны белгілі. Елде тәртіп болмаса, береке-бірлігі мен ынтымағы қашып, соңынан құлдырайды. Қоғамдық тәртіпелдегі адамдар бас қосатын кез келген орында, әсіресе мешіттер мен діни ғимараттарда сақталуы шарт. Мұсылман қауымының қасиетті мекені мешітте тәртіптің сақталмауы діндарлардың арасында араздықтың өршуіне сеп болып, мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі әбден мүмкін.

Әр қоғамдық орынның өзіндік бекітілген тәртібі болуы шарт. Сондықтан мешіттің де тәртіп-ережелері бар қоғамдық орын саналауы – заңдылық. Демек, мешітке келген әрбір адам мешіттің ішкі тәртіп ережесін мойындап, оның талаптарын орындауға міндетті.

Муслимов М.Ж., ҚР ДІАҚМ Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының  жетекші ғылыми қызметкері

Abai.kz

 

8 пікір
Ханафи 2017-04-19 07:41:30
Өтірік ақпарат таратпаңыз. Құранда "өтірікші шайтанның туысы" деген. Дін ұстануға еркіндікті тәуелсіздік алмай тұрып, Кеңестік кезеңде Горбачев билікке келгеннен кейін берді.
Өзін сәлафи дегендерге 2017-04-18 21:13:03
Ислам ғылымы "Сәләфи" деп Пайғамбар Мұхаммедтен кейінгі, с.а.с. үшұрпақты, яғни сахабалар, табиғиндер және тобаға табиғиндерді айтады. Бұлар ислам дінінің бастауында тұрғандар. Ал олардан кейін ешкім өзін "сәләфимін" деп айталмайды, айтқандар өздерінің діндегі әлсіз хәлін сахаба, табиғиндердің деңгейіне теңеген, немесе олардың ұлы дәрежесін өзінің нашар деңгейіне түсірген болады. Мұсылман деген ат кімге тарлық етіп жатыр. Ал алдыңғы өткен ұлылардан үйрену өмір заңдылығы. Діндегі қате түсінік бүкіл дүниетаным мен көзқарасқа, әдепке әсер етеді. Болмаса жалпы имамдарды қаралап "арамза", "топас" деп айтудың өзі іштегі арамдық пен наздандықтың сыртқа шыққан көрінісі. Сол имамда мейлі кемшілігі, қателері болсада елге Алланың бірлігін, ненің халал, ненің харам екенін жеткізіп жатқан. Мен өзімнен жиырма, отыз жас имамдарға бірінші болып сәлем беріп сыйлауға тырысам, өйткені мен жеке адамды ғана емес дінді таратушы дін өкілін құрметтеп тұрмын. Ия, кейбір имамдар имам атына лайық дәреже көрсетпей дөрекілік танытар, кейбірінің білімі таяздау болар, бірақ өз орындарына лайық емес жандар қай салада жоқ, барлық салада бар. Имамның алатын жалақысы өте төмен, жұмысы жеңіл емес, алайда соған қарамастан олар жұмыстарын атқарып келеді. Соңғы кезде білімді де ибалы, парасатты да салихалы, мешіт жамағатына жанашыр мейірбан имамдардың саны артып келеді. Әсіресе кейбір имамдарымыздың елді бірлікке шақырып Құран мен хадистен айтқан уағызынан кейін адамдардың жұзінен мейірім, сөздерінен жылылықтың лебі ескеніне күә боласыз. Сіздің сақалыңызбен балағыңызға айтылған теріс сөздерді кеңшілікпен, уақыттың қиыншылығына сай түсіністікпен қабыл алу мұсылманның міндеті. Сіз неге міндетсінесіз, мұсылман болғандығыңызға ма, ол өзіңіз үшін. Ал сіздің иманға келіп намаз оқуыңызға жағдай жасаған, әрбір мешітте бес елі түгі желбіреген жайнамаздарды төселіп, бес уақыт азан айтылып, құрбан айтыңызды бүкіл ел болып айттап өткізуге жағдай жасаған мына тәуелсіз мемлекетімізге дінді ұстанушы мұсылмандардың қарызы қанша екенін бір де болса ойланып көрдіңіз бе? Егер еліміз тәуелсіздік алмаса кеңестік кезеңде тыйым салынған дінді қайдан білер едіңіз, иманға қалай келіп, намазды қайдан оқыр едіңіз? Керісінше праздниктен праздникке арам суды сылқытып, әйелдердің соңынан зинақор болып жүгіріп, ең үлкен күнәларға "шомылып, сүңгіп" жүрмесіңізге кепілдік бар ма еді? Жоқ, кепілдік болсада жоқ. Міне, сондықтан дініміздің насихатталып, мешіттердің салынып, жүректерімізгі иманның жетіп қанама үлкенкүнәлардан аман қалып Аллаһымызды тануымызға алып келген алдыман Жартушымазға парыздар болсақ, одан кейін сол Аллаһымыздың нәсіп етуімен, сан ғасырбойы ата- бабамыздың жүргізген жанкешті күресі мен кешегі алаш арыстарынң, кеңестік кезеңнің өзінде солазаттығымыз үшін аянбай атсалысқан ағаларымыздың ерен еңбегімен келген Тәуелсіздікке біз көп қарызбыз. Сондықтан елдің тыныштығы, тәуелсіздіктің баяндылығы үшін еңбегің мен дұғаңды жасап, ешімге ешнәрсе үйретпей ақ, өз жөніңмен құлшылығыңды жасап тыныш жүрсең сол сенің тәуелсіздік алдындағы қарызыңның бір бөлігін өтегенің. Ал дін үйретем деген сылтаумен бәле іздегенің сол сенің намазға , дінге келуіңе жол ашқан ел тәуелсіздігіңе қарсы қианатың. Ал қианатшылар қатаң жазалану керек. Таңдау өзіңде.
Төре 2017-04-18 18:17:50
Дүмше молда Дін бұзар! Осындайларды "Болашақ" бағдарламасымен шет елдерде оқығандар, немесе, оралмандармен бірге келген мойындарында "қарғыбаулары" бар, дінді жамылып, елге іріткі салу үшін жіберілген тыңшылар болуы әбден мүмкін? Зерттеу қажет?
Бекболат 2017-04-18 17:21:20
Бұл заманның имадарының араны ашылып кеткен. Нәпсісі күшті! Пайғамбарымыз с.а.с. мешітке келіп сиген бәдәудің "басын шауып тастайық па?" дегенде, "тимеңдер, сиген жеріне су әкеліп төгіп жіберіңдер, болды" деген екен. Ал нәпсісі күшті имамдарымыз әмин деп дауыстасаң болды 113 мың теңге айыппұл төлетуге заң шығартып алыпты. "Өлген адамның намазын имамдар шығарсын", "үйленетін мұсылманның некесін имам қисын", "зекет пен садақалар имамға берілсін", "Құранды тек имамға оқытып, ақшасын имам алсын" деген үкім Шариғаттың еш жерінде жоқ нәрсе! Сондық кез-келген мұсылман осындай қарайым және күнделікті 5 мезгіз орындалатын намаздан да оңай амалдардың қалай орындалатынын өздері үйреніп алып, өздері атқарып, имамдарға жем болмаулары керек! Осыны елге таратып жүріңіздер.
Мейрамбай 2017-04-18 15:47:13
Бүлік шығару ештеңе емес, олар сол мешіттерде сорақылықтың неше түрін жасап жүр. естір құлаққа ерсі. Білмейтін, естімеген "өтірік аңғал" болуды қойатын кез келді. Өстіп жүріп, сол нақұрыстардан жапа шегеміз.
Бақытбек 2017-04-18 11:46:52
Салафилер - дін бұзушылар екеннін енді біліп жатырсыңдар ма?! Бұл, ақппаратты бүкіл әлем біліп отырған жоқ па? Сириядағы "Ақ каскалар" (киіп жүргендері құрылыста кеиетін стропальщиктердің каскасы) Влыбританиядағы еврейлердің ақшасын көптеп алу үшін, жас нәрестелерді өлтіріп, видео камераға түсіріп, неше түрлі Батыстық телеканалдарға "жалбарынып" жатыр. Міне, салафилердің бет-келбеті. Азғындаған, опасыз террористтер.
Дана Қазақ 2017-04-18 11:44:27
МIНЕ ЕКIНШI АСАД .........dw.com/ru/страны-латинской-америки-призвали-венесуэлу-уважать-свободу-митингов/a-38458659?maca=rus-tco-dw..........ПУТИНIН ДОСТАРЫ !!!
001 2017-04-18 11:34:15
Дауыстап әминді айту Құран хадисте жоқ екендігін сәләфи көсемі Уктам абу Абдуррахман әл-өзбеки мойындады: https://www.youtube.com/watch?v=QSUMj_dtfqs

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2862
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7429