Жұма, 22 Қараша 2024
5298 0 пікір 1 Қараша, 2019 сағат 13:06

«Текті сөздің төресі – терме» атты жыршы-термешілер байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.

Байқауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармаларды еліміздің 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бір-бір үміткерлер орындап, өз бақтарын сынайды.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.

Іс-шараға өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.

Байқауда жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсетеді.

Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы,  89,  Қазыбек би көшесі, 21, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі.

Өткізілетін уақыты:  2019 жылғы  9 қараша, сағат – 14:00

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321