Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 52560 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 12:54

Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат

Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан.

Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым.(1.049.150. sq. miles). Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы - Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.). Мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.

Халық саны - 16, 036 млн. адам. Халықтың тығыздығы: 1 шаршы метрге. 5,9 адам.

Астанасы- Астана (1997 жылғы 10 желтоқсаннан). Халық саны 684,0 мың адам.

Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, оның 41-і - республикалық және облыстық бағыныстағы, 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік және 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.

Мемлекеттік тілі - қазақ тілі, мемлекеттік мекемелерде және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен тең қолданылады.

Ұлттық мерекелер - 30 тамыз - Конституция Күні, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік Күні

Ақша бірлігі - теңге, 1 теңге = 100 тиын. 1993 жылғы 15 қарашада енгізілген.

Мемлекеттiк құрылысы. Қазақстан - 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы - Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екi адамнан сайланады. Сенаттың 7 депутатын Парламент өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс республиканың әкiмшілік-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бiр мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жетi депутаттан және партиялық тiзiм бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады. Президент Үкiметтi Конституцияда белгiленген тәртiппен құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестiң төрағасын республика Президентi тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жергiлiктi мемл. басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат) және атқарушы органдар (әкiмдiк) жүзеге асырады.

Табиғи-ресурстық әлеует

Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделееев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, 70 бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.

Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрін қамтитын 493 кенорны белгілі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттың барланған қорлары бойынша бірінші, күміс, қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша  екінші, мыс пен флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.

Қазақстан пайдалы қазбалар қорларының көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында хром кендері және қорғасын бойынша бірінші, мұнай, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель және фосфорлы шикізат қорлары бойынша  екінші, газ, көмір, алтын және қалайы бойынша үшінші орында тұр.

Республика күмісті, хромитті, қорғасынды және мыршты өндіру бойынша бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфатты шикізатты өндіру  бойынша  екінші орында, алтын өндіру бойынша үшінші орында тұр. Қазақстан республиканы әлемнің ірі мұнай өндіретін мемлекеттерінің қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін  батыс өңірінде шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай қорларына ие. Онтүстік Торғай ойпатының шегінде жаңа мұнайы бар ауданның ашылуы Республиканың мұнай өндіруді одан әрі дамыту перспективасын кеңейтеді.

Қазақстанның бар пайдалы қазбалар қорларын геологиялық - экономикалық бағалау нәтижесі бойынша экономикалық маңызы бойынша көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромиттер, алтын, марганецтің ең үлкен салмағы бар.

Қазақстан еуроазиялық құрлықтың ортасында орналасқандықтан оның транзиттік тасымалдары саласында айтарлықтай көліктік және коммуникациялық әлеуетін алдын ала анықтайды және әлемнің көптеген елдері үшін мүдделі болып табылады.

Республиканың көліктік және коммуникациялық кешені темір жол, әуе, теңіз, өзен, құбыр жолдарының көлігімен, автомобиль жолдарының желісімен және телекоммуникациялық жүйелерімен көрсетілген.

Темір жолдардың жалпы ұзындығы 14,2 мың км.

Жүктердің көбі темір жол көлігі арқылы тасымалданады. (2010 жылдың 8 айында 170,8 млн. тонна жүк тасымалданды).

Ортақ пайдаланатын авто жолдардың ұзындығы 93 мың км асады, соның ішінде республикалық маңызы бар авто жолдардың ұзындығы - 23,5 мың км.

Теңіз кеме қатынасы Каспий теңізі арқылы жүзеге асады.

Негізі теңіз порттары - Ақтау және Баутино, олар арқылы Иран және Әзірбайжан елдеріне тікелей өтуге болады.

Республиканың әуе көлігін «Эйр Қазақстан» Ұлттық акционерлік әуе компаниясы және басқа әуе компаниялары танытады. Түркия, Қытай, Индия, Германия, Австрия және басқа елдермен тұрақты әуе қатынастары ретке келтірілді.

Қазақстанның телекоммуникация жүйелерін «Қазақтелеком» Ұлттық акционерлік компаниясы және басқа көптеген компаниялар танытады.

http://www.akorda.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2124
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2534
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2263
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1641