Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4354 1 пікір 6 Қараша, 2019 сағат 12:36

Бізде "құрылымсыз басқарудың" үш әдісі бар

Шылқыған байлар тек журнал оқып, ақпарат алғаныңыз үшін неге 1 000 000 $ төлеуге даяр?

Қоғамды басқару үшін партия құруға болады. Өз санасындағы хақиқатын өзге адамдардың шекесіне жабыстыру үшін не істелмей жатыр. Тіпті психологиялық сабақ өткізуден бастасаңда болады. Өйткені жат ағыми пиғылыңды Фрейдтің әдісімен жеткізсең қоғамда сезбей қалады. Ақымақ қой. Көрмей қалады. Ақталсаңда білмейді.Таңқалам осы неге жат ағымға тән ақидауи ілімді жеткізушілер психологиялық сабақ өткізуге әуес? Айтпақшы. Иә. Айтпақ ойым бұған мүлде қатысы жоқ.

Қоғамды басқарудың түрлі әдістері бар дейікші. Белгілі бір "структура, құрылым арқылы басқару". Мысалы мемлекеттік жүйе сондай. Әкім бар, әкімшілік бар. Басшы бар, қосшы бар. Тапсырманы беруші бар, орындаушы құрылым, жүйе бар. Бұл түсінікті. Көзге көрініп тұрған басқару түрі. Кім бақарып отыр біліп отырасың. Шүкір!

Басқарудың басқада жолдары бар. Оны "құрылымсыз басқару" деп айтады. Гәп осында. Құрылымсыз басқаруда тікелей басқару сипаты болмайды. Ешкімді күштеп, зорлап бағынуға мәжбүрлемейсің. Ақырыынндап жаулап алады. Өйткені, оның құрылымы жоқ. Бұл мемлекет үшін де, қоғам үшін де қауіпті. Себебі кім басқарып, кім қайдан келіп, қайдан кетіп жатқанын ешкім, ештеңе білмейді. Ондай қарудың бізде үшеуі бар.

Ең бірінші, ең қуатты басқару қаруы "Методология - дүниетаным" деп атайды. Қоғамның санасын, танымын жалған сенім-наныммен улай алсаң ол халықты мәңгі басқарасың. Әмірлік орнатасың. Дүниетанымдық деңгейде басқару – ең қуатты басқару құралы. Онымен ойнауға болмайды. Қоғамның санасына жалған дүниетаным кіргізе алсаң, ол ең үлкен жетістік. Өйткені, сананы программалау оңай жұмыс емес. Ол жақын 1000 жылдықта өшпейді. Сондықтан, ширк, бидға, шын ислам, шын таухид тәуелсіздік алғаннан кейін келіп, оған дейінгі аталарымыз адасқаны туралы сананы қалыптастырсаң болды. Сонан соң, адам санасындағы түсінікті өшіріп көр?! Өшеме? Басқа бір ұлт болып шыға келеді.

Қоғамды құрылымсыз басқарудың екінші бір жойқын түрі "Хронология - Тарих". Тарихын жоғалтқан халық – тамыры жоқ тал секілді. Тарихи жады бұрмаланып, дәстүрін өшірген халық – өлген халық. Бұл өте мұқият, өте нәзік жылбысқы басқару түрі. Сондықтан, тарихи деректерді, мәтіндерді бұрмалап, тарихи танымды өшіруге тырысатыны сондықтан. Тарихты қайта қарастырып, қайта жазуға ұмтылады. Тарихта өткен ұлы тұлғаларды жоққа шығарып, еңбектерін ұмыттырады. Болды. Не болғанын білмей қалады.

Бұлда оңай бағыт емес. "Фактология - Ақпарат" – ақпарат туралы ілім. Басқарудың ең озық, жетілген нұсқасы. Ақпараттық заманда "ақпараттық қару" жасап, әрине вирусы болуы керек, халықтың арасына тастасаң болды. Жойқын жарылыс жасауға болады. Олардың мақсаты ақпараттық соғыс алаңына еркін кіру. Иә, мүмкіндік берсең болды. Сондықтан, көбінесе жеке ақпараттық құралдарын жасауға тырысады. Танымал телеарналар, ақпарат құралдары мен тиісті мекемелерде жақтастары жауапты қызметтерге орналастырылады. Олар ақпараттық жауынгерлер ретінде қызмет етеді.

Енді бір сұрақ. Осы уақыта дейін, иә 30 жыл бойы тиісті мекемелер не істеді? Қызықсыз сұрақ па? Меніңше қасіретке толы сұрақ.
Мың жарым жылдық сабақтастығы үзілмеген дәстүрлі мектебіміз болған. Болған емес, Болды! Тарихи кітаптың кез келгенін ашып қалсаң дәлел толып тұр. Сол рухани мектебіміз күшті болғаны сонша халқымыздың мақал-мәтелдері, дәстүрі, ертегілері, қиссалары мен дастандары, жырлары мен күйлері, мәдениеті соның негізінде қалыптасты. Солай ма? Солай. Ортақ рухани санамыз болған ба? Болған. Қазіргідей шала бүлінбеген еді. Соның бәрін жасаған тұлғалар болды ма? Әлде ол өз өзінен қалып таса қалды ма?

Ата бабамыздың жолы бір бөлек, біз бір бөлек қайда кетіп барамыз? Сонда біз ата баба жолынан ажырап қазақ боламыз деп тұрмыз ба? Әлде не мақсат бар?

Енді сол танымды дамытуға жұмыс жасалды ма? Ақылға қонымды нәтиже бар ма, жоқ па? Жоқ болса, неге жоқ?

Әсет Бектұрдың facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5370