Сейсенбі, 17 Қазан 2017
Рухани жаңғыру 7528 27 пікір 3 Тамыз, 2017 сағат 11:41

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Диірменнің тасындай шыр айналған дүниеде әр ұлт тәуменділіктен, құлдықтан, мойынды қажар отаршылдық қамыттан азат болуды аңсайды. Басқаларды білмеймін, шығысында айдаһардай ысылдап, батысында аюдай ақырған алпауыт елдермен қоңсы қонған қазақ елінің жүрегіне бұл аңсардың қарлығашы ұялағалы 300 жылдан астам уақыт өтті. Сол қарлығаш үш ғасыр бойы «Алаш баласы дербес ел болса екен» деп шырылдады. Бала кезден естіп өскен бір тәмсілді есіңізге алыңызшы... Айдаһар құз басындағы қарлығаштың ұясына шабуыл жасайды. Сол кезде жұдырықтай ғана байқұс құс айдаһарға айбат шегіп, өзі тажалдың аузында кете барады. Балапандары, иә, иә балапандары батыр қарлығаштың шейіттігінің арқасында тірі қалады... «Қазақты егеменді ел етем» деп жарғақ құлағы жастыққа тимей тер төккен, қан кешкен Алаштың оғландары жайлы толғансам болды, сол бір қарлығаш шырылдап, көз алдымда ұшып жүргендей болады.

Мәңгілік ұстаным: ПАРЫЗ

Адам – идеяның құлы. Адам пенде болғандықтан өледі, өшеді, қайтыс болады. Ал, ақ жолындағы, Хақ жолындағы идея ешқашан өлмек емес. Сол Ұлы ұлттық идеяның құлы болу – әр Алаш баласының арманы болуы тиіс. Қазір көптеген азаматтарымыз Әлихан, Ахмет, Міржақып іргетасын қалаған Алаш идеясы бір-ақ күнде, Патша тағынан құлағаннан кейін аяқ асты қайнар сияқты бұр-сарқ етіп шыға келген секілді елестетеді. Орыстың отаршыл жүйесін талқандамақ болған Хан Кененің азаттық күресіне, Абайдың азат ойлы пайымдарына үңілсеңіз «алаштық азат ел» идеясы сан ғасыр бұрын басталғанын байқайсыз. Алашорда зиялылары сол бір халық көкейіндегі асыл арманды тарих сахнасына алып шықты. Бұл идея 1917 жылдың 5-13 желтоқсаннан бастап, 1920 жылдың 9 наурызына дейін, бар болғаны 711 күн саяси сахнада өмір сүрді. Сол 711 күндегі ұстаным бүкіл ұлттың ғұмырлық темірқазығына айналды.

Ол қандай ұстанымдар еді?

Алашордашылардың бірінші ұстанымы – жер мәселесі...

«Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп жүріп, Әлихан Бөкейхан жер үшін күресті. «Жер, жер және жер». Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді» деуі бекер емес. Жер – Отан, ал Отанды сатуға да, жекеменшікке айналдыруға да болмайды. Осы ұстанымның арқасында Алтай мен Атырауға, Сыр мен Арқаға дейінгі ұлан-ғайыр атырап қазақ ұлтына тиесілі екенін ең алғаш алашордашы Әлімхан Ермеков ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. 1920 жылы 14-24 тамыз аралығында Лениннің қатысуымен өткен Халық Комиссарлар Кеңесі бүгінгі Қазақстан территориясын бекітіп, нәтижесінде автономиялы елге айналдық. Сол автономияның территориясына 1991 жылы тәуелсіздік алған кезде ие болып қалдық.

Алашорданың екінші ұстанымы «жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек» деген ұранмен астасып жатты. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалуы керек» болатын.

Осы бір тұста бір қызық дерек айта кетейік. 1950 жылдарға дейін Араб әмірліктері артта қалған елдердің сапында болды. Ағылшын отарлаушыларының өзі ештеңе жоқ болғандықтан, амалсыз бұл аумақты тастап кері қайтты. Ағылшындардың кетуін күтіп тұрғандай 1950 жылы құмды сахарадан мұнай атқылады. Біріккен Араб Әмірліктері 1970 жылдарға қарай әлемдегі экономикасы бай елдердің біріне айналды. Яғни, жер астындағы байлық араб ұлтының ырызғысына айналды. Дәл сол секілді Қазақстан азат ел болғаннан кейін мұнай бағасы қымбаттап, тасымыз өрге домалай бастады емес пе?. Демек, ата-бабаларымыз, сосын Алаш зиялылары бізге аманаттап кеткен жердің игілігін қазақ көруі, мемлекетіміз Біріккен Араб Әмірліктері секілді дамудың даңғыл жолына түсуі тиіс еді.

Әңгімеміздің негізгі арқауына қайта оралайық. Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек» болатын. Бұл үшінші ұстаным бойынша, алашордашылар толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылды. Ең өкініштісі сол, осы эконмикалық тәуелсіздікке әлі қол жеткізе алмай келеміз. Түсіне білген адамға Абай хакімнің өзі: «Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың» демей ме? Алаштанушы Тұрсын Жұртбай ағамыз «Күйесің, жүрек... Сүйесің» деген кітабында Ұлы ақынның осы өлеңін талдап, «бұл жерде Абай экономикалық тәуелсіздікті меңзеп тұр» дейді. Арыдан Абай, беріден Әлихан аңсаған сол бір экономикалық тәуелсіздікке ертеңгі ұрпақ жетеріне сенгіміз келеді.

Алашордашылардың төртінші ұстанымы, «қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек» деген идеямен бекіді. Х.Досмұхамедовтің айтуы бойынша біздің елде «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс болатын. Шындығын айтайық, қазір қазақ баласы осыдан жүз жыл бұрынғы осы ұстаным жолында күресіп келеді. Ол күрес бір сәтке болсын тоқтамақ емес.

Бесінші ұстаным: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді. Алаш зиялылары бұл арманға жете алмады. Әлихан Бөкейханов: «Сөзсіз, Алаш баласы бұл жолы ел болмаса да, жақын арада өз тізгінін өзі алған дербес мемлекет болады», – дегенін әр қазақ біледі. Алаш қайраткерлері ұлттық мемлекет құра алмағанымен, тәуелсіздікке төте жол салып берді. Сонда да Мұстафа Шоқайдың бір сөзін тілге тиек ете кетейік: «Ресей революциясы килікпегенде, қазір қазақ мемлекеті Түркия, Батыстағы, Шығыстағы өзге мықты елдер сияқты болар еді»... Бұл әрине, біздің бір кем дүниеміз...

Алаш зиялылары қазақ санасына осы бір бес ұстанымды шегелеу арқылы өз парыздарын өтеді деп білемін.

Сана терезесі: ҚАРЫЗ

В.О.Ключевский: «Адамның ығына жығылмайтын кісілердің екі түрі болады, біріншісі өзгенің сөзінен, өзінің пікірін табатындар, екіншісі өзінің пікірінде өзгенің пікірін қайталайтындар» депті. Осыған дейін таптаурын болып, айтыла айтыла жауыр болған пікірлерді қайталаудан аулақпыз. Бірақ, бүгінгі қазақ баласы өзгенің (өзге деп отырғаным да өз ғалымдарымыз) сөзінен өз пікірін қалыптастыратындай, сөз таластыра қалса, кез-келген адамды тұқыртатындай деңгейге жетті. Олар мынау ұлы даланың төсіндегі «Жер-Жүрек» тек қазақтың баласы үшін соғып тұрғанын жақсы біледі. Олар сонау Алтай мен Атырауға, Сыр мен Арқаға дейінгі ұлан-ғайыр атырап өздерінің меншігі екенін түйсінеді. Олар түптің-түбінде бұ қазақтың әлемге атой салатынына сенеді. Олар сол себепті біртұтас қазақты сүйеді...

Осы бір ессіз сүйіспеншілік, ұлтқа деген ұлы махаббат қашан, қай уақыттан, қандай жағдайда пайда болды? Бұл сұрақтың жауабын беру өте қиын... Хақ Тағала қазақ деген ұлтты жаратқалы бері біз осы бір өлкені, осы бір ұлтты сүйетін секілдіміз. Бірақ, бірақ, сан ғасырлық езгіні көрген қазақ ұлтының сана-терезесін Алаш оғландары, Алаш оқығандары ашып бермегенде біз қазақты осыншалық дәрежеде сүйер ме едік?!

«Ұлтының сана-терезесін Алаш оғландары, Алаш оқығандары ашып бермегенде» дедік қой... Бұл сөз «біз хат танымайтын қараңғы ел болдық» дегенді білдірмейді.

«Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ», – дейді Әлихан Бөкейханов. Осы бір сөзден-ақ, біраз жайттың бет пердесін сыпыруға болатын секілді. Қазақ халқы бүгінге дейін «орыс қазаққа қара танытты, білім, ғылым Батыстан жетті» деген қасаң оймен өмір сүріп келді. Отаршыл Ресейдің «бұратана халыққа» жаны ашуы мүмкін бе? Жо, жоқ, айта көрмеңіз, бір ғана аштықпен қазақ халқын қырып жібермек болған жүйе Алаш баласының сауатын ашуға талпынбасы хақ.

Біріншіден, қазақ халқы үндістер секілді жер бетінен жойылып кетуі қажет еді. Ол үшін отаршыл Ресей билігі (Патша һәм Кеңестік) ең алдымен шоқындыру, аштық, сосын тың игеру саясатын жүзеге асырды. Діннен айрылған ұлт, ділден айрылады, ұлттығын жоғалтады. Патшалық Ресей шоқындыру саясаттын жүзеге асырады деген ниетпен қазақ балаларын еуропаша оқытты. Бірақ, сол «миссионер» балалары елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап кетті. Олар қазақ баласының санасын оятып, ұлттық мемлекет құруға бет алды.

Мысалы, Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деп ұрандатып, қазақтың әліпбиін жазды. Сол Ахаңдар: «Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы» деп қазақ халқына ұл болар ұрпаққа арнап, білім реформасын жасады. Бұл шоқындыру саясатының сағын сындырды.

Екіншіден, қазақты жоюдың кезекті кезеңін Кеңес Өкіметі қолына алды. Елдің қолындағы бар байлықты тартып алып, бір ұлтты қасақана қырудың жоспарын жасады. Қазақтың 1/3-ін қырған ашаршылық кезінде Алаш зиялылары тағы да атқа қонды. «Аштарға көмек» комитетін құрып, қанатымен су сепкен қарлығаштай елге көмек қолын созды, шамасы жеткенше отарлаушы жүйеге тойтарыс бермек болды. Жер бетінен қазақты жойып жіберу мақсатында жасалған сол нәубеттен аман қалған азаматтың бәрі алашордаға рахмет жаудыруға тиісті.

1934 жылы Климент Ворошилов (КСРО-ның қорғаныс халық комиссары) ВКП(б) ХVІІ съезінде: «Нан керек болған соң біз аштықты әдейі жасадық. Нәтижесінде жұмыс істей алмайтын шаруалар мен кулактар ашаршылықтан өліп, тап ретінде жойылды» деп мәлімдеді. Осыдан-ақ, кеңестік биліктің қазаққа деген көзқарасының қандайлық дәрежеде «керемет» болғанын аңғарамыз. Осыдан-ақ, отаршыл жүйе ешқашан да «хайуандық сапарынан қайтпайтынын» байқатады.

Отарлаушы ел екі мәрте (1921-1922, 1930-1933) ашаршылық жасап, дегеніне жетіп, қазақтың даласын босатты. Енді қалған жұтқыншақтағы қазақты қылқыта салатын «Тың игеру» саясатын жүзеге асыру еді. «Тың игерудің» қарқындылығы соншалық, 1954-1962 жылдары қазақ даласына 2 млн адам көшіп келді. 1897 жылғы санақ бойынша ел халқының 85 пайызын құраған ұлт 1962 жылы 29 пайызға да жетпей қалды. Дәл осы кезде тағы да Алашорданың рухы айбат шекті. Бұл бірақ, ресми дәлелденбеген дерек. Ел ішінде Әуезов бастаған қазақ жазушылары 1953-1954 жылдары сол кездегі республика басшылығына «Тың игеру басталды. Еңбек күші қажет. Қытайдағы қазақтарды елге алдырайық» деп қол жинапты-мыс» деген әңгімені жиі естиміз. Егер де, Смағұл Сәдуақасовтың жан жолдасы болған, Алашорда үкіметін құру жолында Әлімхан Ермековтей аянбай еңбек еткен Мұхтар Әуезовтің бұл ерлігі рас болса, Алашорда идеясы «Тың игеру» кезінде де «ұлттығымыздың тыңына» түрен салған болып шығады. Себебі, 1955-1963 жылдар аралығында Қытайдан келген қазақтар бүгінгі қазақтығымыздың сақталуына ерекше үлес қосты.

Әуезов дегенде еске түседі... Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың ұлы идеясы 1938 жылдан кейін Әуезов арқылы қазақ даласына кең тарап, ұлттың көкірек сарайына ұялап қалды. Сол Әуезовтің шәкірттері исі қазақтың тәуелсіз ел болуға деген аңсарын әрдайым ұлттың есіне салып отырды. Бұл сабақтастық қазір де үзіле қойған жоқ.

Бұдан шығатын бір-ақ қорытынды бар. Қазір қара танитын әр қазақ ұлттың көзін ашқан Ахаңдарға қарыздар! Аштық нәубеттен аман қалғандардың әр ұрпағы алаш зиялыларына – борышкер. Бір сөзбен айтқанда «Абайдың жолы» деп қазақтың жолын көрсеткен Мұқаңдарға, Мағжандарға, Жүсіпбектерге – берешекпіз. Ол қарыз, ол борыш, ол берешек қайтсек қайтады? Бұл сұрақ қазір әр Алаш баласының көкейінде тұру тиіс.

Түйін орнына...

«Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды» дейді Әлихан Бөкейхан. Қазақ ұлты өзіне тиесілі бәйгеге, олжаға қол жеткізу үшін сан қилы тағдырды бастан кешті. Сол кезде ұлтымыз тағы да Әлиханның: «Талас-тартыс жоқ болса, өмір абақтыға айналар еді» деген қанатты сөзінен күш алды. Жоғарыда айтқан тәмсілді қайтадан еске алыңызшы. Біз сол тәмсілдегі тірі қалған балапандар секілдіміз... Ол балапандар қазір қарлығаш емес, қыранға айналып үлгерді. Менің ойымша, ол қырандар «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген Әлихан сөзінің мәнін терең түсінетініне сенгім келеді.

Abai.kz

 

27 пікір
Мейрамбай 2017-10-12 09:35:44
Осы мақала және осы қатарда тұрған тағы үш мақала 2017 жылдың ең үздік материалдары болып есептеле ме????????????????????????????????????????????? Не үшін????????????????????????????????????????????????????????????????? Жауап беріңдер.
Бәукен Әміренге 2017-08-26 14:09:48
Пікірлеріңізге рахмет. Бірақ осындайда қазақтың жалпақшешейлік деген, кімді де болса әділеттілік қиянат көруіне байланысты сұлатып салатын ұғымы бар, турашылдықтың, әділдіктің орнына "сен де жақсы, ол да жақсы, мен де жақсы, аманмын" деген. Сондықтан алашорда туралы "ұйыған айран" араластырылды, санада өзгеріс бар, әділдік толық айтылуы керек деген тұжырымыңызды соңғы түсініксіз пікіріңіз "жеп" қойыпты. Өкінішті. Онан да үндемей-ақ қойғаныңыз дұрыс болатын еді.
Бәукен Әмірен. 2017-08-22 02:53:03
Қанат Әбілқайыр ХХ-шы ғасыр басындағы қазақ тұлғаларының ел ішіне дөп ағымды орнықтырып, бағдар нұсқаған келелі қағидаларына сенім рухын ояту бағытындағы қайраткенрлік саяси қызметтерін тамаша саралтаған. Иә, жәй көнекілік ретіндегі фотосуреттер жиынтығына Алашорда партиясына енбеген көрнекті азаматтарымыздың енуі - интерпретациялық үдемен сол кезеңдегі оқиғаларды еске жандандрра түсіреді..! Аласапыран. Ілкі шақта туған халқы үшін Колчакпен де тіл табыса білгеніне қайран қаласың! Кеңес Одағының тәрбиесімен, тарихымен өскен біздер көбінекей Қызылдар жағына ығамыз... Тура Биде - Туған жоқ. Мәселе, дербес мемлекетіміз және оны құрып орнықтырудың саусақпен санарлық сындарлы статусының алғы шарттарын дүниеге әкелген ұлттық сананың саяси толғақты шақтары және идея көсемдерінің көрегендігін мегзеуде ғой!
Бәукен Әмірен. 2017-08-22 00:25:10
гүлзамаН, ь,ағ-р, надОмбы, еЧ, ышхираТ-тардан (есімдерін жасырын ғып келтіргенім) Байқазаққа шекті, әрине, автордың өзін қосқанда (баяғыдан ұйыған) айран езгендей (мәләдес!) қылыпсыздар. Кейбіріңіз (немнөшке) "жуа" қосқасыздар, пах, шіркін! Әйтеуір, көп-көрім келелі әңгіме болыпты. Рас, ақиқат - айтыста туады. Өстіп, көсәтәп кіндігі кесіледі... Уақыт тарих жайлы қозғалғандықтан әргі заман мен бергісі, бүгінгі парашылдық базар мен ертеңге елеңдеушісі, кешігі домалақ арызшылары араласты да кетті. Ес жиғызғаны, Құдай тілеуіңді бергір, Дәуір Жақан мен Қанат Жанашұлы болды. Фотодәлел: Алашордаға қосылмағандарды нұсқады! Никита Сергеевич не ғып жүр? Сталин... Енді біраздан соң Мәскеу түбіндегі шайқасқа - Бәукеңдерге араласуға шақ қалып ек... Нақ қазақшыл, қаншыл патриотымыз сол кісі еді ғой, жарықтық! Жалпы, жақсы әңгіме! Тарихты саралайтын, ықпыл-жықпылын аралайтын сүрлеу екенін еш жан теріске шығара қоймас. Азаматтарымыздың оқымыстылығына, ойларының озықтығына, алғырттығы мен сөз мәнерлерінің логикалық қисынына разы болдым! Аз-кем қағыту (қазақылығымыз ғой) артық емес, бірақ анайы, жағымсыз, былғанышты бықсыту, былықтыру сықылды қылықтардан... бала емеспіз, арылу керек, ұят болады... Сіздерге реніш жоқ. Алашордаға көзқарас көптен бері осылайшы "айрандай ұйып" қалған еді... Тың өзгерістің лебін енді сезіндім... Жалпы, қарапайым оқырман ретінде, алғысымды айтамын, баршаларыңызға!
Намазгүл 2017-08-15 14:14:08
Анау р деген кісі ерігіп, әрі қуланып, басқаны сөйлету үшін ал, енді өзің баста деп еп еді, Омбының қазағы оның өсекқұмарлығын күте тұрмен қатырған екен. Дұрыс, күте тұрсын.
р 2017-08-14 22:22:27
артың қуыс, қорқақтау екенсің. мақтанба-ақ қой, курортқа біз де барып келеміз.
р-ға 2017-08-14 21:51:09
Отыра бер күтіп, мен дәрет алып, шәйімді ішіп, сосын ұйықтап, сосын кезекті еңбек демалысыма, курортыма барып келейін. Қазақтың осы жер дегені көш жер деген ғой. Сөздеріңді дайындап отыра тұр. Тек ескертуім: мен бос сөзді, қазақбай жорамалдықты, негізсіз болжауды қабылдамаймын. Рушылдықтың жауымын. Әр нәрсенің нақты дәлелмен айтылғанын ғана қабылдаймын. Күте бер.
р-ға 2017-08-14 21:51:08
Отыра бер күтіп, мен дәрет алып, шәйімді ішіп, сосын ұйықтап, сосын кезекті еңбек демалысыма, курортыма барып келейін. Қазақтың осы жер дегені көш жер деген ғой. Сөздеріңді дайындап отыра тұр. Тек ескертуім: мен бос сөзді, қазақбай жорамалдықты, негізсіз болжауды қабылдамаймын. Рушылдықтың жауымын. Әр нәрсенің нақты дәлелмен айтылғанын ғана қабылдаймын. Күте бер.
р 2017-08-13 03:26:41
Ал, енді өзің баста !
Рр-ға 2017-08-12 21:44:15
Мен не қылсада алашорданы жамандап жеңу емес мақсатым, сіздікі қате түсінік. Оналтыншы - жиырмасыншы жылдардағы қазақ тарихы сол кездегі барлық қоғамдық-саяси өмірді қамтып, ақиқат тұрғысынан жазылуы керек. Ішінен тек алашорданы ғана бөліп алып, орынсыз мадақтап, қалғандарының бәрі ақымақ, сатқын демей. Бәрі қатар қамтылып, әрқайсының жақсы идеялары мен шалыс басқан жерлері нақты түсіндірілуі керек. Халық сонда ғана қабылдайды, өзі танып алады жолайрықта кімнің кім болғанын. Қолдан құдай, болмаса әлдебір бұт жасаудың қажеті жоқ, әркімнің жеке түсінігі бойынша ғана жазылған жалған тарихпен халықты алдауға болмайды.
Рр 2017-08-12 18:37:46
Жазбаларды қабылдамай жатыр !
Рр-ға 2017-08-12 12:41:47
Колчакты айта беруден неге қашамыз, ол не ? Қазаққа дос болып па еді ? Алашорданы пайдаланып, пайдаланып, "какая еще автономия киргизам? Россия будет состоять из губерний и уездов" деп Колчак алашорда өкілдерін қуып шыққаны өтірік емес қой. Колчактың генералы "У вас не алашорда, а какая-то ералашорда" деп мазақ қылғаны да дәл сол он тоғызыншы жылы.
Рр 2017-08-11 04:19:38
Бұларды біз білмейді екенбіз. Сіздің қолыңызда осылар туралы мол мәлімет болса шет жағын болса да осы фейсбукте айтуыңыз керек қой. Алдағы уақытта шығарарсыз деп сенемін. Тек Колчакты айта беру Сізді жеңіске бастамайды, ескеріңіз. Батыстағы Еркін дала ағымы туралы білгеніңізді айтып беріңіз.
Р-ға Омбыдан 2017-08-09 20:16:43
Үш жүз партиясы Омбының байшыкештері емес, кедей ауыл мұғалімдері, қала жатақтары, қаланың адам, жүк тасушы жәмшіктері сияқты әлеуметтік тобы. Олар да оқыған, сауатты. Үш жүзді құрған Мұқан Әйтпенов Омбыға жан-жақтан келген қазақ балаларына пана болған, оқытқан, қамқор болған адам. Үш жүзге онан кейін басшы болған Көлбай Төгісов алашордашыларыңның ешқайсынан кем тұрған адам емес. Олар Торғайдағы, Ақмола өңіріндегі көтерілістің қалай басталғанынын, қалай басылғанын, алашорда болып құбыла ойнағандардың ол көтеріліске қарсы әрекеттерін басынан өткерген, көзімен көрген адамдар. Үш жүз партиясы алашорданың сьездерінде құрметті қонақ болып, Орынборға сьезге барып, шіреніп отырған, көтеріліске шыққан қазақ ауылдарына патшаның жазалау әскерін ертіп барып, қазақ ауылдарын қырғызған болыстар, байлар мен билер, молдалардың алашорда сьезінде халықтың мойнына тағы да отыру әрекетін көрген адамдардың қарсы құрған партиясы. Кешегі халыққа тізесін батырған сұлтан төрелер Бөкейхандар мен бай болыстардың қайтадан билікке келу әрекетіне қарсы болғандардың партиясы. Жарғысында солай жазулы тұр. Алашордаң әділ болса Үш жүз неге шығады ? Батыста Еркін дала деген партия болып үлгірмеген ағым неге шығады ? Қазақ жастарының демократиялық ұйымы неге пайда болады, неге совет өкіметін қолдайды ? Қазақ тарихынан орынсыз басымдық беріп, алашорда сияқты қазақтың басты жауы - КОЛЧАКТЫҢ оң қолы болып, орыстан бөлінбейміз деген алашорда неге мадақталуы керек ? Алашорданы басқаларымен бірге, оның қылмысын көрсете отырып /сабақ алу үшін/ ақиқат тұрғысынан түсіндіре жазу керек. Мына автор сияқты өтірік мақтамай.
р 2017-08-09 01:16:16
Ағайындар-ау ,"Алаштың" ішкі ісінде Сталиннің, немесе Хрущеевтің шаруасы не Жікке, руға бөлінгенді қашан қоясыңдар, қашан халықтың, қазақтың, - алашымыздың сөзін сөйлейсіңдер "Үш жүз"- сендер ойлағандай үш жүздің мүддесін ойлаған ұйым емес қой. Құрамы ат төбеліндей Омбының байшігеш қазақтары. Ал "Алаш" - республиканың барлық аймақтарынан құралған қазақтың оқығандары.
. 2017-08-08 00:19:34
Шамаң жетсе. Жетпесе көтеніңді қыс.
Че 2017-08-08 00:18:59
Алашылдар өткенен сабақ алып бүгінгі диструктивті билікке күрес жариялап жүз толған Алаштың талап мақсатының əлі орындалмаған шеттерін опындауға талпынып əрекет жасайды. Өткенді сынап əбүір таппасың. Бүгінгіңді сына қоғамға жақсылық еңгіз тарихты шолғың келсе, ертең ұрпағың Алашты қаралағандай көріңе қарғыс атпасын десең. Назарбаевшыл қорқақтармен күрес !
Боғауызбен ауыздалған Чеге 2017-08-06 11:50:17
Олай болса ұлт мүддесі үшін алашорда ғана дұрыс әрекет еткен, қалғандары түгел дорақ еді деген сандырақты қойып, ол кезде де, қазір де, қазақ қоғамы кез келген елдің қоғамы сияқты әртүрлі ағымдардан, ұйымдардан құралған деп, алашордам да /Колчакка құл болған қателігін жасырмай/, Үшжүз де, совет өкіметін орнатқан Сәкен мен Тұрарлар да қазақтың ортақ тарихы, әрқайсы өз жолымен халқына қызмет етуге тырысқан деп, бөлмей-жпармай ақиқатты айт. Шындықты айтудан неге қашасың ? Алашордаңның Үшжүздің басшысы Көлбайды, басқаларын Колчакка ұстап беріп аттырғаны өтірік пе ? Бөкейхановтың қызылдарды жақтағандарды түгел, қазақтың төлеңгіті Көлбайды да көрген жерлеріңде атып тастаңдар дегені бұйрық беріп, оны "Қазақ" газеті басқаны өтірік пе ? Оны жазып жариялаған Дулатов екені өтірік пе ? Амангелді Имановқа үкім шығарып, аюандықпен өлтірткен Дулатовтар емей Колчак па ? Шындықты жасырмай түсіндіріп айтуға тырыс. Қайдағы бір "ұлт мүддесі" үшін жамандығын, алашорданың аюандығын жасырып қалмай. Шындық жақсы, әділ түсіндірілсе ғана қоғам оны қабылдайды. Ал менің анау алтыншы-жетінші атам бәленбай болмаса бүгін қазақ болмас еді, менің алашордам ғана ақылды, қалғандары дорақ еді, оңбаған совет өкіметі оларды құртты деп рушылдық принциппен тарих жазып, оны халыққа тықпалауға болмайды. Ол заман өтті. Алашордашылар Колчагі мен Дутовына, Анненковіне қызмет етіп, орыстан бөлінбейміз, тек орыстың жанында ғана көлтөрни аптономия боламыз деп өздеріне өздері үкімін шығарып қойған. Совет өкіметі жалғыз оларды ғана жазалаған жоқ, сол өкіметті орнатқандарды да, оның қалқоздастыру саясатын іске асырып, отызыншы жылдары қазақтың жартысын қырып салып, қалғанын қаңғытып жібергендерді де жазалады. Себебі Сталин мен Голощекин әр қазақтың ауласына, қорасына барып малы мен астығын өздері тартып алған жоқ, іске асырған, солардың бұйрығын асыра орындаған сол кездегі аудан, облыс басшылары, нарком болғандар, бәрі шетінен қазақтар. Уақыт келеді, архивтер түгел ашылғанда шындық айтылып, бүгін әспеттеліп, Сталиннің репрессиясына құрбан болғандардың іс-әрекеттері, не үшін жазаланғандары ашық айтылады. Сол кезде ғана тарих тағлымы шынайылыққа үйретуі мүмкін. Әйтпесе Че сияқтылар өздеріне ыңғайлап ойлап тапқан "құпия келісім" тарихын көйітіп, жұрттың басын қатыра беруі мүмкін. Ал бұлай жалғастыруға тыйым салу керек. Ол үшін шындықты жасырмай, біреуді өтірік мақтап, қалғанын жамандауды доғару керек. Бұл ең алдымен алашордашыларға қатысты мәселе. Келесі қаңтарда Үшжүз партиясының құрылғанына, оның басшысы Көлбай Төгісов пен басқа жақтаушыларының алашорда мен Колчак қолынан қаза болғандарына да жүз толады. Сонда не дейсіңдер, алашшылдар ?
Тарихшы 2017-08-06 03:34:10
Қазақ əр қашанда тарихы қыйлы жаулаушы орта азия ресей мемлекетілігімен тең не болмаса артық дəрежеде болатын мемлекет орнатушы құрушы Ел құқығы бар болатын. 1986 жылдан бастап қазақстандықтар мүддесін білседе құрбандыққа шалынған. Тарихы терең болмаса мемлекеттік үшін идеологияда болған интрига жасырын келісімдер Ұлт мүддесі үшін қанша қыйлы болсада маған елге шындық болсын, себебі Қазақ үшін ұлт мүдесі үшінкүрескендердің қателіктерін жақсыға жорымасаң Мемлекеттік сақталу бір талай .
Че-ге тарихшы 2017-08-05 15:58:07
Архивистер Рысқұлов пен алашордашылардың жасырын келісімін қағазға жазып алыпты: онда Рысқұлов 1924 жылы Бөкейхановқа, Дулатовқа, Байтұрсыновқа, Жұмабаевқа және басқаларына мен сендердің үстеріңнен домалақ емес, кәдімгі сендерді әшкерелеп өз атымнан шағым жазайын, тізімдеріңді, кімнің кім екенін жазып берейін, сендер көніп, 1928 жылы түрмеге қамалыңдар, төртеуің атылыңдар, қалғандарың бес он жылдан арқалап, лагерге, Воронеж жаққа айдауға кете беріңдер. Онан аман келсеңдер 1937-1938 жылы атылатын болып, келісіміңдерді беріңдер депті алашордашыларға. АЛАШОРДА : БОТ МАЛАДЕС, ДҰРЫС АЙТҚАНЫҢ, БІЗ КЕЛІСЕМІЗ, СЕНІ ДЕ БІЗ КӨРСЕТІП БЕРЕМІЗ, ОТЫЗ ЖЕТІДЕ АТЫЛУҒА СЕН ДЕ КЕЛІСІМІҢДІ БЕР ДЕП РЫСҚҰЛОВТЫҢ АРҚАСЫНАН ҚАҒЫПТЫ. Осылай құпия келісім болыпты. Чуешь, ЧЕ ? Это же клондайк ! Давай брехай дальше !
Че 2017-08-05 03:26:19
Рұсқұловты жеткізді жамандады десеңіздер? Бір екі тұлға үшін Ұлт мүддесі бір екі тұлғаның жанымен құрбандығымен шектелмейді. Араларында жасырын келісім болғанына сенімдімəн Ұлт мүддесі үшін. Насыбайымды ұқалағанымды аңдысаң сен кнбшниксың онда қыр соңымнан ұйұыға дейін аңди алатын сорлы.
Дәуір Жақанға Қазақбай 2017-08-05 00:16:37
Рахмет, Сіз шындықты айттыңыз.
Дәуір Жақан 2017-08-05 00:07:58
Суретте ала-құлалық бары секілді, мақалада да ала-құлалық бар. Әйгілі саясатшы-тарихшы Г.Феррдің кітаптарын оқыған адам әлгі жүгеріші, №1 тыңигеруші болған Хрущевтің ХХ-съезде жасаған культ туралы құпия баяндамасында оның Сталинге 61 айып таққанын, ал соның бәрі өтірік екенін документтер бойынша дәлелдегенін біледі. Ал біздің саясатшы-тарихшы мырзалардың бәрі дерлік Хрущевтың "Суайттықтың әлемдік үлгісі" деп аталған сол баяндамасын әлі де пайдаланып мәз болып жүр. Мына мақалада, мысалы, Кеңес өкіметі қазақты құрту жоспарын жасады дегендей саяси сауатсыздық бар. Оу, патшалық Ресейдің құрлықты түгелдей орыстандыру сұмдығын орта жолда тоқтатқан, жойған қандай күш? Октябрь революциясы, Кеңес өкіметі екені шындық емес пе? Аштықты, "халық жауы" науқанын бастаған да, қыздырғандар да - троцкийшілдер. Л.Д.Троцкийдің (Лейба Давидович Бронштейннің) "Ресейді ақ негрлер еліне айналдыру, сионистік-большевиктік үкімет орнату" жоспары болған. Сталиндер оларды 1938-жылы ғана жеңе алды, сталиндер Саяси бюрода, съезде көпшілік дауыс ала алған соң, "Съезд победителей" аталған съезде. Соның өзінде троцкийшілер астыртын сұмдықтар істеп, Тухачевский бастаған маршалдар гитлершілдермен құпия келісім жасап, "Германия СССР-ға шабуыл жасаған сағатта біз Сталинді төңкеріп тастаймыз" деген. А.Мартиросянның "Заговор маршалов" кітабын, сондай-ақ аштық, "халық жауы" науқанын Свердлов мен Троцкий қалай жүргізгені туралы осы екеуі туралы кітаптарды оқу керек. Ал Ворошиловтың аштық туралы айтқаны бекер, оны да кейін хрущевшылдар "өңдеген". Е.Прудникованың "Хрущев. Творцы террора" кітабында зәлім "көсемнің" зымияндықтары туралы деректер бар! Жалпы біз мойындаудан қашқақтай беретін оқиғалар, аштық, "халық жауы", т.б. өздеріміздің сол тұстағы басшы ағаларымыздың өзара араздығына, алауыздыққа көбірек байланысты болғаны. Тарихшы жазушы Б.Қойшыбаев сол кезде Т.Рысқұловтың Сталинге кімдерді жамандап жазған хатын ашып келтірді. Ағаларымызда ондай "әдет" жеткілікті болған, соны шындық тілімен айта алмаймыз да, Кеңес өкіметін және хрущевтық тәсілмен Сталинді жамандай береміз. Ақиқатты ту етейік! Ертеңімізді ойлайық: бала-немере-шөберелеріміз бізден сауатты да шыншыл болады, тарихтың біздер бүркен кеткен барлық бетін оқиды, әне, сол кезде біз - әке-аталары үшін - іштей болса да ұялатын болады. Ойланайық, шындықты шырғалаңдата бермейік!
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-04 09:41:58
Скоро Казахстангада санкция салады. Неге? Бiр 2-3 ход алга ойландаршы барiн тусiнесiндер. Путиннiн МНОГО ХОДОВКА-сын алi тусiнген жоксындар ма?!
Екі қазақ емеске Че 2017-08-04 00:53:27
Шаруаларың болмасын Алашта.
Ойпппырмай , ә ! 2017-08-03 16:24:37
Қазақта он жетінші жылы алаштан басқа идея болмағандай соғуынай мына аптырдың. Атаман Анненковтың азап вагонына қақаған қыста алашордаң мен оның қожайыны Колчагың жаяу Омбыға ұрып соғып айдап апартқан Сәкеннің әруағы алдында ақталғаны ма екен, оның суретін өзін Колчакка ұстап беріп азаптаған, қуғындаған алашордашылардың ортасына қойып қойғаны. Жоқ әлде Сәкен де алашордашы болған деп жұртты алдау үшін қойған ба Сәкеннің суретін, мазақ етіп жауларының арасына. Тұрар Рысқұловтың алашордаға қандай қатысы бар, оның да суретін мазақ үшін қосқандай етіп алашордаға қосып қойғандары қалай ? Қазақ орыстың сүйікті досы, орыссыз күн көре алмаймыз, біз орыстан бөлінбейміз, орыстың ішінде аптономия ғана боламыз, оның өзінде де мәдени аптономия сұраймыз деп орыстың диктаторларынан жалына сұраған алашордада қандай мемлекеттік, тәуелсіздік идеясы болған ? Айтып, дәлелдеп беріңдерші : міне, біз Жапония боламыз, міне біз тәуелсіз мемлекет боламыз деген сөздерді алашорданың құжаттарынан тауып беріңдерші. Барлық документтері Колчак, Деникин, Дутов, Анненковқа бас иіп жағыну, көмек сұрау. Солармен бірігіп алашорда өз қазағын атты, асты, қазақты тонады. Сол ма алашорданың идеясы ? Ал "Үш жүз" деген партия не уағыздапты ? Ол да қазақтың жауы емес қой, өз ішінен шыққан белгілі адамдар оны құрған. Сондықтан алаш, алаш деп сарнауды доғару керек, қолдан келсе қазақ, қазақ, коррупция мен қылмысты доғарып, бірігейік, адал өмір сүрейік деп ұрандап, соны іске асыру керек. Алашорда туралы таңдап алып ойдан шығарылған өтіріктер елді әбден ығыр қылды.
қанат жанашұлы 2017-08-03 13:57:19
мына суретте "алаш" партиясына қатысы жоқ большевиктер тұр, бұларды арылту керек. сонда дұрыс тарих жазылады. әрқайсын жеке талдау керек. әйтеуір қазаққа еңбегі сіңген екен деп, алашордаға бәрін тыға беруге болмайды. "алаштықтар" санаулы адамдар ғой. кез-келген қазақтар қатарына кіре бермеген. өзінің қатаң талқы, жарғысы бар.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7528
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 14706