Шынның жүзі

ҚАЗАҚСТАН 114 МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАРЫЗ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Сорымызға қарай, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы 114 мемлекетке қарыз екен. 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мәлімет бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 153,5 миллиард доллар болыпты. Мәселен, Өзбекстан Республикасы бірде-бір мемлекетке қарыз емес. Бірнеше мемлекетті асырауға жететін осыншама қыруар қарыз қандай игіліктерге жұмсалды? Тек Қытайдан алған қарызымыз 18 миллиард доллар екен. Елімізде әрбір жаңа туған нәресте 10 мың доллар мемлекетке қарыз. Масқара емес пе? Осыншама көп қарыз ел мүддесіне жұмсалды ма, әлде жеке қалталарға құйылып кетті ме? Мұны қазіргі билік салтанат құрып тұрған кезде зерттеу, жарыққа шығару мүмкін емес екенін өздеріңіз білесіздер.

Өткен сенбіде, яғни, 21 мамыр күні тек Алматы қаласында Қазақстан жерін шетелдіктерге сатуға, жалға беруге қарсы көшеге, шамамен 15 мыңнан астам адам шықса, соның 2 мыңнан астамы қолы арқасы қайырылып, ұсталды, қамалды. Солардың ішінде 43 журналист бар екен. «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайдан бастап, кейбіреулері 42 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген. «Билікті күшпен басып алуды насихаттады» деген сылтаумен белгілі әнші-сазгер Жанат Есентаевтан бастап, Талғат Аян, Ердан Башанов, Макс Боқаев, Сағынғали Қапизов, Қабайдолла Шолақ секілді адамдар бір жарым жылдық немесе одан да жоғарғы көлемдегі қылмыстық жауапкершілікке тартылғалы жатыр.

Бұрын да айттық, қазір тағы да қайталайын. Елімізде демократия – «жемократияға», экономика – «жекономикаға», депутаттардың көпшілігі «жепутатқа» айналып кетті. Сондықтан мұндай мәселелерге біз бей-жай қарамауымыз керек.

Ең алғашқы жиында жер туралы құрылған комиссияның 11 мүшесі ғана «жер шетелге сатылмасын және жалға берілмесін» дегенді қолдады. Ал бізге қарсы дауыс көтергендердің саны 59 адамға жетті. Бірақ біз алған бағытымыздан қайтпаймыз. Егер шындық ашық түрде мойындалмаса, жер мүддесі туралы көтеріліс те тоқтамайды. Мұны биліктің сойылын соғушы кейбір комиссия мүшелері білуі керек. Комиссияның екінші жиынында 59 адамның кейбіреулері шындыққа қарай бет бұрғанын да назарда ұстағанымыз жөн.

«Жер Қазақстан азаматтарына да сатылмауы тиіс. Бірақ жалға беруге болады» деп жатырмыз. Тек бір мәселені қатаң түрде ескеруіміз керек. Бүгінгі таңда 24 мың қазақ қызы қытай жігіттеріне тұрмысқа шығыпты. Қыздарымыздың бұл үрдісі үлкен деңгейде жалғасып жатыр. Болашақта Қазақстан азаматшасына үйленген қытай күйеубалалар сан миллиондаған гектар жерді жалға алып, қытай құдаларды қаптатса қайтеміз? Сондықтан аралас некелі адамдардан келетін қауіпті жер туралы заңға ендіруіміз қажет.

Жаңа Оразалы Сәбден өте жақсы айтты. Ол біздің экономикамыздың қиыр-шиырын және проблемаларын өз жүрегінің елегінен өткізген азамат. Сондықтан оның ұсынысын басты назарда ұстап, соның төңірегінде жұмыс жасауымыз керек.

Тағы бір мәселе: «Үш тұғырлы тіл» де мемлекеттік тілді жоюдың және қазақ ұлтын жоюдың төте жолы. 

Мен жер мүддесімен шұғылданатын комиссия мүшелеріне мынадай бір шумақ өлең арнадым:

Шындық шыңына бет бұра алсаңыздар, сау болыңыздар,

Есектер шыға алмайтын тау болыңыздар.

Жерді шетелге сатуға, жалға беруге,

Және өз адамдарымызға сатуға да,

Бітіспес жау болыңыздар!

Әумин!


Мұхтар Шаханов

(28 мамырдағы жер туралы комиссияның үшінгі отырысында сөйлеген сөзі)

Abai.kz

34 пікір 7011 рет оқылды Қосылған: 30.05.16
    • #1
    • Қарағанды Спан
    • дн, 30/05/2016 - 15:10

    Қазақтың тариыхында өз халықын қарызға белшесінен батыра тонаған сорақы босшы болмаған шығар сірә!

    • #2
    • Ерсін
    • дн, 30/05/2016 - 15:20

    Менің немерелерімнің де тумай жатып қарыз болып жатқандарына ішім удай ашиды. Олардың обалдарын кім көтереді?

    • #3
    • Қазақ
    • дн, 30/05/2016 - 15:21

    Ә, енді немене, осыншама қыруар мектептер, ауруханалар, жолдар, зауыттар салынып жатқанына, содан кейін жалақы мен пенсияның, жәрдемақы мен шәкіртақының өсіп жатқанына соншама мол қаражатты билік қалтасынан тауып беріп жатыр деп ойлап келдіңіздер ме? Атымтай жомартты тапқан екенсіздер! Қарыз алып диплом сатып ал, қарыз алып той жаса, қарыз алып машина ал, қарыз алып пара бер де жұмысқа тұр, қарыз алып соның күйігінен өл, сосын қарыз алып өзіңе мола салып қой. "Қазақ қарыз десе (шөлдеп тұрмаса да) қара судан бір ұрттап қалады" деген емес пе, билік қазақтың осындай қарыз құмарлығын біліп қарыз алып беріп отыр. Ал биліктің ғұламалығына ешкім шек келтірмейді. Шек келтіргендер болса Мырзатай мен Бекболаттан, Мұхтар(көбік сөздің шебері) мен Иманғалидан сұрасын.

    • #4
    • Қазақ
    • дн, 30/05/2016 - 15:32

    Бүгінгі таңда 24 мың қазақ қызы қытай жігіттеріне тұрмысқа шығыпты.
    **

    Бұл енді ҰЛТТЫҚ ТРАГЕДИЯ!!! Халықты осыншама қайыршы қылып, соның кесірінен ақша үшін қандай масқарылыққа болса да баратын қылып "есектің артын жусаң да мал тап, заманың түлкі болса тазы болып шал" деп харам жолмен нәпақа табуды мемлекеттік дәрежеде насихаттап жүрген залымға Алланың зауалы түссін!!!

    • #5
    • Ақымақ
    • дн, 30/05/2016 - 15:36

    Қызымыз қытайға байға тиіп жатса қытай құдамызға жыланның басын тартамыз ба, шаянның басын тартамыз ба? Есектің еті қытайларда ең деликатес тамақ деп ненің харам, ненің халақ екеніне қарамайтын азғындар жаппай есек ұрлауға шықты деп еді, мүмкін есек сатып алып бордақылап отыру керек шығар?

    • #6
    • Ақымақ
    • дн, 30/05/2016 - 15:37

    Қызымыз қытайға байға тиіп жатса қытай құдамызға жыланның басын тартамыз ба, шаянның басын тартамыз ба? Есектің еті қытайларда ең деликатес тамақ деп ненің харам, ненің халақ екеніне қарамайтын азғындар жаппай есек ұрлауға шықты деп еді, мүмкін есек сатып алып бордақылап отыру керек шығар?

    • #7
    • #3 Қазақ-қа
    • дн, 30/05/2016 - 15:49

    Мектеп жол, мектеп, емхана салуға шет елден қарыз алды деп басты қатырмаяқ қой. Өйтіп ұрыларды жақтап халықты қаралаудың қажеті жақ.

    • #8
    • #7,
    • дн, 30/05/2016 - 16:08

    Мектеп жол, мектеп, емхана салуға қарыз алмаса, оларға қаржыны сен қалтаңнан бөлдің ба? Қазақстанның бүкіл байлығын иеленіп отырған олигархтардан түсетін болмашы салық билікті қоғайтын полицайлар мен кнбны, армия мен әкімшіл әміршіл шенеуніктерді, жепутаттарды, одан қалды биліктің ғұлама данышпандығын насихаттай үгіт насихат құралдарын қаржыландыруға шақ деп жетеді ғой.

    • #9
    • (*!*)
    • дн, 30/05/2016 - 16:21

    Шет елдерден алынған қарыздар мынадай схема бойынша жүреді.Үкімет басындағылар бастауымен, МУМУ парламенттің қоштауымен әр түрлі жобалар, бағдарламалар өмірге жол тартады. Бұған бөлінген қаржыны жақын таныстары бірінші боп естиді және солар алады. Алғанда "шәпкесін" банктегілер көреді. Алып беруге ықпал еткен адам ол да "навар" көреді. Ең соңында ақша қолына тиген адам әлгі жобаны бастаған боп,"бұрқасын тірліктің" көрінісін жасайды, да ең соңында пәлен болды, пәштуан болды деп істі жауып тынады. Барлық сыйақы қолдарына түскен адамдар ақшаларын шетелдік банкке қайта жасырады. Бұл банк о баста қарыз берген банк боп шығады.Осылай қызықстан "қораға" кіріп кетеді.Шыңғыс Айтматовтағы басына шикі тері қапталған мәңгүрт естеріңде болар, сенің бас ауруыңа кіналы анау деп, анасын көрсеткенде садақпен атып салатын.Біздегі мәңгүрт билік те Жер-анасын садақпен қарауылға алып тұр. Адырна шірене тартулы, оқ ұша ма жоқ па?.... Бұл енді Алланың қалауы, халықтың жігерінде.

    • #10
    • ҚАЗАҚ
    • дн, 30/05/2016 - 16:26

    ҚАРЫЗ БОЛСА ҚҰЛЫБАЕВТАРМЕН ДАРИҒА ТӨЛЕСІН

    • #11
    • #7,
    • дн, 30/05/2016 - 16:29

    Ал енді Ақылдым, құр бос ойыңа ермей нақты ақпаратқа қара, бір ғана Батыс Қытай - Батыс Европа жолының қанша пайызы қарызбен қаржыландырылған?



    Проект Международного транспортного коридора "Западная Европа - Западный Китай"

    Для реализации проекта определены три источника финансирования.

    За счет республиканского бюджета в сумме 136,1 млрд тенге предусмотрена реконструкция участка Карабутак - Иргиз - гр. Кызылординской области, северного обхода г.Актобе, проезд по г.Шымкент, выход на БАКАД (Большая алматинская кольцевая автодорога), а также софинансирование участков, финансируемых за счет средств международных финансовых институтов.

    Второй источник - внешние займы международных финансовых институтов в сумме 3,4 млрд. долларов США, в т.ч.
    Международный банк реконструкции и развития 2125 млн. долларов США, Азиатский банк развития - 700 млн. долларов США, Исламский банк развития - 398 млн. долларов США и Европейский банк реконструкции и развития - 180 млн. долларов США.
    В качестве третьего источника финансирования запланировано привлечение частных инвестиций на концессионной основе на сумму 266,6 млрд. тенге. На эти средства будут реконструированы участки Алматы - Хоргос и Ташкент - Шымкент - граница Жамбылской области. http://www.intsyst.net/vector/vector_04/china_europe.pdf

    • #12
    • #11-ке
    • дн, 30/05/2016 - 16:36

    Кім қалай ұрлағанын білетін болсаң мына жерде немінеңе өсек соғып отырчың? Қумасай!

    • #13
    • #7,
    • дн, 30/05/2016 - 16:42

    Өсек деген ол сенің ойыңнан шығарып айтатын бос сөздерің ғой.

    • #14
    • куандык
    • дн, 30/05/2016 - 18:33

    Не деген маскара. Жакын жиырма жылдаак кытайлар сан каз нда миллионга жетеди. Жеринде жесиринде кетти емеспе озгенин кулы боп. Билыктегилер кайда карап отыр. Неге жабык ел болып оз тилин динин карындас кыздарын коргамайды. 24 мын кыз кытаймен турмыс курган болса баскада улттармен турмыс кургандар жуз мындап бар дейди. Бул бириншиден казак санын кемейту болса екиншиден казак жеринде озге улттын кобеюине улес коскан емеспе. Естеринди жиындар ултым казак деген арбир кандас. Каракоз карындастар неге оз ултын казак ултын суйип кадирлемейсиндер. Неге оз кандастарынды озге улттарга аякасты етип корлайсындар. У ишсенда руынмен иш деген атам казак. Казакстан жерине бирде бир шетелдик озге улттарды киркизбеу керек. Бир статистикада корей улты 700 жылда жок боп кетеди екен деп окып ем. Осылай намыссыз ойсыз карындастарымыз озге улттын етегин устап кете барса казак халкы жуз жыл жасаймекен

    • #15
    • мен
    • дн, 30/05/2016 - 18:51

    Өзбектерде қарыз жоқ деген бос сөз. http://data.worldbank.org/indicator/DT.DOD.DECT.CD

    Дұрыс мәліметтермен сөйлеу керек

    • #16
    • Ерсін
    • дн, 30/05/2016 - 19:31

    Тышқан, крыса, адам етін жейтін қытай жігіттерімен қазақ қыздары қалай сүйіседі екен. Осына ойлағаннан жүрегім айнып отыр. Кәпірлер.

    • #17
    • Қарағанды Спан
    • дн, 30/05/2016 - 20:16

    Қазақ қыздары неге жаман да болса басқа ұлттарға күйеуге шығып жатыр? Өйткені бүгінгі билік Қазақ мемлектінде Қазақ ұлтын ең бейшара хәлге жеткізген. Оған дәлелім;
    - Телеараналар мен ақпарат құралдары 90% өзге тілді (орыс) ұлықтаумен келеді. Орысша сөйлегендерді ұтымды етіп көрсетеді. Ақпарат құралдарында жағымды суреттер мен роликтерде Қазақтың қара балдарын аз көресіз.
    - Билік өзге тілде сөйлеп өз тілін артына да қыстырмайды. Қазақ тілінде жауап қатқан басшыны ресми жауапқа тартады.
    - Қазақ аулы мен ауыл қарттарын, қыз келіншектерін артта қалған 2ші сорт қылп кионлармен шоулар түсіруде. Оған қыруар қаражат табылады.
    - Қазақта лауазыммен халық сыйлайтын қария қалмады. Қазақ үлкенді сыйлап, тәрбие алып өскен халық. Жас жігіттер кімге тартылып өсетінін білмейді. Өңшең шоумен дермен ұры қары.
    - Қазақ жастарының мемлекттен күтетін ешқандай көмегімен тірегі жоқ. Отау қүрай алмайды. Қаражат, үйі мүмкіншілігі жоқ.
    Қазақ елінде тұрып Қазақ ұл қыздарының басқа келімсектерден ешқандай мемлекеттік ұтымдылығы жоқ. Басқа елдерде жергілікті ұлтты мемлекет ерекше қолдайды.
    Осындай жағдайда Қазақ қыздары басқа ұлттарға соның ішінде қытайғада күйеуге шығуда.
    Қазақ халқын намыссыз бейшара қылып жібергеніне биліктің тіклей қатысы бар. Қыздарымыздың ит пен құсқа тиіп жатқаны қандай өкінішті.

    • #18
    • Нураткатбай
    • дн, 30/05/2016 - 20:23

    Індеріңнен шықпасаңдар қарыздарың көбейе береді

    • #19
    • Төре
    • дн, 30/05/2016 - 20:26

    ҚАЗАҚСТАН - 114 МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАРЫЗ, сыртқы қарызы 153,5 миллиард доллар болыпты! Жетіскен екенбіз? Сормаңдай Қазақ, бұлда "даналықтың, көрегендіктің, елдің басына қонған бақтың" т. т. көрнісі емес пе? Анау айтқандай ...Ұрпағымыз біздерге Қара Қарғыс айтатын болды! Ел басындағы азаматтар, осыншама ойсыз,тексізденулеріңізге жол болсын... Ержүрек Қазақтаң қаны, жігері өзднріңізде барма,., бар болса, ол қайда? Жаным - Арымның садағасы... дейтін, Ата-Баның ұрпақтары...

    • #20
    • Астаналық
    • дн, 30/05/2016 - 20:58

    Кешеғана біздің алжыған жұмақта тұрып жатырмыз деп көпіріп еді. Қарызы бар жұмаққа түспейтінін білеме ол?

    • #21
    • сауыт
    • дн, 30/05/2016 - 21:00

    Елміз, 30-дыққа кірдік, ұрдық, жықтық дегені қайда. Сатылған мұнайдың налогінің өзінен 150,00 млрд. доллар Қорға түсті. Ал жалпы сатылған мұнайдың құны қайда сонда. қаражат жетпесе Астана салып, той жасап, әлемнің жақсы-жаманын қонақ қылып, Саммит, конференция,діндерді жинап, кейде шет Елдерге Спонсор болу не теңім. бәрін сатып болып Жерге кірістік де. Ертең марқұм болған жақындарымызды қайда жерлейміз. Әлде Кеңсайдағыдай 15-20-ға сатып аламызба.

    • #22
    • Шал құрдасы
    • дн, 30/05/2016 - 21:26
    Пікір алынып тасталды!
    • #23
    • Адайшал
    • дн, 30/05/2016 - 21:59

    Сол 24 мың қаншықты ойнастарымен бірге елден аластау керек енді қайтып келместей етіп. Тағы шүртекейі шертіп қыбы қанбай өзгені аңсайтын салдақылар болса анау түркпендердей 50-60 мың доллардан сатып, қолына "билет в один конец" беріп шығарып салу керек, сонымен мәселе өз шешімін табады. Бізің ІЖӨ 175 млрд. деуші еді, қарызда соған жақындап қапты, одан тек жеріңді беріп құтыласың, мына банды биліктің жанұшырып жүргені сол. Бұған соңғы нүктені қояалса халық қояды, қоялмаса қош аманбол қ...м болғалы тұр.

    • #24
    • Гинекол
    • дн, 30/05/2016 - 22:38

    Бала көтерген қазақ әйелін ұрып ішінен баласын түсіріп, ол түсік баласынан сорпа қайнатып ішіп отырғанын елестетіп көріңдерші, ақымақ шүйкебастар!

    • #25
    • #
    • дн, 30/05/2016 - 23:53

    Қадірлі Абай.кз!
    Сіздер С.Д.Асфендиаровтың "Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане" деген кітабының 29-30-шы беттеріндегі екі абзацты қазақшаға аударып беріңіздерші. Кітап 1936 жылы шыққан.
    Халық оқысын. 1897 ші жылдары Ильминский деген миссионердің шоқындырып жіберген үш қазағының тағдыры жазылған. Жер өлшеуге келген орыс землемерін ЖЕРДІ БЕРМЕЙМІЗ деп осы шоқынған қазақтар өлтіріп тастайды. Өлім жазасына кесілген бұл қазақтарды Ильминский жүгіріп жүріп 20 жылдық каторгаға айырбастап, түрмедегі үш қазақты қуантайын деп хабар айта келеді. Бірақ ол күткендей анау үш шоқынды қазақ қуана қоймайды. "Потеря земли им казалась худшей бедой, чем смерть" деп жазады.
    Оқып отырып жылағым келді.
    Дәл бүгін "жерді жоғалтқанымыздан өлгеніміз артық" деген талай адамның сөзін естідім. Қара халық билікке таласқысы келіп тұрған жоқ. Жерден айырылғысы келмейді. Бары осы.

    • #26
    • Айсұлтан Н. #26 -ға
    • сс, 31/05/2016 - 0:19

    Сіз жазған С.Д.Асфендиаровтың "Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане" кітапбінің электронды түрі барма?

    • #27
    • батыр
    • сс, 31/05/2016 - 1:01

    қазақ бұндай өмір сүрген жоқ дегені енді белгілі болды бар қазақты қарызға батырып өздері милиардер болып бөсіп жүр.

    • #28
    • куандык
    • сс, 31/05/2016 - 8:16

    Сендерден сурарым бар. Мен шеттеги казакпын. Казакстанда озге улт окилдери еркектер калай казакстан азаматтыгын алаалады. Казак кызымен неке киып каз нда турабереме. Немесе озге улттар тегин казак кылып озгертеме. Ана жогарыдагы казактын саткын каншыктары келген келимсектермен сол елине кууга болмайма. Казакты ойыншык кылмаган оз карындастарымыз калып еди. Казакстанда казак гана туру керек. Казакка гана жаксы жагдайларды жасау керек. Казак жигиттерине уй жумыс ушын женилдик беру керек. Айтпесе таудагы барыс кусап казак тукымыда куриды. Алла одан сактасын. Казак ели мен казак улты манги жасасын.

    • #29
    • #
    • сс, 31/05/2016 - 14:09

    Айсұлтан Н., иә, кітаптың электрондық нұсқасы интернетте бар екен.
    Ол кітапта Жер үшін қазақ ұлтының қандайлық жапа шеккені айтылады. Бұдан да басқа фактілер бар.
    Кітап 1935 жылы шыққанын ескере отырып оқыңыз, ол кезде советтік цензураның қылышынан қан тамып тұрған уақыт. Соған қарамастан автор талай фактілерді бере алыпты.

    • #30
    • #
    • сс, 31/05/2016 - 14:14

    Айсұлтан, кешіріңіз, кітап 1936 жылы шыққан

    • #31
    • Оралман
    • сн, 01/06/2016 - 1:10

    Кытайлыкка куйуге шыккан казак кызды КР азаматтыгынан занды турде алып тастауымыз керек . Амал жок, осындай халыкаралык зандарга кайшы келетiн арекеттермен болсада озiмiздiн келешегiмiзге куресуiмiз керек

    • #32
    • #31 Оралман ға
    • сн, 01/06/2016 - 12:03

    Барлық елдер ұлттық мүддесін кез келген халықаралық заңдардан жоғары қояды. Жалғыз қытай емес, кез-келген мұсылман емеске мұсылман қыздың күйеуге шығуына Шариғат тыйым салған, соған байланысты Шариғатта мұсылман еместерге күйеуге шыққан қыздар муртад саналады. Ал муртадтың жазасы белгілі. Бірақ біз Алланың заңымен жүрмейтін жартылай кәпір мемлекет болғаннан кейін ол жаза қолданылмайды, бірақ азаматтықтан айыруға шектеу жоқ.

    • #33
    • Сибыр
    • сн, 01/06/2016 - 14:32

    Бұл қаражат бер жағы болып жүрмесін, арты көбейіп кетеме деп қорқам. Меморгандар ұдай Ағамызға ұнайтын Цифрларды БАҚ-қа шығарушы еді.

    • #34
    • dwayne
    • жм, 02/12/2016 - 3:42

    Құттықтаулар ......

    whitelabellending бастап.
    whitelabellending кезде біз қарыздар барлық түрлерін ұсынамыз
    (Несие қамтамасыз ету және қорғалмаған), біз барлық түрлерін ұсынамыз
    барлық мақсаттар үй, автомобильдер мен БИЗНЕС несиелер бойынша қарыздар
    және барлық осы біз, anun бір 3% келеді
    біз, сіз ең жақсы ұсынамыз whitelabellending
    Қосымша ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз, таба
    VIA: whitelabelendingt@outlook.com

Пікір қосу

  • 8 + 12 =

Вход