Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 6017 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 13:46

РЕСЕЙДІҢ ҚОҚЫСҚА ТАСТАҒАН ҚАРУЫНА ТӘУЕЛДІМІЗ БЕ?

Өткен жылы Мәскеу ресми түрде Астанаға 5 бірдей С-300ПС зенитті-зымырандық кешенін беретіні туралы ақпарат тараған болатын. ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдегендей, бес заманауи  зенитті-зымыран кешендері «қайтарымсыз» шарттар бойынша РФ Қорғаныс министрлігінен ҚР Қорғаныс министрлігінің  арсеналына берілген.

Жақында РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойга мырзаның аталмыш зымыран кешендерін толық тасымалдап болғандығы туралы мәлімдемесі ресейлік және қазақстандық БАҚ-та жарияланды. Кейін анықталғандай, ескі һәм жаңа одақтасымыз Ресей жарылқап берген зенитті-зымырандық кешендерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек екен.

«Біз қайтарымсыз шарттар бойынша Қазақстанға зенитті-зымырандық С-300ПС кешендерін толық жеткізіп бердік. Бұл шекаралас және серіктес мемлекеттің қорғаныс саласына көрсетіп отырған үлкен жәрдем болмақ»,-дейді Сергей Шойга мырза.

Бұл туралы Ол Мәскеуде өткен ТМД Қорғаныс министрлерінің кезекті саммиті аясында, Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуінде баяндаған.

Ресей министрінен кейін сөз алған Иманғали Нұрғалиұлы өзінің ресейлік әріптесіне рахметін айтқан. Десе де, «Азаттық радиосы» таратқан ақпараттарға сүйенсек, Қазақстанның қорғаныс министрі Сергей Шойга мырзаның деректерімен толық келіспейді. Себебі, Ресе тарапы уәде еткен 5 зымыран кешенінің тек екеуі ғана берілген. Қалған үш бірдей кешен әлі Ресей активінде.

Сондай-ақ, Ресей Үкіметі қайтарымсыз шарттар бойынша Қазақстанға сыйлаған кешендер күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді. Сондықтан, жақын күндері бұл кешендер Қорғаныс саласының активтеріне қосылмайды.

Бұл ақпаратты Азаттық сайтына сұхбат берген ҚР әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, генерал-мойор Нұрлан Орманбетов те растаған.

«Ресей Қорғаныс министрлігіген бізге берілген С-300 кешендері жақын арада қолданысқа енгізілмейді. Қазіргі таңда екі кешен толық техникалық тексерістерден өткізілуде. Ал қалған үшеуіне Ресей тарапы жөндеу жүргізіп жатыр»,-дейді генерал-мойор (http://rus.azattyq.org/content/rossiya-peredala-kazakhstanu-pvo-s-300-byvshie-v-upotreblenii/27454674.html).

Енді жоғарыдағы ақпаратты кеңірек пайымдап көрейікші. Ресейдің өзге бір мемлекетке еш қайтарымсыз әскери техникалық заманауи қаруды бере салуының астарында не жатыр?  Қазіргі орталық, посткеңестік территориялық экспансияны күшейтуге тыраштануының бір көрінісі емес пе бұл?

Біздегі билік басында отырғандардың белгілі бір бөлігі – кешегі кландық элиталық топтардың шеңгелінде тәрбиеленгендігі белгілі. Әлемдің саяси картада – жаңа посткоммунистік жүйені құрып, бір орталықтан басқаруға мемлекеттер тұрғындарының 70 пайызанан астамы келіспейтіні де айғақ. Ендеше ескі шекпеннен шыққан қос мемлекеттің арасында қорғаныс саласында ортақтасу, бірігу,  бір-бірін кенет «жарылқау» деген қаншалықты ақылға қонымды? Және қорғануға тиісті обьектіден қорғанатын қару сұрағанымыз қалай?

Кей зерттеушілердің айтуынша, мұндай жағдайларда (мемлекеттер бір-бірін еш қайтарымсыз қарумен жарылқау) қандай да бір барлаушылық, тыңшылық фактілері болуы бек мүмкін. Осыған дейін әлемдік бұқаралық ақпараттарында жазылғандай, кей мемлекеттерде жасалған автоматтар мен жоғары техникалық қаруларда арнайы ақпарат жинайтын «чиптер» орналастырылғаны мәлім болған. Ресейдің жарылқап берген бес зымыранында да посткоммунистік кеңістікте қандай жағдайлар болып жатқанын біліп отыру үшін осындай тыңшылық функцияны атқаратын «құрылғы» орналастырылмағанына кім кепіл бола алады?

1991 жылы қылышынан қан сауғалаған  кеңестік жүйе күйреп, оның құрамына кірген 15 республика жеке-жеке мемлекет ретінде шаңырақ тікті. Сол кезде күркіреген империяның ядролық және әскери техникалық арсеналы да 15-ке бөлінгені белгілі. Әлемдік ірі державалар әлем картасында жаңа пайда болған, жас тәуелсіз елдерді әскери техникалық жасағына ықпал ете алмағанымен, ядролық қарулардан бас тартуға мәжбүрлегені де жасырын емес.

Ол кезде әлем мемлекеттері Қазақстанның бірінші болып ең жойқын қарудан бас тартқаны үшін, оның территориялық қауіпсіздігін қорғауға уәде берді.

Енді арада, ширек ғасырға жуық уақыт өткенде,  ескі һәм жаңа одақтасымыз ортаға кіріп, әскери техникамен жабдықтауға септік еткендей пиғыл көрсетуде.  Ресей жарлықап берген С-300ПС заманауи зенитті-зымыран кешендері қазірдің өзінде Алматы маңына орналастырлыған. Бұл егемендік концепцияларымен қаншалықты қабысады? Жақсы делік. Заманауи ұшқыр әскери техникалар Қазақстанның әскери әлеуетін арттарады дейік. Бірақ, тәуелсіз мемлекеттер арасында қорғаныс саласында достық болады деуге сенудің өзі қиындау екеніне келісерсіздер.

Әлемде қалыптасқан дағды бойынша, мемлекеттер өзге мемлекеттерге – өз қаруын сата алады. Бірақ тегін жарылқаудың астарында бір пиғылдың жатқаны сөзсіз.

Солтүстіктегі көршілеріміздің онсыз да орысы мол аумақтарға көзін алартып отырғаны белгілі. Ертең алағай да бұлағай кезең туа қалса, Путин мырзаның пиғылы ауысып, орыстілді тұрғындардың құқығы дегенді желеу етіп, басып кіруі де ғажап емес. Ондай жағдайда қазіргі жарылқап берген қарулары қазақтың өзіне қарсы бағытталмасына да ешкім кепіл бола алмайды.  Бұған қоса,  Қазақстан аумағындағы Ресейге жалға берілген аймақтардың мәселесі тұр.  Бұл тек Байқоңыр қаласына қатысты емес, Байқоңырдан өзге Қазақстанда 11 миллион гектар жер Ресейдің әскери полигонына айналып отыр. Осы полигондарды жабу мәселесіне келгенде билік басындағы бишіктер бейтараптық танытып отырғаны туралы осыған дейін де жазып келген болатынбыз.  Сондықтан, Қазақстанның ядролық арсеналын қайтару мәселесін күн тәртібіне шығармай жатып  ормандағы көршілерімізге онша бір сене беруімізге болмас сірә. Қорғаныс саласы дейміз, сонда біз кімнен қоғанып жүрміз? «Орыстан досың болса, айбалтаң қасыңда болсын» деген халық енді заманауи айбалтаны соның өзінен алып отырғаны қалай?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394