Өзекті

ДЕКЕЛБАЕВТЫҢ ДАҢҒАЗА ӘРЕКЕТІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Жуырда Фейсбук әлеуметтік желісінде және «Abai.kz» сайтында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңға шыққандардың бірі Ерлан Декелбаевтың «Тарихи кітаптарға мені «сатқын» деп жариялатқан – Мұхтар Шаханов» деген мәлімдемесі шықты. Онда мынадай жолдар бар:

«Мұхтар аға, мұның барлығы өзіңіз басқарған «Желтоқсан комиссиясының қорытындысынан» алынған. Сіз бұл қорытындыға қолыңызды қойып, мені комиссияның қорытындысымен сатқын деп тарихты бұрмаладыңыз. Мені ұрпақ алдында масқаралап отырсыздар. Бүкіл кітаптардың ішінде бадырайтып тұрып, «Исабеков Сәбитті» сатқан деп ойып тұрып, жалғыз маған ғана қорытынды щығарғаныңызға аң-таң қалып отырмын. Неге сонша маған ғана қадалып қалғансыз? Мұхтар аға, сіз арыз жазып келген 21 адамдарыңызбен бірге қоса 22 адам болып менің арқама пышақ сұқтыңыз. Ең болмағанда еркек құсап сол пышақтың біреуін неге менің кеудеме қадамадыңыздар, Мұхтар аға?»

Енді осы сөйлемдерге ой жүгіртіп, саралап көрелік.

Рас, мен 1986 жылғы Желтоқсан шындығын ашумен және оған түпкілікті баға беру жұмысымен шұғылданып жүргенімде Аманжол Нәлібаев бастаған желтоқсаншылардың және оны қолдаушылардың үлкен тобы комиссияға 21 адам қол қойған арнайы хатты әкеліп тапсырған. Сол хаттың ішінде Ерлан Декелбаевтың желтоқсаншы Сәбит Исабековтің сотталуына себепкер болғаны айтылады. Комиссия мүшелерінің және желтоқсан шындығына араласып жүрген өзге де қоғам қайраткерлерінің мұқият түрде талқылауынан кейін комиссия шешіміне мынадай жолдар ендірілген екен:

«Исабеков С.К., тяжело раненный 18 декабря, был помещен в тюремную больницу КГБ. Против него было возбуждено уголовное дело (следователь Егоров). На основании единственного показания другого обвиняемого – Декелбаев Е.А. – Исабеков осужден впоследствии на 6 лет лишения свободы.»

Бұл мәліметтің тергеуші Егоров қатысқан арнайы сот шемінен алынғаны көрініп тұр. 21 адамның комиссияға жазған хаты да Е.Декелбаев туралы болатын. Ол хатты өз мұрағатымнан іздеп табу үшін бәлкім айдан аса уақыт қажет шығар. Бірақ хат кезінде газетке де жарияланған сияқты еді.

Енді Е.Декелбаевтың «жалғыз маған ғана қорытынды шығарғандарыңызға аң-таң қалып отырмын» дегені сауатсыздық, пайымсыздық емес пе? 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясының тұжырымдамасында жүзден астам адамдардың аты-жөні және жасаған істері баяндалады. Комиссия тек Декелбаев ісімен шұғылданған болса, оның несі комиссия. Екіншіден, Е.Декелбаев «мені комиссияның қорытындысымен сатқын деп тарихты бұрмаладыңыз» деген пікір білдіреді. Көрдіңіздер ме, ол өзін тарихқа айналдырып отыр. Декелбаев тарихпен сыбайлас болатындай қандай іс тындырыпты. Бірақ дәлелсіз және себепсіз пікір айтып 1986 жылғы Желтоқсан шындығын әйгілеген комиссияға ширек ғасырдан соң орынсыз күйе жаққаны үшін Декелбаевтың желтоқсан тарихында қалуы әбден мүмкін. Әйтпесе, мына әрекетін қалай түсінуге болады?

Көп жыл бұрын менің «Жазагер жады космоформуласы» («Шыңғыс ханның пенделік құпиясы») атты өлеңмен жазылған романымның төңірегінде өрбіген Шыңғыс хан туралы айтыс пен дауда Мұхтар Мағауин Бекділда Алдамжаров деген жігітті өзіне қолшоқпар етіп алып, Шыңғыс Айтматов екеумізге шамасы жеткенше қара күйе жақтырды. Менің «дарын, қабілет атаулыдан жұрдай, мүлдем ақын емес» екенімді дәлелдеп бақты. Ал, Ш.Айтматовтың бірде бір есі дұрыс шығармасының жоқтығын айта келіп, кезінде оның әлем әдебиетінің ұлы тұлғасы Луи Арогон «Махаббат туралы ең тамаша хикая» деп ардақтаған «Жәмила» атты туындысын мазмұнсыз, мағынасыз, ең нашар шығарма деп бағалапты. Біздің арамыздағы даумен айналысып жүрген Алматы қаласы, Медеу аудандық соты өздерінше «Осы азаматтың есі дұрыс па екен?» деген күдікке тіреліп, қаладағы Каблуков көшесінің бойында орналасқан психикалық сауықтыру (жындыхана) орталығына хат жіберген екен, олар Бекділда Алдамжаровтың 22 жыл бойына, жындыханада тіркеуде тұрғанын әйгілеп, бас дәрігері қол қойып, арнайы хат жолдапты. Сол хаттың баспасөзде жариялануы арамыздағы дауды сап тыйып, жұрт арасындағы беделімізге сүйеніш болған еді.

Құдай оның бетін ары бұрғай, әйтсе де Е.Декелбаев туралы да жоғарыдағыдай ойға тірелгенімді жасыра алмаймын.

Желтоқсан көтерілісінің шындығын әйгілеу барысында 5 комиссия жұмыс жасады. Мен басқарған 4-ші комиссия оқиғаға кінәлі 41 адамның аты-жөнін жариялап, М.С.Горбачев басқарған КОКП Орталық Комитетінің, оның Саяси Бюросының қылмысты істерін комиссия шешімі арқылы бүкіл дүниежүзіне әйгілеген шақта, Г.Колбин М.Горбачевке кіріп, КСРО Қауіпсіздік комитеті, КСРО Ішкі Істер министрлігі, КСРО Прокуратурасымен бірлескен арнайы комиссия құрғызып,біздің комиссияның ісін жоққа  шығаруға жұмыс жасағанын жұрттың көбі біле бермейді. Кейіннен менің КСРО Президенті Горбачевті Конституциялық сотқа бергенімді және М.Горбачевтан 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде жасаған әділетсіздігі үшін бүкіл қазақ халқынан кешірім сұратқанымды да біреу біліп, біреу білмеуі мүмкін. Күні бүгінге дейін сол Желтоқсан шындығын әйгілегенімізге  риза  емес  адамдар, анда-санда  болсада бой көрсетіп тұрады.

Әйтпесе, Декелбаев мырза сол кезде-ақ өзінің комиссия шешіміне енгенін жақсы біледі. Тіпті оның өз кінәсін мойындай отырып, комиссия шешімінен өз есімін алып тастау туралы өтініш айтқаны да кейбіреулердің есінде қалыпты. Сөйте тұра Декелбаев комиссияның 100-ден астам жұмысшы тобының арасында жүріп, кейбір істерімізге қолғабыс тигізгенін де жоққа шығармаймыз. Араға ширек ғасырдан астам уақыт түскенде Е.Декелбаев өзін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетіп, айқай көтергені қалай? Қолында дәлелі болса, сол кезде неге өзін ақтап алуға тырыспады? Біздің ұғымымызша, Декелбаев мырзаны жасырын қолдаушылардың ішінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің және оның рухани беделін қорғаған комиссияның абыройын түсіргісі келетін біреулер бар сияқты.

Жарияланған мәлімдемесінің соңына таман Е.Декелбаев былай деп күш көрсетеді:

«Сіз және кітапты шығарушылар (Берік Әбдіғалиұлы, Қайым-Мұнар Тәбей, Мәулен Әшімбаев, Асқаров Әлібектер болып) пресс-конференция ұйымдастырып, ел-жұрт алдында өрескел қателіктеріңізді мойындап, мені тарих алдында ақтаңыздар... Егер бас тартып, мені осындай «сатқын» күйде қалдыра беретін болсаңыздар, мен барлықтарыңызды сотқа тартамын!»

Керісінше, негізсіз, пайымсыз айыптауы үшін, маған және бүкіл комиссия мүшелерінің жасаған ісіне көлеңке түсіруге тырысқаны үшін, Ерлан Декелбаев өз мәлімдемесін жариялаған сайттарда, менен ғана емес бүкіл комиссия мүшелерінен және комиссия мүддесіне жасқанбай қол ұшын берген халық қаһарманы Қасым Қайсенов, халық жазушысы Сафуан Шәймерденов секілді ағалар басқарған жұмысшы тобынан кешірім сұрамаса, онда бұл жалақор мырзаны комиссия мүшелері және комиссия жұмысына тікелей қатысты адамдардың, сотқа тартуға мүмкіндігі бар.

Мұхтар ШАХАНОВ,

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының шындығын ашу және оған

түпкілікті баға беру комиссиясының тең төрағасы,

Қазақстанның Халық жазушысы,

Қырғызстанның Халық ақыны,

«Түркі тілдес халықтар арасындағы

ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері

Abai.kz

48 пікір 2366 рет оқылды Қосылған: 10.01.17
    • #1
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 10/01/2017 - 12:44
    Пікір алынып тасталды!
    • #2
    • !!
    • сс, 10/01/2017 - 12:48

    бұндайларға назар аудармаңыз.сіз қазаққа өте керек Ағасыз!!!

    • #3
    • Col
    • сс, 10/01/2017 - 12:59

    Maqanovty zhurt umytyp bara zhatyr tdi, myna dau qaita tiriltti, alaqai

    • #4
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 10/01/2017 - 12:59

    МҰХАҢНЫҢ қазақ үшін істеген еңбегінің 1 пайызын істегенде ауыттар мен төресымақтар мақтаныштар жарылып өлер еді.
    МҰХА, 50 "процентік" қазақ өзіңмен бірге болғанда, 100 пайыздықтар туралы гәп қозғау артық шығар.

    • #5
    • Есенғали, Антакиядан
    • сс, 10/01/2017 - 13:00

    мақтаныштан

    • #6
    • Антикия Есенғалиға!
    • сс, 10/01/2017 - 13:11

    Антақия, айдалада жүрген Ауытта нең бар? Өтіңді алып көтіңе құйып па еді? Ондайы болса, айта отыр. Ауыт деген қазақ көшіп келсе екен, қазаққа болса екен деп жүрген азамат. Сол үшін шырылдап жүр. Үкіметтегілер мен депутаттарға көші-қонның жайын ұқтырып жанұшырып жүр. Жазса, сонысын жазады, айтса, сонысын айтады. Сол үшін алған атағы да, ақшасы да жоқ. Керек десең басында баспанасы да жоқ. Антақ, ата сақалы ауызна түскен адамсыз, біреу туралы бірдеңе айтар алдында өзгеден бұрын өзіңнің абройыңды ойлап барып айт. Әйтпесе, аузың аңқиып, қарның шартиып, көтің таңқиып далада қаласың.

    • #7
    • Sol
    • сс, 10/01/2017 - 13:23

    Bul Antaqai Maqanovtyng Zalagysh trapkesi, elemeu kerek

    • #8
    • Бейбарыс
    • сс, 10/01/2017 - 13:43

    Қырық кісі бір жақ.қыңыр кісі бір жақ деген осы екен.
    Мұқаңа зор денсаулық.
    Барлық еңбегі сіңгендерге берілген президент премиясы Мұқаңа
    бұйырмады.
    Кеңес үкімет қатшысын сотқа беру ерлік деп санаймын.

    • #9
    • Ерлан Декелбаев
    • сс, 10/01/2017 - 14:26

    Мұхтар аға! Мына мақаланы эмоциямен жазғаныңызды біліп отырмын. Исабеков Сәбитті сатты деген дәлеліңіз қайда? Қысқасы! Қателіктеріңізді мойындаңыздар. Сонымен іс бітеді. Сіз халыққа керексіз. Ал мен тарих алдында бәрібір ақталуым керек.

    • #10
    • ОКО
    • сс, 10/01/2017 - 14:31

    Мухтар ага жарайсыз. Сыз казактын бетке тутар азаматтарынын бырысыз. Жасыныз узак болсын.

    • #11
    • Бейтарап
    • сс, 10/01/2017 - 15:24

    Үш әріп мекемесінің мұрағатынан Исабеков Сәбитке қатысты қылмыстық істі көтеріп, Декелбаев Ерланның тергеуде берген жауабын, айыптау қорытындыны және үкімді қарау керек. Егер куә Декелбаев Е. Исабеков Е. жөнінде көрсетіп, тергеуші жасақтаған айыптау қорытынды мен сот шығарған үкім оған негізделсе, комиссияның шешімі дұрыс болады.

    • #12
    • Патриот
    • сс, 10/01/2017 - 16:11

    Мұхтар аға сондай түкке тұрғысыз адам үшін көңіл аудармаңыз. Сіз қазақтың біртуар Асқар тауысыз

    • #13
    • қазақбай
    • сс, 10/01/2017 - 16:18

    Мұхтар Шахановтай азаматқа кінә қою артық. Мұхаң жасасын!!!

    • #14
    • Шымкент
    • сс, 10/01/2017 - 16:34

    Мұхтар-әрқашан "үшәріптердің" адамы өзіне бір жолыққанша батыр. "Жолықты", бітті үнін өшіреді. Басқа тағы бір тірлікті "қолына алады". Онан соң тағы да жоғарығыдай. Итпен іздесең де табылмайды. "Мендігі" жоғары сонан соң.
    Рас, жазған дүниелері тарихта қалуы мүмкін. Ал "салмағы" қаңбақ қазіргі қоғамда.

    • #15
    • шал
    • сс, 10/01/2017 - 16:49

    «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері
    --------
    Бұнын Декелбаевтын ісіне қандай қатысы бар?

    • #16
    • Төре
    • сс, 10/01/2017 - 17:00

    Бисмилляһи Рахмани Рахим!
    Мұқа! Ата-Баба жолымен, мына Төре Араша сұрайды? Ерлан Декелбаев пен Мұхтар Шаханов арасындағы "дауды" тоқтататын жолды СІЗ жақсы білесіз - Сізге Жаратқан Иеміз, Бір Алла! ДАНАЛЫҚ берген! Кәнеки қолыңызды жайыңыз... Ертерек болсада ӘМИН!

    • #17
    • Сәмен
    • сс, 10/01/2017 - 17:01

    15 Шал, өте дұрыс, қандай қатысы бар атағының? Шаханов жақсы ақын, бірақ Қоғамдағы салмағы "қаңбақ" екені рас.

    • #18
    • Ақиқат
    • сс, 10/01/2017 - 17:03

    Мұхтар аға өзі айтқандай жасаса жасап жүрген шығар,біз оны қатты қолдайтынбыз,бірақ,бірде зал толы жиналысына барғанымда ол кісінің "Мен!Мен!Мен!" деген сөзі маған кері әсер етті...Сол мақтауды біз,халық айтса қандай жарасып кетуші еді,әттең..."Тозаңның түйіріндей тәкаппарлығы бар адам жәннатқа кірмейді"делінген қасиетті Құранда.Ал,Декелбаевты танимын,бір жерде жұмыс жасағанбыз,өзіме қатысты жағымсыз жағынан да есімде қалған,қызуқандылығының кесірі шығар,бәлкім...Бірақ,жаман адам деп айта алмаймын,өзіндік адамдық қасиеттері бар,жалған көлгірси қоймайды,ақталуға лайық шығар.Ағаларымды тозақтың отына қимаймын сондықтан да айтысып-тартысқанды тоқтату керек!!!

    • #19
    • Сəменге
    • сс, 10/01/2017 - 19:15

    Сəмен сеніңше кім "қаңбақ" емес саясатта,кім "батыр".Батыр болса ол кім.Батыр деген істеп жатқан лауазымына қарамайды.Қойшы болсада өз халқының тіліне,дініне, жалпы халқы үшін жұмыс жасаған əрбір адам батыр.Ал қалған адамдар жай қарапайым пенде батыр емес.Менде,сенде қарапайым пендеміз.Ал Мұқтар ағамыз халқы үшін қолынан келгенін жасады.

    • #20
    • Мағжан
    • сс, 10/01/2017 - 19:54

    Мұхтар ағаның батыр екеніне күмән келтірушілер көп оттағанды қойыңдар! Мұхаң сөз жоқ батыр ақын, оның батырлығы мен ерлігін дүниежүзі баяғыда мойындап қойған. Желтоқсан оқиғасынан кейін, күні кеше ғана болған жерді қытайларға сатуға қарсы жалпыхалықтық ереуіл болды. Сонда Мұхаң ғана қасқайып тұрып комиссияда бар шындықты айтты ғой, сонда сендер қайда қалдыңдар жалақор бишаралар! Мұхаң Қазақтың ұлы тұлғасы, тұлғаға жала жапқандар тұқымсыз қалмаңдар, байқаңдар!

    • #21
    • білгіш
    • сс, 10/01/2017 - 20:25

    Бұл Декелбаевың өз кінәсін мойындағысы жоқ қой.Мұхтар аға ол кісінің артын бірақ ашып айтсаңызшы сонымен қысатын жерін қысып кетсін

    • #22
    • Бек
    • сс, 10/01/2017 - 20:41

    Тұсақ қой түстен кейін маңырайды. 25 -30 жылдан кейін оянғаныңның өзі кім екеніңнен хабар береді. Намысты ер кітап шыққаннан кейін 25 минутқа шыдамай сол алаңға барып жатар еді. Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап. Тусақ қойды түстен өріске шығарған адам кім өзіде оңбас,қазақ деген ұлтқа жағылған қара күйені қалай кетіргенін көргің келсе 1986 жылғы Мұқаң ағамыздың Москвада Съезде 4 минутта не айтқанын көр. Интернетте тұр ғой тайға таңба басқандай сол жерден Колбиндіде көресің.

    • #23
    • # 20 Мағжанға қазақ
    • сс, 10/01/2017 - 21:13

    Дұрыс айтасың, Мұхтар Шахановтың талантын, оның Шыңғыс Айтматовқа іні, адал дос бола алғанын, әлем ақыны Евгений Евтушенконың Шахановтың өлеңдерін аударып, дүниежүзіне танытқанын көре алмағандар бар. Бірақ олар тым аз. Солардың басты ұйымдастырушысы - Мұхтар Мағауин деген графоман психемханада жиырма жыл учетте тұрып емделген, алыпқашпасы бар бір ауру жазушыны барынша пайдаланғаны белгілі. Мағауин "Жұлдыз" журналына бас редакторлығы кезінде ауру жазушыны әбден пайдаланып, қазақ әдебиетіне соған "ревизия" жасатып, өлісі бар, тірісі бар ақын-жазушыдан ешкімді сау қалдырмағанын жұрттың бәрі біледі. Оның - Мағауиннің басты көре алмайтын ақыны, жазушысы, қайраткері - Мұхтар Шаханов болды. Себебі Шахановтың атағы, таланты, әлемге танымалдығы, қайраткерлігі атаққұмар, қызғаншақ Мағауин дегенді шаң қаптырып кеткен еді. Сол айқас әлі жалғасуда. Себебі "абыройын сақтаған" Мағауин "жәй пенде" емеспін деп, пенсияға жібергенде Алматыда қалуға беті шыдамай, шетелге баласының қолына кетті. Анда - санда жұртты күлкіге батырып, Шахановқа қазір де тиісіп қояды. Қасына келіп, бетпе бет, жұрттың көзінше пікір таластыруға табанында бүрі жоқ болса керек. Оның үстіне Мағауиннің өзі кезінде қорлаған басқа да ақын жазушыларға абайсызда бетпебет кездесіп қалса не дерін білмейтіні тағы бар. Сәкен Сейфуллинді жамандап, қорлап, артынан оның жүз он жылдығында Қарағанды-Жаңарқаға барып, шімірікпестен ет шайнап, қонақ болып отырғанын қайтерсің?! Мағауиннің "мен Әбдіжаміл Нұрпейісовті жазушы деп санамаймын" дегенін ақыл есі түзу адам қалай қабылдайды? Шахановтың мына мәселедегі пікірі өте дұрыс.

    • #24
    • Бекжан
    • сс, 10/01/2017 - 22:02

    "«Исабеков С.К., тяжело раненный 18 декабря, был помещен в тюремную больницу КГБ. Против него было возбуждено уголовное дело (следователь Егоров). На основании единственного показания другого обвиняемого – Декелбаев Е.А. – Исабеков осужден впоследствии на 6 лет лишения свободы.»
    Бұл мәліметтің тергеуші Егоров қатысқан арнайы сот шемінен алынғаны көрініп тұр. 21 адамның комиссияға жазған хаты да Е.Декелбаев туралы болатын. Ол хатты өз мұрағатымнан іздеп табу үшін бәлкім айдан аса уақыт қажет шығар. - депті Мұтар ағамыз.

    Сонда Мұхаң орыс тергеуші дайындаған жалған актіге сеніп мына бауырын "сатқын" деп отыр ғой! Ел қамын ойлайтын азаматымыз осындай болса не деуге болады. Тіпті осы бауырының тағдырын шешетін құжатты өз архивінен табуды қиын шаруа деп отыр Мұхаң. Оның ойына кіріп шығар емес адамгершілік деген. Анау байқұс бала шағасы мен ағайын жекжат арасында "сатқын" деген масқаралықтан қалай құтылсам деп жан айқай салып отыр. Мұхаң былқ етер емес!
    Сонда осындай өте төмен саяз ойлайтын адам қазақтың болашағына жақсылық әкеледі деу ақымақтық ғой.

    Мұқаң неге сонша Шыңғысханды жек көреді. Өйткені ол Қыпшақ руынан және Шыңғысханға ең қатты қарсылық танытқан қыпшақ тайпасы болды. Мұхаңның ойынша қыпшақты қырған Шыңғысханның қазақ болуы еш мүмкін емес. Онысын рушылдық дейсіңбе ілде қисынды ойлап біле алмаудан туындаған шалалық дейсңңбе өзің білесің. Тамаша ақын Мұхаң дау жоқ! Бірақ оның логикалық ойлау шамасы өте төмен екені анық.

    Сенген қойым сен болсаң күйсегенің құрысын" деген ғой осындайда халқымыз, Бір қуанарым Мұхаң соңғы жылдары мұсылмандыққа бұрылғандай. Сол себептен Алла разылығы үшін осы бауырына ренжімей оны ел алдында ақтап шығарса дұрыс болар еді. "Кең болсаң кем болмайсыі" деген халқымыз және "Ұлық болсаң кшік бол" дегенде сол мұсылман аталарымыз. Олай болса Мұха бір рет ұсақ түйектен бас тартып БИІКТЕН көрініңіз! Мына бауырыңыздың орнына өзіңізді қойыңыз, кешіріммен қарап оны ақтап алуға атсалысыңыз. Сонда ол бауырыңыз сіздің ең жақын досыңызға айналары даусыз. Сізді таудай көріп жүрген халқыңыз "аса аласа екеніңізді" байқап қарны ашпасын Мұха.

    • #25
    • Sol
    • сс, 10/01/2017 - 22:09

    Qazaq Mazaq, Magauinnen tysha qorqasyng, aitpese, atyngdy anyqtap zhazar eding.Tipuu, beishara...

    • #26
    • #25 Sol деген бейшараға
    • сс, 10/01/2017 - 22:18

    Сенің өз атың нені білдіреді, тышып қойғансың ау сасытқаныңа қарағанда тіфуу!!!

    • #27
    • Sol
    • сс, 10/01/2017 - 22:42

    Qorqasyng, sorly. Ol kim, sen kim...

    • #28
    • Қыпшақтан Бекжанға
    • сн, 11/01/2017 - 1:16

    Мұхтардай батыр тұлға тек қыпшақтай батыр елден ғана туады. Қызғаныштан ішің күйіп, жер тырмалап жүре бер, күншіл пақыр. Сен сияқты күншілдер мың жерден күндегенмен, Мұхтар көкем исі қазақтың мақтанышы, ұлт батыры.

    • #29
    • Ерлан Декелбаев
    • сн, 11/01/2017 - 8:33

    Мұхтар аға! Құдайдан қорықсаңызшы!

    • #30
    • Алтынбек Төре
    • сн, 11/01/2017 - 9:14

    Мұхтар ағамен біргеміз

    • #31
    • Алтынбек Төре
    • сн, 11/01/2017 - 9:23

    Бекжан сияқты бекболатшылардың Мұхтардай ұлт ағасын жек көруінің негізгі себебі, бекболатшылар орысқұл, ұры билікті жандары қалмай қорғайды.
    Ал Мұхтар ағамыз ол сатқын биліктің ит терісін басына қаптайды.
    Міне сондықтан орысқұлдар Мұхтар Шахановты жек көреді.
    Осы Бекжан деген байқадым, жүрген жерінде Мұхаңа тиісіп қалуға тырысып жүреді.

    Ал оның жоғарыдағы айыптауына жауап берсек, Декелбаевтың ісі тек басқыншы ұлттың өкілі Егоровтың ғана үкімімен айыпталып тұрған жоқ, Декелбаев ӨЗІ комиссия мүшелеріне келіп кінəсін мойындағанын негізге алып отыр Шаханов

    • #32
    • Ерсайын
    • сн, 11/01/2017 - 10:34

    Мынау шынында да, өз атын шығарғысы келіп жүрген көп даңғойдың біреуі ғой.Осыдан 30 жыл бұрын ресми құжатқа аты енгенін білген екен. Содан бері ай қарап жүрген бе? Әлде бір сыры бар ма? 21 адам солай деп жазса кщмиссия неге сенбесін? Ақымақтың Мұхтар Шаханововқа соқтығысып несі бар? Егер, сол кезде Мәскеуден сөйлеген Мұқаң болмағанда, қазір "батырсынып" жүргендердің көпшілігі көздері көгеріп қанша уақыт абақтыда жататынын бір құдайдың өзі білетін еді. Тәубаға келсеңдерші

    • #33
    • Тоғайбай Нұрмұратұлы
    • сн, 11/01/2017 - 11:00

    Иә Декелбаевтың желтоқсанда куә болып Исабековтың сотталуына себепші болғаны соттың, тергеушінің, прокурордың шешімдері, тергеу істерін толық жинап, сотқа беру керек. Сол кездегі кеңестік заң баптарымен қайтадан шешім шығартып. Кінәлі деп тапса сол кезде кінәлі болған деп. содан соң тәуелсіз қазақстан заңдарымен қайта сотқа беріп заң жүзінде ақталуы тиіс. Әйтпесе бос сөз бен дауласып ештеңе бітпейді. Шахановты емес Декелбаев 1986 жылғы "сатқын" деп шығарған сотты сотқа берсін.Комиссия соттың ұйғарымына арқа сүйеген. Декелбаев салдармен емес себеппен күрескені дұрыс. Әділдікті заң жүзінде орнату керек. 1937 алаш арыстарын атқанда "куә" болғандар да "ауызша" дау шығаруы мүмкін.

    • #34
    • !
    • сн, 11/01/2017 - 11:53

    31-ші пікір бəрін дұп -дұрыс жазған.Мұхтар Ағатай ғана шырылдап қазаққа керек,Бекжан деген кісі тарихшы да болғысы келіп Шыңғысқанды өтірік бір руға(қай ру екенін білесіздер) теліп жағымпазданып жүргенін оқып бас шайқап жүрміз

    • #35
    • ДОС
    • сн, 11/01/2017 - 12:04

    Декелбаевтің мына ісі өте ұят нәрсе, 25 жыл қайда болдың
    Мұхтар Шахановтың қасында сен кімсің Саған айтар ақылым Мұхтар ағадан тез кешірім сұра

    • #36
    • дос
    • сн, 11/01/2017 - 12:09

    Қолда барда алтынның қадірі жоқ дейді қазақ. Қазақ үшін шырылдап жүрген Мұхтар ағамызды жүрегін ауырпайық

    • #37
    • Қазақ үні
    • сн, 11/01/2017 - 15:55

    Мұхтар Ағаның ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БІРТУР ҰЛЫ ЕКЕНІН, САНАСЫ ТҮЗУ, БОЙЫНДА ҚАЗАҚ БАБАМНЫҢ АРЫ-РУХЫ, НАМЫСы БАР ӘРБІР ҚАЗАҚ ЖАН ТӘНІМЕН СЕЗІНЕДІ ЖӘНЕ АНЫҚ БІЛЕДІ!!! БҮКІЛ ТҮРКІ ӘЛЕМІ МОЙЫНДАҒАН ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫНА, кейбір тексіз-жағымпаз-қорқақ немелердің тіл тигізуі ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ӨШПЕС ҚАСІРЕТІНЕ АЙНАЛҒАН сол баяғы 37-шы жылдың жаңғырығы ғой! Сол кезде де осындай жандардың азғын-сатқындығымен қаншама ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҚАЙМАҒЫ СЫЛЫНЫП АЛЫНДЫ!? Кешегі Қасиетті жеріміз үшін бас көтерген жандарды, қабаған байлаулы төбеттей қауып, ұстап,соттаған бойында ұлтымызға деген ешқандай сезімі жоқ жандар қайдан шықты?? Міне,бұл қазақты біртұтас ұлт қылып ұйытпау үшін жасалып жатқан жоспарлы шаралардың нәтижесінің бірі ғана.Қашан, әрбір қазақ азаматы "ӘР ҚАЗАҚ МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ" деген РУХТЫ СӨЗДІ өз бойына, жанұясына, ұрпағына сіңірмейінше біз ел болмаймыз!!!

    • #38
    • Ағайын
    • сн, 11/01/2017 - 17:16

    Шынында ел аман, жұрт тынышта "жау қайдалап", бүкіл елді дүрліктірген, қайдағы бір есімі белгісіз есалаңның әлемге танылған ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері, арқалы ақын Мұхтар Шахановтан кешірім сұрағаны дұрыс-ау. Ақылға келген жөн екенін оған түсіндіре алатын біреу бар ма екен маңайында?

    • #39
    • Қадыржан
    • сн, 11/01/2017 - 18:04

    Істейтін дұрыс ісі жоқ, екі қолы енектен кетпейтін, еріккен жандардың осындай ит тірлігін естігенде, күйіп кетесің. Туған халқы аялап отырған ақынға тас лақтырып, не опа таппақшы екен? Сонысын отыз жыл бойы қойнына жасырып келгенін айтсайшы. Әй, күйдіргі-ай!

    • #40
    • Алматай
    • сн, 11/01/2017 - 18:51

    Қазақта "Жел соқпаса шөп басы сылдырламайды" деген сөз бар ғой. Тоғайбай Нұрмұратұлы дұрыс айтады, әлгі хат жазған 21 желтоқсандық жиналып, құжаттарды қайта көтеріп, Декелбаевтың сатқын екенін аяғына дейін әшкерелеу керек. Сонда ғана ондайлар жала жабудан тыйылады. Әйтпесе, ызыңдай беретіні хақ.

    • #41
    • білгіш
    • сн, 11/01/2017 - 20:11

    Мұқтарларыңда сау сиырдың боғы емес. Көп мақтай бермеңдер. Ол да талай рет қазақты ұятқа қалдырған. Еврей Евтушенко алдында құрдай жорғалаған.

    • #42
    • білгіш-сүлгішке
    • сн, 11/01/2017 - 20:31

    Қызғаныштан өліп кетпе, Мұхтар Шаханов Евтушенко сияқты планетарлық еврейдің назарын аударып, ол еврей Мұхтардың өлеңдерін орыс тіліне аударса, сол орыс тілі арқылы Шаханов әлемге, тіпті әлем еврейлеріне, әлем халықтарына танылса - қуанбайсың ба?! Талантты тани білген Евтушенкоға рахмет, ол қазақ әдебиетіндегі ең талантты ақынды, жазушыны - Шахановты таңдап алып, аударып, әспеттеді, қайдағы бір рушыл, қызғаншақ, қазақы даудан аспаған Мағауин дегенді емес - тура Мұхтар Шахановты. Өтің жарылып кетседе шындық солай ғой.

    • #43
    • Қадыржан
    • сн, 11/01/2017 - 20:36

    Білгішсымаққа! Қатынының тасасында жасырынып, шиқылдаған сен сияқты сорлы жәдігөйлерден гөрі Евтушенконы құрдай жорғалатқан Мұқаңның көлеңкесі жүз есе артық. Ішің күйсе, тұз жала!!!

    • #44
    • Шахановтың жанкүйері
    • сн, 11/01/2017 - 20:43

    МҰХТАР АҒА! Аман болыңыз! Сізді қолдаймын!

    • #45
    • Шахановтың жанкүйері
    • сн, 11/01/2017 - 20:43

    МҰХТАР АҒА! Аман болыңыз! Сізді қолдаймын!

    • #46
    • Есенаман
    • сн, 11/01/2017 - 22:42

    Мұқа, халық Сізді қолдайды! Жалған "желтоқсаншыларды" әшкерелеп, осы бір тарихтың қастерлі, қасиетті шежіресін тірнектеп жинап жүрген еңбегіңізге бақуаттылық тілейміз!

    • #47
    • Ақиқат
    • бн, 12/01/2017 - 4:31

    Ерлан аға!Сағыңыз сынбасын!!!Сізді сатқын дегендерге сенбейміз!!!Алла пана болсын!

    • #48
    • Сана
    • бн, 12/01/2017 - 9:49

    Медеу аудандық соты ... Бекділда Алдамжаровтың 22 жыл бойына, жындыханада тіркеуде тұрғанын әйгілеп, бас дәрігері қол қойып, арнайы хат жолдапты. Құдай оның бетін ары бұрғай, әйтсе де Е.Декелбаев туралы да жоғарыдағыдай ойға тірелгенімді жасыра алмаймын, - дейді Мұқаң. Кім біледі, бәрін тексерту керек?

Пікір қосу

  • 4 + 33 =

Кіру