Жұма, 8 Қараша 2024
Алаң 4281 4 пікір 20 Ақпан, 2018 сағат 09:33

Мектептерде "орамал дауына" орай айыппұл салынып жатыр

Ақтөбе облыстық департаментінің мәліметі бойынша, 19 қаңтардан бері қыздары мектепке бармайтын 13 ата-анаға айыппұл салынған.

Қобда ауданы Әлия ауылындағы тағы бір ата-анаға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 мың теңге) айыппұл салынған. Бұл жөнінде аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Нұрлыбай Айжарықов мәлімдеді.

"Қобда ауданындағы Әлия мектебінің 6 және 8-сыныбында оқитын екі оқушы үшінші тоқсан басталғалы сабаққа келмеді. Екеуі бір үйдің балалары. Бұл оқушылардың ата-анасымен бірнеше мәрте кездескеніміз, ескерту жасағанымыз туралы және басқа да құжаттарды Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментіне жолдадық. Департамент біз жолдаған құжаттар негізінде ата-анаға айыппұл салды", - дейді Нұрлыбай Айжарықов.

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының дерегінше, қазір облыс аумағында «мектеп формасын бұзғандықтан» сабаққа қатыса алмай отырған 103 бала бар. Қаңтар айынан бері бұл балалардың ата-аналарымен түрлі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Ал Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті қаңтар айының 19-ынан бері жалпы саны 13 ата-анаға айыппұл салған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1130
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2301
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2301