Сенбі, 23 Қараша 2024
4144 2 пікір 2 Қараша, 2019 сағат 14:43

Нұр-Сұлтанда «Сақ патшайымы Зарина» театрландырылған қойылымы сахналанды

Өткен тарихты қазіргі ұрпақ санасында қайта жаңғырту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық филормониясы 30 қазан күні «Сақ патшайымы Зарина» театрландырылған қойылымын сахналады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған тарихи кеште дала сұлуы Заринаның өміріндегі маңызды сәттер көрсетілді.

Парсылар мен сақ тайпаларының арасындағы араздық, сол кездегі сақ қыздарының ерлік істері көрермендерге шынайы эмоция сыйлады. Әсіресе, аңшылықта жүріп жау қолына түскенде Парсы ханзадасына ессіз ғашық болып, бірақ, елінің егемендігі үшін келісімін бермеген патшайымның қайсар мінезі жүректі жібітті.

Ал, «Сарыарқа» халық музыка ансамбілі ұлы даланың сазымен кештің көркін келтірді. Адам бойындағы рухты көтеретін музыкалық шығармалары келгендердің делебесін қоздырды. Біз мұны концерт соңындағы қонақтардың ыстық ықыласынан байқадық.

Қосымша: Біздің заманымыздан бұрынғы 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан аумағын сақ тайпасының мекен еткені тарихтан белгілі. Олардың көшпелі кезеңдегі көзсіз ерліктері мен жауынгерлік тактикалары талай фильмдер мен көркем шығармаларға арқау болды. Әсіресе, сақ әйелдерінің батыр бейнесі жадымызда жақсы сақталған. Сақ әйелі дегенде бірден Томирис ханымның ойға оралары сондықтан болар. Ал, Сыр бойында «арулар жасағын» құрған, сақ патшасының қызы, Мермер қолбасшының әйелі болған Зарина ханшайым туралы білетіндер кемде-кем.

Сценарий авторы: Қуат ЕЖЕМБЕК

Музыка: Тоғжан ЖАХИН

Балетмейстер: Лаура МҰҚАЕВА

Балетмейстер ассистенті: Әнел ИСЛАМОВА

Режиссері: Асхат ҚОШАЕВ

Жоба авторы: Сәкен ӘБДІРАХМАНОВ.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371