Жексенбі, 30 Сәуір 2017
20 Сәуір, 2017 сағат 15:43 Бірлік 1435 33 пікір

Бұқаралық сананы өзгертуге арналған бағдар

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы «Елім, жерім, Қазақстаным» деп еміренген патриоттарына қуаныш сыйлап, рухани күш-жігерін қанаттандырып дүр сілкіндірді. Біз Елбасынан осы сөзін, осы идеясын күтіп едік. Демек осы саясатты іске асыру үшін Президент 25 жыл толғатқан болар. Асығыстық етсек апатқа кетесің. Көп ойланып, көп толғанып, ішкі сыртқы факторды есепке ала отырып бір аттап, бір шұқып отырып алға жылжу қажет болды.

Рухани жаңғыру бағдарламасын ұсыну оңай дүние емес екенін сезінеміз. Тәуелсіздік алған кездегі  кедергілер де, кең ойланып шешетін мәселелер де мол болды.

Олар:

  1. Кеңестік идеалогиямен уланған халықтың (ұлтына қарамай) саяси таным түсінігін, түйсігін өзгерту;
  2. Жаңа нарықтық экономикаға бейімдей отырып, жаңа саяси идеологияны еңгізу, сіңіру, үйрету, шығармашылықпен (творческий) игеру;
  3. Кеңестік режим кезінде халық қорқыныш пен үрейде өмір сүрді. Сол режимнен кеткелі 25 жыл болса да халықтың санасынан әлі де толық арыла қойған жоқ. Оның да өз себебі бар...
  4. Үрейде өмір сүрген халықтың әлеуеті төмен, жаңа қоғамды алып жүріп кететін адами капитал нашар, сапасы қуатсыз, рухы өлген. Текқана өлместің күнін көріп бір тілім нан үшін күресті. Халықты осы үрейден арылтуға уақыт қажет болды.
  5. Одақ күйрегеннен кейін Ел экономикасы құрдымға кетті. Тоналды, құлады, құлдырады. Осы экономиканы бірінші кезекке қойып еңбек еткенімізге 25 жыл болды. Елбасының шебер ұйымдастыруының арқасында экономикамыз аяқтан тұрды.

Саясаттың шебер зергері Елбасымыз осыған дейінгі 25 жыл бойы  «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген ұстанымды халықтың зердесіне қондырды. Нәтижесінде еліміз өзінің жеке дара суверенитеті бар, тұлғалы  мемлекет болып қалыптасты. Әлемнің саяси аренасында «Қазақстан» деп аталатын жас мемлекет  бейбітшіліктің, ынтымақтықтың, адами гуманизмнің символындай елестеп, бақыт пен баяндылықтың бесігіндей түсінік қалыптастырды.

Біз көршілерімізді да, мұхиттың арғы жағындағы арыстанды елді да дос санадық. Осылар өкпелемесін, осылардың қабағына кірбің ұяламасын деп бәрін бердік. Ниетіміздің кеңдігінен сұрағанын бере отырып, өзімізде ептеп көтеріліп, экономикамызды бір ізге салдық. Береген қолым алаған. Осылайша сыртқы достарды да, бір жолға қойып алдық. Оларды сенім құндағына бөледік. Осылайша алыс, жақындағы елдермен бейбіт,  қатар өмір сүріп саяси кем-кетігімізді түзеп алдық. Бұған дейін осы аралықта экономиканы алдыңғы кезеңге қойып, ел экономикасын көтердік. Адами капиталдың сапасы бұдан 25 жыл бұрыңғы деңгейінен көтеріліп жаңа сапаға ие болды. Бұл уақытты игергеннің куәсі. Уақыт пен кеңістіктің осынау ұштасқан жайлы мүмкіндігін пайдаланып, енді рухани құндылығымызды көтеретін уақыт келгенін Елбасы нысанаға алып, көп жыл толғатқан ісін бүгін міне алдымызға жайып салды.

Елбасы бұдан бұрын жариялаған  Бес институттық реформасында «Реформаның мәні – ұлтты жаңғыртуда. Ұлттың сапасы, халық рухының күшінде...» дегенді. Көріп отырсыздар, Елбасы сондағы айтқан философиялық тұжырымын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты танымдық, әдіснамалық мақаласында тереңдетіп, іс жүзінде қолдану функцияларын көрсетіп берген.

Мақаланың түпкі мақсаты: Қазақстан халқы Біртұтас ұлт болып қалыптасу. Ол үшін ең әуелі бұқаралық сананы өзгерту, адами капиталды сапаландыру, оны рухани жаңғырту. Елбасының мақаласы газет бетінен орын алғаннан кейін құптаған, қуанған, қолдаған ұсыныстар айтылды.  Әлі де айтыла беретін сияқты. Демек, өмірде сол рухани жаңғыртуды қай істен бастауымызды ең әуелі нені қолға алуымызды көрсетіп, ой бөліскен ұсыныстар аз. Осыған орай өз ұсынысымды білдіруді жөн көрдім.

  1. Ұлттық код: Елбасы мақаласында «ұлттық кодыңды сақтай білу» деп нақтылап берген.

Ұлттық код деген не? Осы ұғымды біз ең әуелі анықтап алғанымыз дұрыс болар. Ұлттық кодты құраушы ұғымдар тіл, діл, дін, тарих және мәдениетіміз, рухани байлығымыз. Осылар арқылы Қазақстан халқының бет-бейнесі ерекшеленеді. Біз көп ұлтты елміз. Соның ішінде тотальный ұлт- қазақтар еліміздің 70% құрайды. Демек, мемлекет құраушы ұлт-қазақ. Бұл ұғымды Республикамыздың Конституциясында бекітіп берген. Ешкім дау айта алмайды. Міне, осы ұлтқа Қазақстан Республикасында өмір сүретін басқа ұлт диаспоралары топтасып, ұйысып Біртұтас ұлт болып қалыптасуды тағдыр да, тарих та, бүгінгі болмыс та біздің пешенемізге жазған екен. Мен ұлы ұлт-қытаймын, ағылшынмын, неміспін, орыспын, украинмын деп үй ішіне үй тігіп жік шығаратын мүмкіндік жоқ. Осы елде өмір сүріп жатыр ма? Онда осы елде олар диаспора. Азшылық көпшілікті мойындау керек. Ол бүгінгі заңдылық. Өйтсе, билік те, қоғам да, диаспоралар да қазақ ұлтының адами сапасын көтеру керек. Ұлттың тілін, дінін, тарихын, мәдениетін көтеру арқылы Қазақ Республикасының бет-бейнесі ерекшеленеді. Бұл ерекшелік бүкіл Республика азаматтарының мақтанышы болу керек. Сонда ғана бұқаралық сана өзгереді. Сонда ғана адами капиталдың сапасы жаңғырады, жақсарады. Сонда ғана Біртұтас ұлт бола алады.

Біздің сөз еткен осы ұғымдарды жинақтап, топтастырып символикалық (нышандық) формаға түсіріп Елтаңба, Туымызды жасадық. Оны Конституциямызда бекіттік. Ұлттың жаны, тәні болған тілі, ділі, тарихы, мәдениеті, рухани құндылығы осы нышанға еніп ұлттың ұлықтайтын, ел болып бас иетін, халық болып қастерлейтін нышанымызға айналды. Қазақстан азаматтарының ұлттық намысын қайрайтын, жігерін ұштайтын, елінің болашағына үлкен сеніммен жетелейтін, мақтаныш тудыратын осы Елтаңбамыз бен Туымыз. Демек, ұлттық кодтың нышандық абстрактық белгісі Елтаңба мен Туымыз. Біз осының алдына жүгінеміз, бас иеміз, тізе бүгеміз, ұлықтаймыз. Көк туымыз көк аспанның астында желбіреп шыға келгенде көзімізге жас аламыз. Неге? Онда мыңжылдық, екі-үш мыңжылдық бабаларымыздың көз жасы көл боп жатыр, қаны судай ағып жатыр, аруақтарымыз аһ ұрып аунап түсіп жатыр. Иә, біздің кодымыз-тіліміз, діліміз Елтаңба, көк Туымыз. Қате жіберсем, қағыс кетсем Елтаңбам, Көк Туым кешіре көр! деп жүгінемін.

  1. Елбасы «Ұлттық жаңғыру» атты мақаласында латын алфавитіне көшу, ағылшын тілін үйрену туралы соншама жақсы түсінік берген. Ол мақаладан асырып айта алмаймыз. Латын алфавитіне көшуге байланысты дайындық жасалып жатқаны туралы «Егемен Қазақстан» газетіне (№70 (29051), кезінде халық қалаулысы болған, мемлекеттік сыйлықтың иегері белгілі жазушы Алдан Смайл жақсы жазды. Демек, латын әліпбиіне көшудің ғылыми негізі дайын болып қалған. Осы дүниелерді сараптап саяси шешім шығару ғана алда тұрған жұмыс сияқты.

Алфавит дегеніміз аса қуатты, күрделі саясат. Кезінде Көк Түрік империясы бірғана Бітіг (руна) әліпбиімен бүкіл бүтін империяны бір тудың астына ұйыстыра, топтастыра алады. Шығысы Маньчжуриядан батысы Еділге дейінгі 10 000 км, оңтүстік шығысы Қытайдың Ұлы Қорғанынан, Гималай, Гансу, Хантәңірінен, Солтүстігі Лена бойындағы Түнеліне (Якутия) дейін 8000 км алып аймақта екі диалектіде сөйлейтін бүкіл түркілерді бір ғана алфавитке жүгіндірді. Бұлар негізінде «И» және «Ж» тілді халықтар еді. Сол алып империяның қуаты, рухы түркі халықтарын XXI ғасырға алып келді. Демек, біздің қолданғалы отырған халықаралық латын алфавитіміз Қазақстан халықтарын ұйыстыратын бірден бір қару және қуатты саясат болмақ. Бір миллиард үш жүз мың қытай халқы алты диалектіде сөйлейді. Батысы шығысын, шығысы батысын, оңтүстігі солтүстігін ауызша қатынаста түсінбейді. Бірғана иероглифпен түсініседі. Сол бір ғана иероглиф бүкіл қытай халқын ұйыстырып отыр. Латын әліпбиі де біздің халқымызды сол деңгейде топтастыра алады. Осыған байланысты ойымды айтсам, Қазақстанның әлемге танылған, мойындалған жалғыз фонетигі Әлімхан Жүнісбектің вариантына ерекше көңіл бөлу жөн сияқты. Бұқаралық сананы өзгертуге байланысты Елбасы мақаласында ерекше тоқталады. Үнемі философия айтып, үгіт насихат жүргізе берсең халық мезі болады. Социализм заманында бұндай үгіт насихаттың небір түрін көрдік. Нәтиже болмады. «Адам» атты пенде еңбектенумен қатар көңілді демалып, ойнап, күлу керек. Тойлау керек, шалқып-толқып қуану керек. Онсыз өмір мәнсіз. Адам сұлулыққа, әдемілікке, үйлесімдікке құштар. Осы құмарлығын, құштарлығын ұлтты ұйыстыруға біз неге пайдаланбаймыз. Үнемі қамшы үйіріп, үрейде ұстауды кім жақсы  көрсін. Адамның, ұлттың, халықтың тілеп тұратын тілегін орындап, арманын ұзартып, тоқ сезіммен уайым-қайғысыз өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек. Сонда не істе дейсіз ғой?

Бізде мереке көп, демалыс көп. Соларды ыңғайына қарай пайдалана білуіміз керек сияқты.

Басқасын айтпағанда үш үлкен мереке бар:

  1. Жаңа жыл. Бұл мереке өз межесінде өткізіліп келеді.Кейде асып төгіліп шекарадан шығып кетіп жүрген жағдайы бар.
  2. Тәуелсіздік мерекесі: Бұл қастерлі мерекемізді қасиетті мерекеге айналдыру мәселесі тұр. Бүгінгі жағдайда жаңа жыл мерекесінің көлеңкесінде қалып, халық тәуелсіздіктің құдыретін сезіне алмай жүр. Сондықтан қазан, қараша айларына ауыстыру қажет сияқты.

Мемлекет тарапынан берілетін мемлекеттік марапаттар, барлық сый-сияпат осы мереке қарсаныңда берілсе...

  1. Наурыз мерекесі.

Бұл мереке бүкіл халықты қамтитын қоғамдық мереке, қоғамдық шара болғандықтан «Нұр Отан» партиясының тікелей басшылығымен қткізілсе дұрыс болар еді.

а) Ұлттың спорттың түрлерін - бәйге, күрес, көкпар, садақ атуды  бүкіл халықтық деңгейге көтеру.

Сонау артта қалған алыс ғасырлардан бермен қарай біздің халқымыз елдің елдігін, ердің ерлігін сынайтын күресті, ер қанаты атты, шеберлігін шендестіретін садақты, азаматы мен аттың күшін сынайтын көкпарды ұлттық той-мерекесінің алқасындай алқап, ұлықтап келген. Осы сайыс түрлері қазақтың ұлттық бет-бейнесін басқалардан ерекшелендіріп келген. Әрбір мерекеде қазақ спорттың осы төрт түрі өткізілуі керек. Ауылдан бастап, аудан, облыс, мемлекеттік деңгейде спорттың ұлттық түрлері қайткен күнде де орындалған болу керек. Бұл сайыстар Тәуелсіздік мерекесі мен Наурыз мерекесінің алғашқы 3 күнінде өтіп тұрса жөн болар-ақ еді.

Мемлекеттік сайыстарға аудан, облыстан жеңіп шыққан таңдаулылар қатысып сайысады.

Бәйгесін Мемлекеттік деңгейде Ел президенті, «Нұр Отан» партия басшылары, Премьер Министр, Сенат және Парламент төрағалары тапсырса қарапайым халықтың рухы көтеріледі.

Облыс, ауданда да жеңімпаздарды осы үлгімен бәйгесін ұсынатын болса, бүкіл халыққа мақсат еткен идеямыз жететін болады.

Бұл дегеніңіз ұлттық дәстүрді мемлекеттендіру, қоғамдандыру, әлеуметтендіру деген сөз. Сонда ғана қазақ ұлтының дәстүр-салты қоғамның әр мүшесіне жетіп, сол іс-қимылға, сайысқа араласып, содан ләззат алып, жұбаныш табады.

Бұл шара қазақтың ұлттық құндылығын жаңғыртумен бірге ұлттық бет- бейнемізді қазақи кейіпке келтіретін бірден бір қуатты күш болмақ.

б) Бүгінгі қазақ өзінің ұлттык киімінен айырылып қалды. Біздің ұлттық киімдеріміз өздерін мәдениеттіміз деп есептейтін ұлттардың киімінен кем болған жоқ.

Қазақтың ұлттық киімі сонау Көк Түріктер дәуірінен қалыптасқан. Сол дәуірдегі киім үлгісі мүсіндер мен қыш терракоттарда, тарихи деректерде сақталған. Археологиялық қазбаларда да табылып отыр.

Төрт ғасыр өмір сүріп Қытай халқының қытайлық менталитетін қалыптастырған Таң патшалыгының, патша сарайының ханумдары мен ханшалары, ханзадалары мен сарбаз-сардарлары сол заманда Көк Түрік, Біріккен Түрік Қағанат Ордасының ханумдары мен ханшаларының және әскери киімдеріне қызығушылық тантып, күнделікті өмірде қолданғаны тарихи кұжаттарда сақталган. Сол дәуірдегі киімдерімізді, Орталық Моңғолиядағы Біріккен Түрік қағанаты құлаган соң Бесбалық, Тұрфан, Қашқар бағытына қоныс аударған түріктер алып кетіп, Шығыс түркістандықтарға жеткізді, сол киімдердің біразын үйғыр халкы сәл өзгертіп ғана, бүгінге дейін қолданып келді. Осы киімдерімізді Көк Түріктің бүгінгі ұрпағы қазақтарға қайтару мүмкіндігі туып тұр. Оның сыртында Орта ғасырдағы Жошы ұлысы мен Қазақ хандығы дәуіріндегі киімдеріміз де ұмытылды. Осыларды түгелдей қайтаруымыз керек. Ұлттық бет-бейнемізді жаңғырту үшін ауыл, аудан, мемлекет деңгейінде ұлттық киімнің конкурсын жыл сайын наурыз мерекесі кезінде өткізіп, тұрса (театрлық киімдер бұл сайысқа қатыспайды) нұр үстіне нұр болар еді.

  • Күн сайын қарапайым өмірде киіп жүретін ерлер киімі (жазгы, қысқы)
  • Қарапайым өмірде киінетін әйелдердің киімі (жазғы, қысқы)

 

в) «Кара жорға» биін бүкіл халыктық дәрежеге көтеру. "Қара жорға " -

бразиялықтардың  «карнавалы» іспетті халықтық би.

Осы ұлттық құндылықты Тәуелсіздік тойында, Наурыз мерекесінде және сол сияқты мерекелерде де мың адамға (1000) дейінгі құраммен билеп халыққа көрсету, рухын көтеру;

Бұл биді де ауыл, аудан, облыс деңгейінде де топтық мол (ірі) мөлшерде билеуге тапсыру.

Спорттың баска түрлерінің саңлақтарын марапаттау ;

Меценаттарды марапаттау;

Алтын сапа марапаты т.с.с,

Міне, осындай бағдарламалар наурыз мерекесінің беделін көтеруге, онымен қатар қазақтың ұлттық болмысын даралап, әлемге таныстыруға үлкен септігін тигізер еді.

Мұндай шараларда, билік өкілдері басы қасында болуы, колга алған істің ілкімді де саналы орындалуына әсер ететінін ұмыптауымыз керек.

Сонда ғана көшірме мәдениеттен алыстап, ұлттық тарихи тамырынан нәр алған, ұлттық рухани құндылығымызды бүкілхалықтық деңгейге көтеріп, ұлтты жаңғырта аламыз.

  1. Ұлттық этикалық озық ғұрыптарымызды бүкіл халықтық дәрежеге көтеру.

а) Қазақтың ұл-қыздары ибалы, әдепті, ізетті. Қыздарымыз үлкендерге иіліп салем беру, ұлдарымыз ізеттілік көрсету, үлкенді сыйлау сияқты ұлттық ғұрыптарымызды сақтап қалған. Ұзаққа бармай-ақ, автобуста, қоғамдық көлікте, үлкендер кіріп келсе жастарымыз саналы түрде орын беріп, алқап, құрметтеп отырғызады. Өздерін мәдениетті санайтын еуропалықтардан, қытайлар мен жапондардан ондай ізеттілікті көрмейміз. Тек қана қазақ пен өзбекте сақталған. Бұны болымсыз, елеусіз деуге болмайды. Бұл ғұрып біздің мәдениетімізді, бет-бейнемізді көрсетеді. Отбасынан басталатын бұл тәрбие бүкіл ұлттың беделін көтереді. Шетелден келіп жүрген ғалымдар, жазушылар біздің осы әдет-ғұрпымызға таңқалып, разы болатынын көріп жүрміз.

б) Ұл-қыздарымыз аса намысшыл болып келеді. Өзінің жеке басының әлсіздігін  басқаға көрсеткісі келмейтін бекзаттылық бізде жақсы сақталған. Оқыс мінез көрсетпей, басқаға басындырмау, ұлтының жақсылығына қуанып, жайсыздығына іштей ренжіп жүретін бекзаттылық бізде басым. Бұл ұлттың намысшылдығын көрсетеді. Қазір Қазақстанның қай қаласына барсаң жатжұрттық әншілердің, артистердің суреті ілулі тұрады. Олардың әнші қыздарынан біздің қыздардың несі кем. Керісінше қазақ қыздары сұлу, инабатты, көрікті. Неге олардың суретін ілмеске. Астанада Галкинның суретін әр көшеге іліп қойыпты. Оның орнына Димаштың, Нұртас Қайраттың, Төреғали Төрәлінің суретін неге қоймаймыз? Тағы бір ғана мысал: Қытайда Қазақстандық қазақ боксшы мен Қытайдағы қазақ боксшы бір-бірімен жұдырықтасуға бармаған. Бүкіл халық құлақтанды. Бұл не? Бұл ұлт намысы, ұлт бірлігі. Бір бәсекеде бәйге алып атақ шығарудан бас тартып, ұлттық бірлік, ұлттық намысты қорғап шыққан. Осындай жақсы ғұрыптарымызды. Бүкіл халықтық деңгейге көтерсек біздің бет-бейнеміз айқындала түсер еді.

  1. Ұлтқа байланысты Кеңестік кезеңде қалыптасқан ғылыми терминдерді қайта қарау:

а) Кезінде сонау Хунну (сюнну) империясынан бермен қарай (Көк түрік, үйсін, түргеш, қарахандықтар, қыпшақ, қазақ т.т.с.с.) Ресей қоластына кіргенге дейін әкімшілік бөліністі оң қанат, сол қанат, Орталық  (Ордалық) деп бөліп, Ұлы Дала көшпелілерінің ел басқару жүйесін жасаған еді. Қазақ хандығынан бастап бұл жүйеге әскери рең беріп жүздік деп атап кеткен. Сол үш жүздікті Ресей империясы біріне-бірін қарсы қоюмен қатар жүздіктер ішіндегі тайпалар, руларды да бір-біріне қарсы қойған. Билеуші жатжұрттықтар өздері от көсеп алып бұл процесті трайболизм деп атап қазақ халқын мазаққа айналдырған, қорлаған.

Сондықтан біз «ру-тайпалық жүйе» деген атауды «биоәлеуметтік (биосоциальный) жүйе» деп атауды кезінде ұсынып едік. Қандас, туыстас рулар бір-бірін қолдап, өз адамын, ұрпағын басқаға қорлатпаған. Бір-біріне көмек қолын созып, жетімін жылатпай, жесірін қаңғытып далаға тастамай асырап адам қылған. Сондықтан туыстық қолдау жағы, әлеуметтік көмек болу жағы басым болған. Осы ерекшелігін ескеріп «биоәлеуметтік жүйе» деп алуды ұсынамын.

б) Қазақ атын атаса болды «номад», «көшпелі», «қаңғыбас» деген тіркестер қаптап кетеді. «Номад» дегеніміз үйсіз, күйсіз, еш нәрсе өндірмейтін, басқаның табысымен күн көретін сыған тобырын атайды. Ал, қазақтың бабалары басқа ұлттардың бабалары сияқты (орыс, украиндар, немістер, ағылшындар, арабтар т.т.с.с.) көшпелі болғаны рас.

Біздің бабаларымыз ежелгі Хун дәуірінен бастап қала тұрғызып, жер жыртып, егін егіп, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы қоғам орнатқаны бүгінгі күні ғылымда әбден дәлелденген мәселе. Хун дәуірінің өзінде 21 қаласы болғанын археологтар дәлелдеп берді. Көк Түрік дәуірінде бүгінгі Солтүстік Қытай, Моңғол үстіртінде барлығы 30-дан астам, Сыр бойында 19 қаласы болғаны анықталып отыр. Сондықтан осы сияқты ғылыми тұжырымдарды танымдық публицистикаға молдап еңгізіп халықтың көзін ашуымыз керек. Қазақтардың ата-бабасы Көк Түріктерден бері жаппай көшпелі болған деген тұжырымды ысырып тастайтын уақыт жетті.

Осындай ғылыми терминдерді қайта қарау арқылы ұлттық  ұлтжандылық махабатын арттырып, патриоттық түсінік ұялататын боламыз.

Осы сияқты мәселелер көп. Біз соның бірлі жарымын ғана сөз еттік. Қазақстанның әр азаматы осы іспетті мәселеге атсалысса бұқаралық сананы жаңғыртуға септігін тигізер еді деп ойлаймын.

Ұлттық код, ұлттық бет-бейнемізді мәңгі ұлықтап өтелік. Көк туымыз аспанда мәңгі желбіреп тұрғай!

Қ.Сартқожаұлы, Филология ғылымдарының докторы, профессор

Abai.kz

 

 

 

33 пікір
Ашынған қазақ 2017-04-23 09:40:49
***"Ашынған қазаққа 2017-04-22 11:38:54 Ащы шындықты айтқан азаматтың сөзі өте орынды. Сеніңше қазақ сол баяғы мал соңында жүрген заманын мақтап, салт-дәстүріміз деп рушылдықты қоздырып, еріккен айтыстары мен даңғаза той думандарымен біз кереметпіз деп жүре беруі керек пе?************************** Айналайын ау , мен, қазақ сол баяғыдай мал соңында салпақтап жүре берсін , өзгермесін деп отырғам жоқ қой?! Сен алдымен , сол өзің жақтап, шыр-пырың шығып отырған "Ащы шындығыңның" айтқан ойларының мәнісін түсініп алсаңшы! Ол ҚАЗАҚТЫ ештеңесі де жоқ , ештеңе де қолынан келмейтін , өсекші , сорлы болған дегенге келтіріп, түкке тұрғысыз етіп , халқымыздың тарихын ҚОРЛАП отырған жоқ па?! Көшпенді халықты отырықшылармен салыстырып, үй салмады , өндіріс орындарын құрмады деп , қысқасы, қолдарынан ештеңе де келмейтін мемлекетсіз тобыр болған деп отыр емес пе?! Сенің намысыңа тимей ме осындай сөздер а? Әр халықтың, ұлттың өзіндік ерекшеліктерін , ұлттық мәдениеті , салт-дәстүрі болатынын, тұрмыс-тіршілігі болатынын ескеру керек қой,өз-өзіңді түкке тұрғысыз етіп жерлей бермей?! Бұрын болмаса , енді болады , біртіндеп бәрін де үйренеміз , жаңарып та жатырмыз! Еш халықтан кем емеспіз біз ҚАЗАҚТАР!!!
Аң-таңның пікіріне Сұраған 2017-04-23 01:29:04
Өзінің санасы өзгермеген болса мына автор басқаның санасын өзгертем деп неге тыраштанады? Доктор, профессор деп күшенгенде соны ойламағаны қалай? Әлде кейін келген бе? Соқыр тауыққа бәрі бидай деп ойлаған мырзалардан ау шамасы..
Аң-таң авторға 2017-04-22 18:16:19
Сананы өзгерту деген не ол өзі түсіндірші !? Осы уақытқа дейін жұрттың бәрі санасыз жүріп пе еді? Әрбір саяси-экономикалық жүйе жұрттың санасын бұлай ұрандатып, жалаң насихаттатып өзгертпейді, оны сен сияқты ұрандатпайды да. Сананы қалыптастыру айқай-шусыз, даңғаза ұрансыз, үкіметтің, мемлекеттің халыққа жасаған жақсы тұрмыс-тіршілігінің арқасында, коррупциясыз, ұрлықсыз, рушылдықсыз, жалғандықсыз адал да әділ саясаты нәтижесінде іске асатын жұмыс, ол осындай саясаттың нәтижесінде өзінен өзі көзге көрінбей адамдардың саналы түрде қабылдаған құндылықтарымен қалыптасады.
Cерікбай 2017-04-22 13:25:50
Қазақтың ұлттық идеялогиясын Советхан ағамыз,Қ.Сартқожаұлы т.б. айтып жүр.Бір идеяға тоқтауымыз керек,Бекжан,Мұхамедкәрімнің қазақ тарихын әріден қарастыруын дүрыс деп есптеймін, ғалымдар талдау жасау керек.
Ашынған қазаққа 2017-04-22 11:38:54
Ащы шындықты айтқан азаматтың сөзі өте орынды. Сеніңше қазақ сол баяғы мал соңында жүрген заманын мақтап, салт-дәстүріміз деп рушылдықты қоздырып, еріккен айтыстары мен даңғаза той думандарымен біз кереметпіз деп жүре беруі керек пе? Өзіңе ұнаса сол қойыңның соңында бірге маңырап жүре бер. Далада қандай заман тұр, адамзат малшылық пен киіз үй мәдениетін тек экзотика таңсығы деп қарайтын заманды түсінбегендерге шара жоқ. Неге қазіргі Қазақстанда бұрын өндіріске қажет өнеркәсіп техникаларын шығарған заводтар жабылып қалған? Қазақ өзі ине мен жіп те шығармайды, сонда қалған қазақ тек осындағы байлықты шетелге сатып, байып алған сатқындардың аузына қарап күн көре беруі керек пе?
Ашынған қазаққа 2017-04-22 09:51:18
Сонда сіз не ұсынып отырсыз, ауруын жасырып өлген адам сияқты, қазақ қоғамының түрлі дерттерге шалдыққанын жасырып, өткеніміз жақсы, келешегіміз одан да тамаша деп, көзбояушылық жасап, проблемалаларды жылы жауып қою ма? Жуырда бір саясаткеріміз сияқты "карапайым халық жершілдікті ұмытқалы қашан" деп қазақ қоғамының ең басты "хронический" дертін жасырып, жалған сөз жазғанда, не ұтпақпыз? Керісінше, дабыл қағу керек, күнделікті түрде жасырмай айту керек, мүмкін, сонда естір құлақ, ілер сана табылар, көбейер. Шұғыл түрде асқынып тұрған дерттерден айығар "ем-дом" іздестіру кажет. Жаңғыруды әркім өзінен, өз отбасынан бастау керек. Ал анау фэнтези жанрында жазылып жүрген альтернативті тарихымыз ол дерттерден емдеуге шарасыз.
Ащы шындық 2017-04-21 15:24:14 деген сорлыға - Ашынған қазақ! 2017-04-21 22:24:56
Сен де "Қазақ ешқашан қала тұрғызбаған, үй соқпаған, жеріне дәнді дақыл, өсімдік отырғызбаған, жерін ешкашан игермеген, сауаттылығы болмаған" - деп былшылдай береді екенсің! Әр ұлттың өз салт-дәстүрі , ұлттық мәдениеті болғанын да түсіне алмайтын не қылған сорлысың а?! Енді: "Қазақ ешқашан балық ауламаған , бақа-шаян , шыбын-шіркей жеуді де білмеген , кемеде жүзбеген , мал бағып жүре берген..." десеңші! Мал бағу, мал өнімдері қазақтың тіршілік көзі болған ғой , оған бау-бақша салудың не қажеті бар , егер үнемі табиғат аясында көшіп-қонып жүрсе? Әйтеуір , тіршілікке қажеттісін өзі өндіріп , тауып , ұрпағын осы заманға дейін өрбітіп отырса болды да?! Қазақ саған ұнамаса , қазақ болуға намыстансаң , онда шүршіт бол, орыс бол , неғыл дейсің?! О несі ай!
Бекжанға 2017-04-21 22:19:48
Сіз осы батыстың үгіт насихатын көшіріп алып, галамторға беталды жүктей бергенді доғарсаңыз болар еді. Алдында да осы православ діні иахудилікке, иезуиттікке жақын деп жазғаныңызды окып едім, соны қалайша ойланбай, ізденбей, дәлелсіз көшіріп жаза салғансыз? Дін жолындағы адам әділ болуға, әділ сөйлеуге міндетті емес пе? Сіздің сол жазғаныңыз ақиқатқа қайшы, шындыққа жанаспайтынына мына менің көзім жетті. Сізді де күмәнді деректің жетегінде жүргенді қойып, дербес ойлауды дағдылауға шақырамын.
Бекжан 2017-04-21 20:35:51
"Абайдың қара сөздері" бізге арапша әріптер арқылы жазған қазақтың кітабы арқылы жетті. Оның үш түрлі нұсқасы болған, екеуі анық архивте болған. Ал үшіншісі қайдан "пайда бола қалғаны" белгісіз, ол Мұхтар Әуезовте болған. Осы соңғысы "Иезуид ордені немесе Сталин саясаты" дайындатқан жалған жазба болуы ықтимал. Абайдың "Қазақ халқының қалай пайда болуы жайлы айтқан ойлары" анығында сол өзгелер зымияндықпен енгізген дүниелер болуыда мүмкін. Сондықтан шынына келсе "Абай жолы" романыда жалғанға толы кітап. Оған бола Мұхтар Әуезовті кіналауға болмайды. Оны солай жазуға мәжбүр еткен Система. Ол солардың айтқанын істемесе Абайдың кім болғанын халық ұмыт қалдырар еді, сыртқы әлем Қазақ деген өзгеше халықтың бар екенін естімесате еді. Қазақтың бойында бар жаман қасиеттердің барлығы дерлік Ресей Империясының отарында болған ғасырлар жемісі. Қазақ халқы "ағысы жоқ көл" тәрізді күйде қалды, оның өзге елдер мен мемлекеттермен қатынастан айырған Ресей Империясы! Ағысы жоқ көл сасиды! Ал өзен сасымайды! Егемендік алған Қазақ енді ғана Алып Өзенге айналды, сабыр етсек және дініміз түгенделсе әлі халқымыз жаман қасиеттерден айрылады инша Алла. Қазақты қайтадан сасық көлге айналдыруды қалайды Иезуидтер билеген Путиндік Ресей.
Ащы шындық 2017-04-21 15:24:14
Қазақ ешқашан қала тұрғызбаған, үй соқпаған, жеріне дәнді дақыл, өсімдік отырғызбаған, жерін ешкашан игермеген, сауаттылығы болмаған, азын аулағы діни сауаттылықты кейінірек меңгерген, үңгірлі мешіттерден басқа жер үстіне мешіттер соқпаган. Бар бітіргені- қой бағу, ойын сауық, той думан, айтысу, дау дамай, ұрыс керіс, бірін бірі алдап арбап, мал жинау, жағымпаздық, жалкаулық, күншілдік т.т. Соған көз жеткізу үшін Абайдың кара сөздерін қайта оқып шығыңыз.
Мәдениеттанушы 2017-04-21 12:54:30
Кара жорға» халықтық биіне айнала алмайды . Халықты алдай алмайсыз Эстетикалық талғам деген бар Шаманизм мен моңғолдың ықпалы көрініп тұр Басқа билер керек
Ерғали 2017-04-21 12:43:45
Жарас ағамыз дұрыс айтады, жастардың елді, жерді сүюге бірден бір әсер ететін факторлар осы өзіміздің кодымыз. Сақтап қалу керек. Өскелең ұрпаққа жеткізу керек.
Гаухар 2017-04-21 12:41:48
Қазақты қазақ ететін де осы қасиеттер, осы ерекшеліктер емес пе?!
Дарын 2017-04-21 12:41:02
Атам заманнан келе жатқан мәдениетіміз, тарихымызды, тіліміз, дінімізді жастарға мұра етіп, бағыт бағдарын көрсететін жақсы материал шықты. Соны барынша дәріптеу қажет деп ойлаймын.
Дамира 2017-04-21 12:26:10
Рухани бай болып қана өз дегенімізге жете аламыз. Сондықтан Елбасымыздың бастамасы өте орынды.
Аскарбек 2017-04-21 12:24:59
Ұлттық код деп әдемі айтылған екен, өте дұрыс әр ұлтты ерекшелейтін де, айырмашылығ да сол кодында. Біз өз кодымызды барынша сақтап қалуымыз керек.
Жаннұр 2017-04-21 12:03:15
Ұлттық құндылық та ұлттық код та алғашы орында тұрғаны елдің әлеуетін арттыруға да үлес қоспақ.
Эльмира 2017-04-21 11:45:59
Елбасы жақсы бастама көтерді. Енді ел болып қолдауымыз қажет.
Бекжанға қазақ 2017-04-20 22:33:00
Бір кездегі қазақтың жылқысы мен садағының қазір керегі қанша, олар мақтанатын нәрсе емес қой. Қазіргі қазақтың қолы неге рулық айтыс-тартыстан, сөз қуалаудан, ерігуден, мақтанудан, бос сөз бөспе тарихтан, той-думаннан, қолы тимейді?Ол қашан өнім шығарады, кірпіш қалайтын болады, шығаратын заты бәсекеге шыдайтын болады? Бекжан, өзің қашан нақты іспен айналысып, мына бос сөз тарих айтуды қойып, ең болмаса жақсы пошташы сияқты нақты жұмыспен айналысасың?
Бекжан 2017-04-20 22:05:27
"Көшпенді болу артта қалушылық", қазақтың қалалары болғанын дәлелдеу арқылы патриотизмді көтерміз деу қателік. 15 ғасырға дейін Евразияны билеген Қазақ халқы болды. Ол батырлығынан емес, ол оның жылқысы көп көшпелі болуы мен ат үстінде садақ тартқан халық болуымен байланысты. Неге ертеде қалаларды биік дуалдармен қоршады отырықшы халықтар! Өйткені олар көшпелілерге тікелей соғыста тең келе алмайтын. Өйткені отырықшыларға қолда көп жылқы ұстау мүмкін болмады. Жылқы сол заманның "танкісі" немесе "әскери самолеті" болатын. Осы себептен отырықшы халықтар аз ғана жылқысын "көзінің қарашығындай сақтауға тырысты, жылқы тек қала басшылары мен байларда ғана болды. Осы себептен отырықшыларда "жылқы етін жеу күпірлік" деп танылды. Ал қазақ көшпелі болғандықтан жылқысы көп болды және шауып келе жатып ат үстінде садақ тарту қазақ үшін үйреншікті іс болды. Осы себептен Евразияның барша даласы Қазақтың қол астында болды, қала тұрғындары қошап алып тығылып отырды сыртқа шығуға қорқып. Қазақ қалада тұруды қаламайтын еді. осы себептен тарихта "Қараханиды қалада тұруды қаламайтын. Олар қалаға басшы етіп қала тұрғындарынан сенімді адамдарын сайлайтын, ал өздері қала жанындағы далада киіз үйлерінде тұруды жөн санайтын" деген деректер сақталды. Қараханиды дегендері "Қазах хандығы" атауын Ресейдің бұрмалауымен шықты. Олар Қарахан емес Қазақтар болатын. Отырықшы халықтарда 15 ғасырда жаппай мылтық пайда бола бастады. Мылтығы бар отырықшылар көшпелі Қазақты "алыстан атып тастайтын" мүмкіндік алды. Енді жылқы мен садақ Қазаққа еш көмек бере алмады. Осылайша Көшпелілердің заманы өтіп әлем билігі отырықшыларға өтті. Осыны дұрыс түсіну керек!
Бекжан 2017-04-20 21:45:30
Қазақ халқының патриоттығын көтеру үшін "Қазақтың сол Хунь мен Сақ халықтарының заңды жалғасы" екенін дәлелдеп көрсету керек. Соны дәлелдесеңдер "Қазақтың анау Қытаймен құрдас көнеден бар ұлт екенін" дәлелдейсіздер, өйткені ежелгі Хунь мен Сақ халықтарының даңқты тарихын әлем мойындайды. Қазақтың сол дақты екі халықтан тікелей жалғасқанын ҚАЗАҚ атауы арқылы дәлелдеу керек. Хунь атауын қазақшада Құң болады, бір қарасң мағынасы жоқ тәрізді. Хунь мен Қытай халқы тарихта тығыз қатынаста көршілес болды, ал қытайда "Р" дыбысы жоқ. Хунь атауының артына Р әрпін қойсаң ол Хуньр болады. Хуньр деген бізше Құңр (қоңыр). Хуньдар дала халқы, сондықтан дала желі мен күн ықпалымен өңдері Қоңыр болған халық (қазақта солай қоңыр түсті ғой). Өзін Қоңыр деген көршісін Р дыбысы жоқ қытай Хунь деуге мәжбүр болған. Ал бойлары аласа әрі саны көп көршісін Құңр халқы Құрттай деп атаған. Р дыбысы жоқ чиналар Құрттай атауын Хуутай деп кеткен. осылайша олардың атауы ҚЫТАЙ болып қалыптасқан. Қытай көршілері Хунь деп атаған ұзақ замандарда Құңр халқыда өздерін Құң деп танып кетті, европаша ол Гунн болып аталды кейін. Хунь (құң) халқы бірінші ғасырды біздің жерге келіп Сақ халқына қосылып кетті, бұл даусыз тарихи факт. Билік Хунь халқында болды, осы себептен біздің аймақты Алтай түркілері Құңзақ деп атаған. Осы атау 4 ғасырға дейін сол аймақта отырғандардың халықтық атауына айналды. Яғни біздің жердегі Сақ пен Хунь халықтары бірігіп Құңзақ деген біртұтас халық болды. 7 ғасырға дейін бұл атау Қазақ болып өзгерді, өйткені Құңзақ атауынан "ұң" деген бөлігі түсіп қалды. Осылайша Құңзақ әуелі Қзақ болды, сосын ол Қазақ деп дұрыс дыбысталып орнықты. Осы факті Қазақ халқы ежелгі Сақ пен Хунь халықтарының біздің жерде тарихи бірігуімен қалыптасқанын анық көрсетеді. Ал 7 ғасырда Батыс Түркі қағанаты әскері Закавказені басып алды және олар азияттар екені айтылады. Олардың халықтық атауы Қазақ болғанын жоғарыдағы фактілер айқындайды. Закавказеден кейін қуылған көп қазақтар Донға барып орныққан 12 ғасырда және олардың кейінгі ұрпақтары християн қабылдап Шіркеу тіліне көшіп "орыс КАЗАК" деген топқа айналды. Сол "орыс Казак" дегендердің ескі тілдері "қазақша" болғанын Ресей ғалымдары мойындаған және академик Бартольд "Казактардың шығу тегі Қазақтардан" деп анық тұжырым жасаған. Осыларды көре тұра сіздер ескі ресейлік империя жырынан бас тартпайсыздар ғой.
Авторға Қазақ 2017-04-20 21:36:28
Автор не деген масқаралық бұл???!!! Ел басын "25 жыл толғатқан болар" деп әйелге теңегенің не деген дөрекілік? Осындай насихатшыларға мақала жазуға жаппай тапсырма бергенде оны жаздырушылар мен қабылдаушылар олар осыны дұрыстап жаза ала ма, сауаттары, түйсіктері, мәдениеттері жете ме деп ойламайтыны несі??? "Біздің бабаларымыз ежелден қала тұрғызып... отырықшы, жартылай отырықшы болып" керемет"болған дейді. Көшпенділер керемет мықты болса ХХ ғасырдың басында адамзат өркениетінің ең соңында шөре-шөре деп, мал бағып қалып қойғаны қалай? Не себептен қырылды әрбір екінші қазақ аштан? Осы уақытқа дейін қазақтың тек алыпсатарлықты ғана меңгере бастағаны қалай? Үйін өзбек пен қырғыз салып береді, көкөнісін өзбек әкеп қымбатқа сатады, дамбалын, ішкиіміне дейін қырғыз тігіп әкеп қазір қымбатқа сататыны қалай? Осы уақытқа дейін қазаққа тікелей қатысы жоқ көк түрік, жоқ түрік, бос түрік деп тас балбалдарға табынғанша, иллюзия мен елесті, бос ертегі мен аңызды қойып, нақты уақытымызда неге өмір сүрмеске? Неге нақты материалдық байлықтарды жасауды үйреніп, әлемдік өркениетке киіз үй мен бос ұйқасқа құрылған айтыс-майтыс дегенді доғарып, нақты құнды материалдық, техникалық жаңалық ұсынбасқа ? Той әншілері дегендерді эфирге де жолатпай, тойға да жолатпай қиқаң-қиқаң, итең-итеңдеріңді басқа жерде көрсетіңдер деп неге қумасқа? Бастысы - біз қандай мемлекет құрғанбыз? Оны басқаратын министрлер, генералдар, премьер министр, басқа да бастықтар түрмеде отырса пара мен коррупция, ұрлық үшін? Басқасы шетелде қашып жүр? Ішінде бұрынғы әкім де бар? Бұл коррупциялық мемлекет кімнің мемлекеті сонда? Кім үшін құрылған? Егер менің жұмысқа, еңбекке, жалақы алуға деген правом жоқ болса? Айтыңдаршы? Латынша қазіргі банкирлер мен соларға керек, бизнеске керек, соларға ол керек болса өздері ғана үйрене бермей ме? Ғалымдар төрт ай жалақы алмайды. Не үшін? Сартқожа ұлы! Есіңде болсын, сен оны нақты білесің, білмегенсіме! Ол балбал тастар сенің зерттеген тастарың, кезіндегі күн көріс көзің. Саған әлі азық болып жүр.Оны бұл жерге тықпалама. Халықтың бүгінгі жағдайы оны түсінбейді.
Қайырхан 2017-04-20 21:04:36
Рустем Досымкулов сен миында түк те жоқ екен, өзін айтып отырған кенестік қоғамның өзі нағыз ертек өзі болатың комунизімнің елесі туралы ертекті тыңдап жүргенде ол қоғамның шанырағы ортасына түскен жалғасын анау косрев пен ахметов беді содан барып тыңда, бұл ертек емес ұлтың мұдесі,сен сияқтылардың қорқуыда дұрыс мынадай топас санан мен сен сияқтыларға жана уақытқа ілесу онай болмайды
Бекжан 2017-04-20 20:58:39
Осындай тарихи фактілерді көзге ілместен Қазақты кеше пайда болды деп қателесулеріңізге не себеп Сартхожаұлы аға? Ғалым адамдарда Қисынды ойлау, аналитика жасай білу деген болуы керек ғой. Әлде қазақ ғалымдарының "қонаққа барып ет жеуден қолдары босамайма". Осы себептен олар басын қатырмай "Орекең айтқанды қазақшалап" ұлтын алдаусыратып отыра береме.
Бекжан 2017-04-20 20:53:23
Сартхожаұлы Маңғолиядан келген ағамыз. Сондықтан болар "Маңғол 9 ғасырда пайда болды, Шыңғысхан маңғол" деп жүргені. Ал өз халқын "қазақ Шыңғысхан заманынан кейін пайда болған" мағынасындағы пікір айтады. 13 ғ. араб тарихшысы Ибн әл Асир "Шыңғысхан әскері закавкаказедегі Аландар мен Кашактар әскерімен қақтығысты, сонда Шыңғысхан әскері Кашактарға "сендер мен біз бір ұлтпыз, ал Аландар бөтен" деп үгіттеп өз жағына шығарды" деп жазды. Араптар мен грузин жазбалары Кашак деген сол халықты Византия жазбасы "страна Касахия" деп көрсетеді және Касахия елі 9 ғасырда Закавказе даласында отырғанын көрсеткен. Азарбайжанда араптар 8 ғасырда көрсеткен Қазақ қаласы әлі тұр және сол жерде Қазақ сұлтанаты 15 - 18 ғғ. болды. Сонда Шыңғысхан әскері маңғол болса олар Закавказедегі қазақтарға "біз бір ұлтпыз" дерме еді. Кашак деген Қазақ, ал Алан дегендер кәзіргі Балқар мен Қарашай және Дигор-осетиндердің ортақ ата бабалары. Балқар мен Қарашай тілдері Қазақ тіліне өте жақын, ал Дигор тілі осетинделген ұзақ заманда. Демек Алан мен Кашак дегендер одақтас болғаны сол тілдерінің туыстығынан. Алайда Шыңғысхан әскері қазақтар болғандықтан закавказелік Қазақтар олармен бір туыс, ал Аландар болса сәл бөтен. Закавказені 626 жылы біздің жерден барған Азияттар жаулап алды, ол анық факт. Ондағы Кашак немесе Касах дегендер сол барған азияттардың ұрпақтары. Олар закавказеде Қазақ деп аталса демек бізден барған азияттардың ұлттық атауы Қазақ болғаны. Осы фактттың өзі Қазақ ұлты 7 ғасырда өз жерінде бар болғанын дәлелдейді. Оның үстіне мына қытай бізді Хаса деп атап келді және қытай жазбасыда 7 ғасырда Қашқардан бері отырған елді Хаса деп көрсеткен. Пакистан мен Индия аймағын жаулап барған Түркі Қағанаты әскерін ежелгі арап жазбалары Халаж деп көрсеткен және Халаж деген тайпа емес ел деп көрсетеді. Арапша жазылуында Қазақ атауын Халаж деп қателесу оп оңай. Сосын 10 ғасырдағы парсы Фердаусидің атақты "Рустам батыр" жырында Арал теңізі аймағына меңзеп "ол аймақта Қазақ Хандығы бар, оның халқы ат үстінде найза ұстаған жауынгер Қазақ халқы" деп көрсеткен. Ол замандағы хандықты ресейліктер Қараханиды мемлекеті деп кетті, ал Қарах пен Қазах атауларыда арапша жазуда бірдей. Осындай
Лариса 2017-04-20 20:37:05
Латын қаріпін енгізсек, тарихымыздың қайда жаңғыруына өз септігін тигізеді.
Жарас 2017-04-20 20:35:41
Елін, жерін сүйген халық қана мемлекеттің жоғын жоқтап, барынша қолпаштап отырады. Жастарымыз болса түрлі провокаторлардың сүргініне түспейді.
Кайрат 2017-04-20 20:32:27
Елбасының мақаласында көрсетілген пункттардың барлығы орынды. Біз ақырындап етегімізді жиып, тәуелсіздігімізді қорғай білуіміз керек.
Бәкен 2017-04-20 17:57:46
Сонда бұлар , "үлкен кісі" мақала жазғанға дейін қайда қараған?! Енді бәрі керемет "ақылгөй" бола қалыпты!
Рустем Досымкулов 2017-04-20 16:47:36
Осындай автор сияқты ертек айтқыштардың мақалаларын оқып отандық сайттарды оқығың келмей қалады
Рустем Досымкулов 2017-04-20 16:44:05
Жалпы Кеңес одағы кезінде біз республика болдық, ғылым академиясы пайда болды, Павлодарда тракторлар шығарылатын, миллиард пуд астық жинағанбыз, тегін путевкалар болған, жұмыссыздық жоқ болған, оқу тегін болған. Соның бәрін сақтап қалу керек еді егер егеменді ел болғымыз келсе, ал кәзір экономикамыз не болды, өзіңіз де білесіз, ертектеріңізді айтқанды қойыңыз, оқырмандар бала емес.
Арыстанбек Абуұлы 2017-04-20 16:40:57
Қазақ халқының ұлттық құндылықтары қарапайым да, ұғынықты, ерсі жері жоқ. Ал, бұл жолдауға қатысты айтылып жатқан сөздер "Кештеу жолданды", "25-жыл күттік" деген реніштердің бәрі бекер. Аталарымыз бұл жағдайға қатысты : - "Асықпай жүріп, аңдап бас" немесе "Ештен кеште болса жасалғаны" деп жатады. Бұл үндеу дұрыс. Алып қашпа қысыр сөзді өрбіте бермей, осы үндеуге илануымыз керек. Өзінің жанұясы мен қоғамға, бала тәрбиесіне не керек екенін білмейтін адамдарға (адасып жүргендерге) бұл нақты бағдар. Мақтағандық емес, жаңғыратын, ұлттың болашағын ойлайтын уақыт жетті.
Арыстанбек Абуұлы 2017-04-20 16:36:09
Қазақ халқының ұлттық құндылықтары қарапайым да, ұғынықты, ерсі жері жоқ. Ал, бұл жолдауға қатысты айтылып жатқан сөздер "Кештеу жолданды", "25-жыл күттік" деген реніштердің бәрі бекер. Аталарымыз бұл жағдай

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2555
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3338