Өзіміз армиядан қашып жүріп...

Өзіміз армиядан қашып жүріп, "Олар не үшін соғысты?" - деп аталарымызды күстаналайтындарды түсінбеймін.
Соғыс басталып жатса, 180 градус артқа бұрылып алып, тым-тырақай қашуы керек пе еді, əлде ер-азамат майданға аттанып жатса, "Аяғым майтабан" деп қыз-қырқынға қырғидай тиіп ауылда қалуы керек пе еді? Əлде қоңызмұрт Гитлердің алдынан "Айналайын Гитлер. Соғыс бастағаның үшін рахмет. Ішіміз пысып жүр еді. Соғыс көріп рақаттанып қалатын болдық" - деп гүл алып шығуы керек пе еді?
Ержан Тәліп
Facebook-тегі парақшасынан