Өзбекстанда алдағы 10 жыл ішінде экономикалық өсу және өркендеу болмайды
Өзбекстанда алдағы 10 жыл ішінде экономикалық өсу және өркендеу болмайды. Себебі жаңа президент Ислам Кәрімовтің ескі жолымен жүріп, мемлекет үшін ауадай қажет болған саяси реформаларды қолға алған жоқ. Бұл туралы оппозициядағы Өзбекстан «Бірдәмлік» Халық-демократиялық қозғалысының төрағасы Баһадір Чориев мәлімдеді.
Орыс, өзбек, ағылшын тілдерінде баяндалған және PDF форматында оқуға болатын материалда Чориев билікке келген жағдайда не істейтіні жазылған. Сондай-ақ, Өзбекстан экономикасын реформалау жобалары баяндалған. 2004-жылдың 10-сәуірінде құралған «Бірдәмлік» ұйымы республикадағы «кәрімов-мирзияев жүйесіне» қарсы күш жұмсамай күрес жүргізуді және мемлекетте саяси реформалар жасауды өз мойнына алып отыр.
Чориевтың айтуы бойынша, Өзбекстан «екінші дүниежүзілік соғысында тас-талқаны шыққан Еуропаның, дәлірек айтсақ, Германия және Жапонияның жолын таңдауы қажет. Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты мемлекеттер тәжірибелерін ұтымды пайдалануы керек.
Өзбекстан алда мынадай негізгі қадамдарды жүзеге асыруы қажет:
инвесторларды тарту үшін ыңғайлы жағдайлар жасау;
экономиканы түгел базар жүйесіне көшіру;
инвесторлар және жергілікті іскерлер, өндірушілер, диқан және фермерлер, барлық өзбекстандықтар көмегімен ерікті бәсекелестікке шыдайтын экономикалық ортаны түзу қажет.
Бұл құбылыс елді дамыған мемлекеттер дәріжесіне көтереді».
«Елді дамыту жолындығы негізгі шараны бастау және оны жүзеге асыру үшін төрт-бес жыл айналасында кемінде 200 млрд АҚШ доллары шамасында кредит алу қажет. Бұл капиталдар күйзеліс жағдайларын аяқтауға жұмсалады» дейді Чориев. Содан кейін «валюта-кредит» саясатын реттеу және валютаның қара базарын жоғалту қажет. Өзбекстан банкілері ұлттық валюта – сумды ешқандай кедергісіз айырбастай алатын болады. Ал бір жылдан соң мемлекетте жаңа ақша – «турон» бірлігі енгізіледі.
Өзбекстандағы проблемаларды шешу үшін неге дәл сондай жол ұсынылып тұрғанын және ол мемлекетті қандай жағдайларға апаратынын білу үшін Баһадір Чориевтың PDF форматындағы орыс, өзбек, ағылшын тілдерінде басылған мақаласының толық мәтінімен танысу керек.
***
Ескерте кетейік. Баһадір Чориев АҚШ-та тұратын саяси босқын. Ол Өзбекстан президенті болуды армандайды. 1969 жылдың 31-қазанында Қашқадарья обласы, Шахрисабз ауданында туылған. 1986 жылда Томск политехникалық институтының кешкі бөлімінде оқуға түскен және Томск қаласындағы №17-профессионалдық-техникалық училищесінде оқыған. 1987 жылдан 1999 жылға дейін Томск қаласындағы «Контур» зауытында радиомонтажшы болып жұмыс істеген, әскерде болған. 1989 жылы үйленген, төрт баланың әкесі. Өзбекстанға оралып 1999-жылда «Кеш» ашық акционерлік қағамын басқара бастаған.
2001 жылы «экономикалық қысым жасаған» деген негізсіз кінә тағылып алты жылға бас бостандығынан айрылған. Жарты жылдан соң Чориев амнистияға түсіп, бостандыққа шықты.
Ол Өзбекстанның ресми тұлғаларына қарсы акциялар ұйымдастыруға тырысты. Бірақ, белгісіз адамдар тобы оған қарсы шығып, ұрып-соққан. Осындай бірнеше ауыртпалықтардан соң, ол мемлекетті тастап АҚШ-та саяси босқын статусын алған. АҚШ-та ол жүк тасымалдайтын «Кеш» компаниясын ашты. Бірнеше рет Өзбекстанда да, Америкада да келіспеушілік акцияларын ұйымдастырған. Ол Өзбекстанда реформалар өткізуге арналған бірнеше мақалаларын ақпарат құралдарында жариялаған.
Рузи Азими
Abai.kz