Сағат ЖҮСІП. ТЖМК-ГКЧП бүлігіне 20 жыл.
1991 жылғы Тамыз бүлігі кезінде коммунистер кімді қолдады?
Биыл 1991 жылы 19-21 тамыздағы ТЖМК-ГКЧП бүлігі деген атпен тарихта қалған оқиғаға тура 20 жыл толады. Бұл оқиғаны Ресей сияқты көптеген кеңестік одақтас республикалардың жұртшылығы мен ресми билігі еске алып, сол бір тағдырлы кезең уақытында орын алған осы оқиғадан кейін тарих дөңгелегінің Кеңес одағы деген империяның қалай тез құлауын жақындатқанын тағы бір рет көз алдына елестетері анық. Бұл күнді еске алмау мүмкін емес, себебі барлық одақтас республикалардың тәуелсіздігіне жол ашқан осы Тамыз бүлігі. Тек қана Қазақстан сияқты бір-екі республикалар ғана бұл оқиғаны еске алмасы анық. Оның себебін айтпай-ақ қояйық.
Осы орайда биыл туғанына 60 жыл толатын көрнекті қоғам қайраткері, демократ-журналист, «Азат» қозғалысының көшбасшыларының бірі болған Батырхан Дәрімбеттің осыдан 10 жыл бұрын «Азаттық» радиосы арқылы берілген бұрын жарық көрмеген мақаласын ұсынамын.
Одақтас республикалардың тәуелсіздігіне жол ашқан 1991 жылғы Тамыз бүлігіне
10 жыл
1991 жылғы Тамыз бүлігі кезінде коммунистер кімді қолдады?
Биыл 1991 жылы 19-21 тамыздағы ТЖМК-ГКЧП бүлігі деген атпен тарихта қалған оқиғаға тура 20 жыл толады. Бұл оқиғаны Ресей сияқты көптеген кеңестік одақтас республикалардың жұртшылығы мен ресми билігі еске алып, сол бір тағдырлы кезең уақытында орын алған осы оқиғадан кейін тарих дөңгелегінің Кеңес одағы деген империяның қалай тез құлауын жақындатқанын тағы бір рет көз алдына елестетері анық. Бұл күнді еске алмау мүмкін емес, себебі барлық одақтас республикалардың тәуелсіздігіне жол ашқан осы Тамыз бүлігі. Тек қана Қазақстан сияқты бір-екі республикалар ғана бұл оқиғаны еске алмасы анық. Оның себебін айтпай-ақ қояйық.
Осы орайда биыл туғанына 60 жыл толатын көрнекті қоғам қайраткері, демократ-журналист, «Азат» қозғалысының көшбасшыларының бірі болған Батырхан Дәрімбеттің осыдан 10 жыл бұрын «Азаттық» радиосы арқылы берілген бұрын жарық көрмеген мақаласын ұсынамын.
Одақтас республикалардың тәуелсіздігіне жол ашқан 1991 жылғы Тамыз бүлігіне
10 жыл
Осыдан тура 10 жыл бұрын, 1991 жылдың 19 тамызы күні ескі Совет Одағының астанасы Мәскеу қаласында төтенше жағдай жөніндегі комитет деген құрылып, елдегі үкіметті күшпен билеп алуға әрекеттенген болатын. Тарихқа Тамыз бүлігі деп енген бұл оқиға әлем жұртшылығын елең еткізді. Өйткені Совет Одағы сияқты алып мемлекеттегі кез келген өзгеріс адамзат баласының қауымына әсер ететіні сөзсіз еді. Оның үстіне жариялылық пен демократия ұраны аясында бірте-бірте иі жұмсарып, адамдық келбетіне келе бастаған Совет Одағының басқа бір бағытқа бұрып кетіру қаупі де тұрған-ды. Егер ТЖМК жеңгенде басқа одақтас республикалар сияқты Қазақстанның да тәуелсіздік алуы неғайбыл еді. Сондықтан тәуелсіздік жолында күресіп жатқан азаматтар бұл оқиғаға қауіппен қарады. 19 тамызда сол кездегі Қазақ КСР Презденті Н.Назарбаев ТЖМК-н қолдағандай боп сөз сөйледі. Қазақстан телеарнасы сол күні-ақ ТЖМК-ң қаулыларын таратып жатты. 20 тамызда «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Лениншіл жас» газеттері олардың заңсыз қаулыларын басып шығарды. Оңтүстік Қазақстан облысының 1 хатшысы Сергей Терещенко М.Горбачевтың портретін далаға лақтырды. Алматы қаласының басшылары Нұрқаділов пен В.Храпунов ТЖМК-ні қолдап сөз сөйледі. Қысқасы, Қазақстан басшылығы Янаев бастаған бүлікшілерді қолдауға түгел дайын болды.
Дәл осы кезде «Азат» қозғалысының мүшелері Алматыдағы Орталық басшылығы түгелімен қарсы болдық.(таспаға жазылған сөз). Жасарал Қуанышәлин ол кезде «Азат» қозғалысы мүшесі болатын. Онымен бірге аштық жариялаған дәрігер Орал Сәулебай да қатардағы «Азат» мүшелерінен еді. «Азат» басшылығы 19 тамыз күні жиналып, арнаулы мәлімдеме қабылдады және тең төраға Михаил Есенәлиевке Н.Назарбаевпен жолығып сөйлесуін, қажет болса «Азат» мүшелерінен жасақ құрып Қазақстан үкіметін бүлікшілерден қорғауға дайын екендігін Назарбаевқа білдіру тапсырылды. Сол күні Н.Назарбаевпен кездескен Михаил Есеналиев осының бәрін айтып Н.Назарбаевқа бүлікшілерге қолдау көрсетуге болмайтынын ескерткен еді. Содан кейін ғана Н.Назарбаев келесі күні басқаша мәлімдеме жасады. Ал 21 тамыз күні ол ТЖМК-ні түгелдей айыптап шықты. Н. Назарбаевтың бұндай солқылдақ позиция ұстауына себеп болған нәрсе - ол кезде Қазақстан Мәскеудегі жағдайға тікелей байлаулы болатын. Мәскеу қалай бұрылса, Қазақстан да солай бұрылатыны анық еді. Сол себептен де Н. Назарбаев М.Горбачев ұсынған Одақтық шартты қолдап келді. Бұл жөнінде Қазақстанға соңғы сапары кезінде М. Горбачев айтып берген болатын. Одақтық Шартқа қол қоюға Н.Назарбаев екеуміз ғана дайын болдық деді М. Горбачев. Оның бұнысы рас. Совет Одағының өз-өзінен тарап кеткеніне Н.Назарбаев қарсы болатын. «Бізге күшті Орталық қажет», «Совет Одағынсыз Қазақстан өмір сүре алмайды» деген ұрандар оның аузынан түспейтін. Осындай Н.Назарбаевтың пікірі ТЖМК-ден соң ғана өзгерді.
Осыдан 10 жыл бұрын болған бұл оқиғалар күні кешегідей көз алдымызда. Жер жүзін үрейлендіре келген ТЖМК - ГКЧП ақыр аяғында ештеңе бітіре алмай, бірі атылып, бірі қамалып, қалғаны түрмеге түсіп, Совет Одағының іргесін онан әрі шайқатып тынды. Тұтқында болған Горбачевтың билігі де әлсіреп қалды. Әуелде аңтарылып қалған Ельцин дереу күшіне қайта мінді. Оның бүлік кезінде не істерін білмей сасып қалғаны жөнінде сол кездегі Ельциннің сенімді серігі, РСФСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы Руслан Хасбулатовтың айтуына қарағанда, тамыздың 20-н 21-е қараған түні Борис Ельцин АҚШ елшілігіне барып қонбақшы болған, өйтпесе сол түнде РСФСР басшылығы түгел тұтқындалады екен деген өсек тарапты. Алайда қарулы күштер мен қарапайым халық қолдамаған ТЖМК басшылары ештеңе істей алмай өздері қолға түсті. Сөйтіп бұл оқиға одақтас республикалардың тәуелсіздік алуына жол ашты. 19.08.2001
Міне, көріп отырсыздар, Тамыз бүлігіне деген ресми биліктің теріс көзқарасының бір ұшының қайда жатқанын. Осыдан барып оның биылғы аталып жатқан тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына деген қаншалықты ақжүректілігіне деген бағаны өздеріңіз бересіздер.
ТЖМК бүлігіне Қазақстанда қарсы болған бірден бір саяси-қоғамдық күш - Азаматтық «Азат» қозғалысы болғаны белгілі. Оны Б.Дәрімбет те айтып отыр. Осы оқиғаға қатысты менде бір құжат жеке архивімде сақтаулы. Ол - 1991 жылы 20-21 тамыз күндері Қызылорда қаласының орталық алаңында облыстық «Азат» қозғалысының таратқан қазақша, орысша үнпарақтары. «Азаттың» бұл акциясы жайлы Қызылорда облыстық «Путь Ленина» газеті 23 тамыз күнгі санында жазды. Үнпарақта былай деп жазылған болатын:
«Азат» азаматтық қозғалысының облыстық бөлімшесі, еліміз үшін осы бір тағдырлы кезеңде азаматтарды заңды сайланған халық өкіметі институттарын қолдап, Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың төңірегіне топтасуға, республикамыздың Конституциясы мен мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына адалдық танытуға шақырады.
Еліміздің кейбір аймақтарында жаңа орталық үкіметке азаматтық бағынбаушылық басталып кетті. Біз оларды қолдаймыз, себебі заңды түрде сайланған КСРО президенті өз қызметін орындауға қайтып келуі тиіс. Қандайда бір болмасын Конституцияға қарсы қимылдар демократияның іргесін шайқалтуға, адамның жеке хұқына нұқсан келтіруге, болжауға болмайтын жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Дәл қазіргі сәтте, диктатура мен реакцияның шабуыл қатері, демократиялық процестердің тұқыртылып, ұлттық сана-сезімнің жаңа балауса жапырақтары тұншықтырылу қаупі басталды. Сондықтан да біз шұғыл түрде КСРО халық депутаттарының кезектен тыс съезін, Қазақстан парламентінің төтенше сессиясын шақырып, 19 тамызда болған оқиғаға әділ баға беруін талап етеміз.
Диктатураға - жол жоқ! Заңды сайланған үкіметті қолдаймыз!
Қызылорда облыстық «Азат» қозғалысы, 20 тамыз 1991 ж.
Сол кездегі балауса демократияның бастаушыларының бірі болған «Азат» қозғалысы, сол кездегі Назарбаев басқарған компартиялық билікке ымырасыз қарсылықта бола отырып, ел басына қатер төнген кезде Қазақстан президентін қолдаған бірден бір саяси күш болды. Қазақстан жұртшылығын елді, заңды, қорғауға, оның заңды басшысы Назарбаевты қолдауға, Президенттің қасына топтасуға шақырды.
Сол кездегі президент бастаған ел коммунистерінің Тамыз оқиғасы жайлы бүгінгі күні ауыз толтырып айтар әңгімесі бар ма? Жоқ. Олардың әрқашан бұл оқиға жайлы үндемей қалатыны да содан болар. Олар Тамыз бүлігі кезінде қайда болды, кімді қолдады, баррикаданың қай жағында болды? Бұл сұраққа жауапты тарихтың өзі берер.
1991 жылғы Тамыз бүлігі сол кездегі компартия мен оның басшылығының қара таңбасы, кетпес дағы. Олар үшін Тамыз бүлікшілері жеңіске жеткені дұрыс еді, бірақ олай болмады. Енді олар жан пидалық еңбекпен, термен, қанмен келген Тәуелсіздік жайлы әңгімені көп айтады...
Сағат ЖҮСІП