Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 6931 33 пікір 10 Қазан, 2017 сағат 21:36

Латын әліпбиіне балама жоқ!

Латын әліпбиіне байланысты кереғар пікірлер айтылып жатыр. Пікірталас керек, бірақ осы бастаманы іс жүзіне асыру одан да маңызды! Бізге қазір нақты қадам қажет!

Шыны керек, бұл мәселе біздің өткеніміз бен болашағымыздың айнасы тәрізді. Мен биліктің қазір жасап жатқан көптеген істерімен келіспеймін, ол жөнінде өзімнің ойымды ашық білдіріп келемін. Бірақ, екі бастамаға толық келісіп, қолдап жүрмін. Ол - "Рухани жаңғыру", соның ішінде латын әліпбиіне көшу мәселелері. Рухани жаңғыру дегеніміз, "модернизация", адам, қоғам өзінің өмірінде күнде, сағат сайын өзгеріске дайын болып, өзгере білуі қажет. Олай болмаса, тарихтың тасасында қаласың, уақыт кеңістігінен шығып, ұлт ретінде жойыласың. Қазаққа ұлт ретінде жойылу қажет пе? Жоқ. Менің ойымша, өздерінің жаны-тәнін қазақ деп сезінетін жандар, бұл мәселені ойланбастан қолдауы қажет. Латын әліпбиі, біздің дүниежүзілік ғылым, жаңашылдық, рухани әлеміне өтуіміз үшін қажет дүние. Дүниеде бүкіл халықтың 80 пайызы латын әрпіне көшіп кеткен. Экономика, ноу-хау, рухани әлем осы бойынша дамып жатыр. Осындай ауқымды, біздің бала-шаға үшін өзекті мәселеге келгенде жауапты болып, "бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып" өзіміздің өремізді көрсету қажет-ақ.

Біреулер бұл игі бастаманы ойыншыққа айналдырғысы келеді! Тіпті, тағы да келіспеушілік, кері тартушылық басым ба деген ой келді. Бізге латынға өту керек. Біз үшін емес, біздің бала-шаға үшін. Өзімізді ойламай-ақ қояйық. Мен ешкімге өзімнің ойымды мәжбүрлеуден аулақпын. Біраз уақыт бұрын бір бауырыма: "Латынның қандай да бір мәтіні қабылданған күні елдің алды болып көшемін" деп едім. Сол ойымнан әлі танған жоқпын.

Өз басым тәуекелге дайын... Қазақ, бір ұлттың пушкасынан, пулеметінен қорыққан жоқ. Енді латыннан неге қорқып, сескеніп отыр? Атам айтушы еді, "қорыққан жоқ, жауап беретін құралы болмады" деп. Техника болмаған. Сол техниканың жаңа әлпетіне жету үшін, бізге жаңа тұрпат қажет. Өзіміздің тұрпат...

Ерлан Саиров, саясаттанушы

Abai.kz

33 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052