Жексенбі, 13 Сәуір 2025
Асқанға - тосқан 1274 0 пікір 10 Сәуір, 2025 сағат 15:01

Нығматулиндер кланының күні батуда...

Сурет: Марат Абулхатин / rbc.ru сайтынан алынды.

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі болған Нұрлан Нығматулинның жақындары шетінен істі болып жатыр.

Нығматулиннің ұлы - Нұржан Нұрланұлы мен туған бауыры Ерлан Зайроллаұлының үстінен шағым арыз түскенін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев растады.

«Қазір біз арызды қарастырып жатырмыз. Қандай да бір жайтты айтуға әлі ерте», - деп пікір білдірді ол Сенатта БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін Нұрлан Нығматулиннің туған ағасы Арғын Зайроллаұлына іздеу жарияланғаны хабарланған еді. Ол шетелге бой тасалап үлгірген.

Прокуратура органдары Арғын Нығматулиннің үстінен Қарағанды облысында хоккей клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша іс қозғаған.

«Оған халықаралық іздеу жарияланған. Тұрғылықты жерін анықтағаннан кейін экстрадациялау мәселесі қабылданады», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Әлеуметтік желіде «Бәйтерек» холдингінің және «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-ның бұрынғы директоры болған Нұржан Нұрлановтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы дақпырт тараған еді.

Артынан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын растады.

«Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасында ҚР ҚК 389-бабы (өзінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген ІІМ жауабында.

Назарбаев кезінде билік пен байлыққа кенелген Нығматулин Қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылдың 1 ақпанында Мәжіліс төрағасы қызметінен өз еркімен кетті. Оның орнына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы әкімшілік басшысы Ерлан Қошанов тағайындалды. ​Кейінірек, Нығматулин Нұр Отан партиясының (қазіргі Аманат) Саяси кеңесінен шығарылды. Осыдан кейін Нығматулин түрлі айыптауларға тап болды.

Нұрлан Нығматулин – бірнеше ағайынды үлкен әулеттің мүшесі. Бұрынғы Мәжіліс спикерінің 5 бауыры бар.

Нығматулиннің құдасы – Дінмұхамет Ыдырысов (қызы Мәдина Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрлановқа күйеуге шыққан). 2022 жылдың мамырындағы жағдай бойынша Ыдырысов "Қазақстан коммуналдық жүйелері", "Ордабасы Групп" компанияларына және әртүрлі ЖШС-дегі басқа да акцияларға ие.

Нұрлан Нығматулиннің жұбайы Баймұрзаева Венера. Ал ұлдары Нұржан, Нұрхан, Мәди. Экс-спикердің жары Kcell және Air Astana сияқты 17 компаниямен үлестес. Қазір бизнес бағыты – жеке жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару бойынша "Capital Estate Group" ЖШС құрылтайшысы. Оның құрылтайшылары қатарында ұлдары – Нұржан мен Нұрхан бар. Олар Қазақстандағы ірі бизнес саласында белсенді қызмет етеді. Дегенмен бұл екі есім әкелері отставкаға кеткен соң кеңінен таныла бастады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1826
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4637
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3675