Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ұят-ай! 8584 0 пікір 13 Қазан, 2014 сағат 13:07

МЫРЗАТАЙ ҚАЗАҚТЫ БӨЛІП, НЕ ОПА ТАППАҚ?

Моңғолияда бір қандасымыз 37 мың сиырым бар дейді. Бірақ атамекенге көшкім келеді дейді. Сенің 7 атаң, түп атаң сол жерде жатқан жоқ па? Керек болатын болса Шыңғыс ханды да моңғол деген жоқ. Шыңғыс ханды Хан көтерген құрылтай. Құрылтай деген моңғолдың сөзінде жоқ меніңше. Қият, Керей, Найман, Жалайыр көтерген жоқ па оны Хан қылып. Неге көшесіңдер дедім. Сол сияқты Қытайдан да үдере көшудің қажеті жоқ. Алтай, Іле, Тарбағатай ол қазақтың жері. Бабаларың жатқан жер. Мәселен Қытайдан үлгі алмайсыңдар ма? Сол Қытай қазір Америкадан өздерінің кварталдарын ашып тастады. Мен сендерге келмеңдер деп отырғаным жоқ, қате түсініп қалмаңдар. Келе беріңдер. Түгел көшіп, ата жұртты тастап кетпеңдер.»

Baq.kz (Түпнұсқадағы тақырып: Мырзатай Жолдасбеков: Түгел көшіп, атажұртты тастап кетпеңдер).

Басын ашып алатын бір нәрсе, бұл арада М. Жолдасбековтың мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сөзін сөйлеп отырғаны - айдай ақиқат екендігі дер едім!

Ана кезде мемлекет басшысының құлақ етін жеп жүріп, Қазақ Көшін тоқтатқызғандардың көш басында тағы да осы Мырзатай Жолдасбеков тұрғанын, біз талай рет жазғанбыз.

Өз ұлтына, өз халқына қаны қараятындай, бұл адамға соншалықты не болған өзі?

Қызыл жендеттердің атып-асып, соңынан тырқырата қууымен, жартысы - жолда өліп, жартысы - әзер дегенде жат елге табан тіреген шетелге босып кеткен қазақтарымызды атамекеніне қайта оралтуға кедергі жасап отырғандардың басында - тағы да М.Жолдасбеков тұр деп айта аламыз. Билікті жер-көкке сыйғызбай мақтайтындардың алдында - тағы да осы пенде тұр. Қазақстандағы жағымпаздардың көш басында Мырзатай Жолдасбековтың тұрғанын - тағы да біз жоққа шығара алмаймыз. Әрине, қанша жерден соны «жоққа шығрғымыз келсе де...»

Ана Ресейдің боданы болуға құлшынған үстіне құлшына түскен бұл пенделердің, сонда не ойлағандары бар екен? Жер бетінен қазақты құртқанда, бұлар не барқадар таппақ? Аналар Қазақты құртып біткеннен кейін, бұлардың өздерін де, түптұқиянына шейін түк қалтырмай құртып жіберетінін, неге түсінгілері келмейді, сорлы пенделердің? Бұлар аз күнгі шексіз байлық пен шексіз биліктің мәңгілікті емес екендігін біліп тұрып, білгілері келмегені ме? Бұл сорлы пенделердің көздері - соқыр, құлақтары - тас керең болғаны ма?

Әлде, кешегі қызыл жендеттердің бүгінгі ұрпақтарына «бари бир ме?» екен?..

Бұлар өзі Қазақ па екен әуелі? Қазақ болса, олар өз ұлтына неге өш?

Мырзатайша айтқанда, Қазақстанға енді бірде-бір қазақты кіргізбеу керек екен. Олар сол ата-бабаларының қаны тамған елдерде мәңгіге құл болып қалуы керек екен? Осы есі дұрыс адам айтатын сөз бе өзі? Мырзатай Жолдасбековты «алжыды» дейін десең, әлі күнге дейін қақшаңдап жүргенін көзіміз көріп отыр.

Мырзатай Жолдасбеков- ұялмай-қызырмай, осы сөзді қалай айтты екен? Өз ұлтына өзі өшігетіндей, сырттағы қазақтар оларға не жазып қойды соншалық?

Орысқа құл болмай тұра алмаса, неге өздері ғанааналарға басыбайлы құл болып, басқа қазақтарға соқтықпай, жөндерімен неге жүре бермейді? Сонда бұларды осы бір зымиян саястаттары үшін «ұлт сатқындары» деп атауға бола ма?..

Түптің-түбі кез келген ұлт сатқынының тарихтың дар ағашынан қашып құтыла алмайтынын, басқа пенделер білмесе де, мына М.Жолдасбеков білмейді дегенге кім сенеді?

Осы Мырзатай Жолдасбековтың бойында қасиетті Қазақ қаны бар дегенге, бұдан кейін кім сенеді?

Бұл адам - ғалым ба, оқымысты ма, жоқ, әншейін ғана кеудесін соққан, байлықтың соңынан түскен ашқарақ бір жан ба?

М.Жолдасбеков - жер бетінен Қазақты аластап, не опа таппақ?

Иә, сұрақ көп, бірақ, жауап жоқ?..

Жұмаш КӨКБӨРІ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636