Бейсенбі, 17 Тамыз 2017
Не дейді?! 4846 36 пікір 21 Шілде, 2017 сағат 11:50

Назарбаевтың "латынына" Атамбаев қарсы шықты

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне өту туралы бастама көтеріп, Үкімет пен құзырлы органдарға 2025 жылға дейін нақтылы тапсырма бергенін білесіздер.

Қазақстан Президентінің бұл бастамасын Қырғыз Жоғарғы Кеңесінің депутаттары да құп ала жөнелген. Тіпті, латын әліпбиін түзу процессін қазақ-қырғыз ғалымдары бірігіп жүргізуі керектігін де қырғыз депутаттары айтты.

Ал Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев болса, латынға өтуге қарсы көрінеді.

20 шілде күні өткен "Алтай өркениеті және алтай тілдік отбасының туыс халықтары" халықаралық форумында ол латын қарпіне өтуге қарсы екендігін мәлімдеді.

"Бөліп ал да, билей бер" дейтін пантюркизм қағидасы біздің халыққа қарсы Ресей империясында да, КСРО-да да қолданылған.  Мәселен, түркі халықтарының классификациясын топтар бойынша қарастырып көрейік. Олардың бірінде алтай, қырғыз, қазақ, қарақалпақ, тарат және башқұрт тілдері қыпшақ тобына жатады, оның құрамында хакастар мен шорлар бар, алайда қырғыздардың өзі жоқ. Негізі бұл халықтардың бәрі бір топта болуы тиіс, себебі сол тілдердің өкілдері өз тілдерінде бір-бірімен ешқандай аудармашысыз еркін сөйлесе алады", - дейді Атамбаев мырза.

... Осылай дей келіп Қырғыз Президенті Атамбаев Қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың латынға көшу туралы бастамасына байланысты қырын пікір білдірген.

"ТМД-ның латынға көшіп жатқан "кейбір" елдері жайлы: "Біреулер латын қарпі дамыған мемлекеттердің емлесі дегенді айтады. Бірақ Қытай мен Жапония латынсыз-ақ дамыды. Біз неге Ресейде тұрып жатқандарды - башқұрттарды, татарларды ұмытамыз? Олар кирилл қарпінде қала береді ғой. Дәл солармен біз тілімізді дамытып, өзара байыта алар едік", - деді Атамбаев "Алтай өркениеті және алтай тілдік отбасының туыс халықтары" халықаралық форумында.

Қысқасы, "кейбіреулер" мен "біреулердің" қазақ тілін қазіргі қолданыстағы кирилл әріпінен тазалау бастамасы Атамбаевқа жақпапты. Жақпағанда, Ресей Федерациясында тұрып жатқан түркітілдес халықтардың бізден бөлініп қалатынын алға тартып оты ол. Сіз бұған не дейсіз?

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

36 пікір
азат 2017-07-25 09:34:56
Атамбаев молодец
Габит 2017-07-24 16:17:42
Айта берсін. Бастысы, өзіміз нені қалайтынымызды, неге ұмтылатынымызды білеміз. Мақсатымыз бар. Енді соған ешкімді тыңдамай, нық баса жетуіміз керек.
Ардақ 2017-07-24 16:10:07
Қарсы болсын, болмасын, біз өзімізге ыңғайлы, пайдалы жолмен жүреміз, Тұлға ретінде пікірі сыйлы дегенмен. Бірақ қырғыздардың да біздің жолымызды қуып, өз әріптеріне оралғандары жөн.
Аяла 2017-07-24 08:30:50
Бұйыртқаны болады. Ғалымдарымыз бұл бағытта қызу жұмыс жасап жатқаны белгілі. Іші күйгендер тұз жаласыншы.
Бекдаулет 2017-07-24 08:30:06
Өзге біреудің пікірі бізге қажет емес, өзіміз білеміз қайда көшіп, қай жазумен жазарымызды? Енді сол Атамбаевтан ақыл сұрау қалды ма?
Наргиз 2017-07-24 08:29:04
Өз басым Атамбаев туралы дұрыс пікір айтқым келмей отыр. Айтқанында түк те салмақ жоқ. Қазақстанға келгенде өтірік күліп, бергенімізді алып кетіп, өз еліне барғасын басқаша пікірін айтып жатады, ондайларды екі жүзді дейді.
C-ға 2017-07-23 15:08:03
Ол латын әріпін қайтейін деп ең, қуырып жейсің бе, жоқ жыртығыңды жамайсың ба ?
С 2017-07-23 13:54:06
Сөзіміз көбейіп кетті, бекітілген латын әліпбиін қашан көреміз?
қазақ 2017-07-23 06:34:56
Атанбайев езбесін езбесін. бодандықтағы татар мен башқұрт үшін тәуелсіз елдің мүдесін құрбандыққа шалайық дей ме сабазың. піл мен тышқанды салыстырғандай қытай мен жапонды мысалға алғаны тіпті қисынсыз. 250 милион доллар қылтан болып кеңірдекке қадалып тұрса, пұтлерге жағынып қылғынбаған да қайтсін. латынды қаламаса кірішиан болып қырғыздар қала берсін. Кенекемнің алтын басын сөлкебайға сатқан олар қазақтың алдында қарабет екенін ұмытқалы қашан. енді келіп өзіне жетпей тұрған ақылын елге айтқыш. алтын тақта отырған сабаздардың кейде өстіп ұйықтамай сандырақтайтыны бар жұртқа масқара болып.
жасұлан 2017-07-23 03:53:13
кенесарының басын алғандар қазақтың тілін қайтсын
Erbol 2017-07-22 22:33:57
Latin aribine koshken duris
Ерко 2017-07-22 17:05:13
Атамбаевтың сондай қулығы бар, орыстарға жағымпазданып айтып тұрған түрі ғой
Тлек 2017-07-22 16:43:42
Осындагы Жай Казактын пикири оте дурыс. Кыргыз орыстын акшасына кун коруде. Москвада кыргыз гастарбайтерден коз суринеди.
Әділ 2017-07-22 00:10:22
Біздің басты мақсатымыз бір қазақ тілді мемлекетке айналу.Бүкіл халық білетін қазақ алфавиты арқылы қазақ тілді мемлекетке айналамай жатқанда,латын алфавитына өткенде бір қазақ тілді мемлекетке айналады дегенге қалай сенерімді білмей отырмын,ал айналған жағдайда арманымыз орындалдау деп қуанамын.Әр адам өз пікірін айтуға құқылы және оған ренжудің қажеті жоқ деп ойлаймын.Егер халық қажет деп тапса бүкіл халықтық референдум өткізу арқылы заңды күшіне енгізуге болады. Егер қаражат жеткілікті болса талай Астана сияқты қалаларды салуға болады,бірақ тілді өлтіріп алсақ қанша қаражат жеткілікті болғанмен қайта тірілту мүмкін емес .
жəй Қазақ 2017-07-21 23:44:25
Атамбаев қалай айтпасын, Орыс Қырғыздың 250 млн. $ қарызын кешті. Оның сыртында жыл сайын 30 млн $ төлемсіз қөмек бермек. Не үшін екені жасырын, ашық ештеңе айтылмады. Татар, Башқұрт дегені жəй сөз, 300 жыл дамытпаған Орыс жіби қоймас. Айтылған келісім "сүрленгенше" Қырғыз Латын емес Кирилица дейді ғой. Біздің Латында Кремльдің қолында, кəзіргі дүмпіл 2025-те не боларын Құдай біледі, орындалуы өте ұзақ. Бұл шаруа Қазаққа аса бір дамып кету үшін емес, Орыстан арылдық дегенді жəриялауға керек..
Мақсұт 2017-07-21 23:09:18
"Если друг презирает тебя, то дают советы". Голдсмит. Назарбаевқа кім ақыл айтпай жатыр, тіпті "Ильичтің" "Кухаркасы" да ақыл айтады...бірақ -қонбайды. "А, Васька слушает, да есть!"
Мейрамбек 2017-07-21 23:02:43
Айна -сен өте сауатты жеткізіп айттың
Қайырхан 2017-07-21 22:52:18
Бұл кісі қазақтың етегінен тартуды қояр емес
Бекжан 2017-07-21 21:50:13
Қазақты қырып салған Чоңқыр елі дегендер осы Қырғыз болатын. Қырғы деген тайпа мен Ойрат қалмақ тайпасы діні бір болған заманда бірге мемлекет орнатқан. Ол мемлекет Чоңқыр (үлкен қырғы) деп аталды. Чоңқыр атауы тарихқа бұрмаланып Жоңқыр немесе жоңғар деп енгізілді. Яғни Жоңғар дегендер осы Қырғыз елі, олардың таулы аймақты басып алып ондағы қазақтарды өзіне сіңдіріп алған бөлігі Ислам дінін қабылдау арқылы Қазақтардың ашуынан Аман қалды. Қырғыздар Орта Азияға тек кеше келгендіктен өңдеріде маңғол буряттарға жақын. Олар Исламды кеше қабылдағандықтанда олардың мұсылмандығы шала, осы себептен олардың опасыздық жасауға дайын тұратыны. Кенесары Ханымызды солар орға жықты, мына Атамбаев Путинге жағу үшін қазақты түгел сатып жіберетіні анық болар.
мейрам 2017-07-21 19:37:13
Біз бұларды бауырымыз, бір туғанымыз деп жүрсек бұлар сырттан пышақ ұрып жүр екен ғой. Алыстан арбалап бізге қарсы шыққан түрі. Қырсыққанда рухани жаңғырып, әлемді аузымызға қаратып, үздік нәтиже көрсетейікші!
Абай 2017-07-21 19:35:37
кезінде Астананы көшіреміз дегенде бәрі қалай күліп еді, енді тағы да солай күле берсін, ертең біз нәтиже көрсеткенде ауыздарына құм құйылатын болады!
тұрар 2017-07-21 19:35:22
олар артық аяқ басқылары келмейді бастамалар мен идеяларды артық әуре көріп, сол ескі қалыптарында жата бергенді жөн көреді. Сондықтан бізді түсіне қоймас.
Қарақат 2017-07-21 19:35:06
Тәуелсіздік жағынан жасты, экономика жағынан қатарлас болған көрші мемлекеттің осындай қарқынмен дамып кеткеніне іші күйіп жатқан шығар мұның.
раушан 2017-07-21 19:34:52
Атамбаев көп сөйлемесін, ішітар болса керекті, әр бастамамызға қарсы шыға берді ғой.
Лора 2017-07-21 16:42:12
Мне кажется он сейчас высказывает ради популяции. Чтобы знали, что есть на свете такой президент, как Атамбаев )) иначе как можно понять его мысль?
Жаннат 2017-07-21 16:39:23
Қырғыз елі өз тілін дәріптеп алсын. Мына сөзімен бізге ультиматум қойып отыр ма?
Султан 2017-07-21 16:37:51
Осы Атамбаевтың басқа жұмысы жоқ па екен? Неге юасқа елдің саясатына араласады, егер оның сұрамасақта?
Аргын 2017-07-21 16:32:58
И до сих пор это обсуждают. Уже закон принят. И принят он верно, зачем разглагольствовать без повода, не пойму) Мы не можем отставать в развитии, ожидая пока эти башкиры и татары смогут подняться до нашего уровня.
Дана Қазақ 2017-07-21 15:21:43
БIЗГЕ ОРЫС АЙТТЫ, МОНГОЛ АЙТТЫ, КЫТАЙ АЙТТЫ ЕНДI ЖЕТПЕГЕНI КЫРГЫЗ КАЛЫП ЕДI.
алшын 2017-07-21 15:02:48
Қырғыздар қыпшақ тобына жатпайды . Оғыз, Қарлұқ тобына да кірмейді. Аралық бұтақ. Атамбаевтың билігі бітеді, әлде биліктен кеткісі келмей жүр ме. Кім білсін. Латынға өтетіндей көп қаражаты жоқ.
Айна 2017-07-21 14:20:32
Қазақтар енді жабайы кіркіздерден ақыл сурауы керек пе еді Одан да қазақтың милллиардтаған ақшасын қайтарсын оңбаған сатқын халық жақсылықты білмейтін Кімнің арқасында сол отырған жерлеріне ие болды екен Мына оңтүстүктегі төрт ел кезінде ҚАЗАҚТЫҢ АЙБЫНДЫ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АРҚАСЫНДА АМАН ҚАЛҒАН Әйтпегенде солардың біреуі орыспен шекаралас болса баяғыда татар башқұрттар құсап ресейдің бір губерниясы болып жүрер едік Қазақ халқы ортасында қақпа болып неше түрлі қасіретті көріп соларға орысты көп жібермеген
Сармат 2017-07-21 14:14:54
Латын әрпіне көшуімізге ол қарсылық бере алмайды біз егемеді елміз. Президентімізді қолдап, жүзеге асырайық.
Арман 2017-07-21 14:05:33
Бөтен елдің шаруасында не істеп жүр. Көре алмаушылыққа ұқсайды екен.
Мағжан 2017-07-21 13:57:14
Қырғыздар не десе де біз Елбасымыздың бастамасын қолдап, жүзеге асыруымыз қажет.
МҰХТАР 2017-07-21 13:14:51
ИЯ ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ ОРЫСТАР БАРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРЫН КЕШІРДІ. АЛ ЕНДІ АТАМБАЕВ ҚАЛАЙ ҚАРАЙ КҮЙСЕЙТІНІН ОЙЛАЙ БЕР.
Асан 2017-07-21 12:05:21
Неге ол Назарбаевтың латыны болу керек екен?! Латынды 25 жылға жуық қолданып жүрген Әзербайджан мен Өзбекстан сонда бөліп алып билеп отырма екен? Атамбаев сауатсыз. Бүгін бауырлас халықтарды сатты, ертең отанын сатады. Бізді қойшы, әлі енгізіп үлгергеніміз жоқ. Латын тілінде оқып, латын тілінде жазып келе жатқан өзбек пен әзербайджан халқын тікелей қаралады ғой мына айуан.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2884
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7457