Тұрсын Жұртбай: «Қазіргі қазақ - жерсіз ұлт»
Жазушы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай алпысқа жасқа толып отыр. Саналы ғұмырын әдебиет пен ғылымға арнап кеде жатқан және ұлттың сөзі мен мемлекеттің мүддесін жанынан жоғары қоятын Тұрсын мырзаны алпыстың асқарына шыққан туған күнімен құттықтай отырып, аз-кем әңгімеге тартқан едік.
- Алпыстың асқарынан артыңызға қарағанда қандай ой түйесіз? Нені көресіз? Нені бағамдайсыз?
- Алдымыздың сиреп келе жатқаны рас. Әсіресе, Ақселеу мен Рымғалидың кеткені өз басыма үлкен әсер етті. Ал, артымда - нық қадаммен адымдап бара жатқан қалың қазақ. Әлбетте, қоғамда түрлі ұйымдар мен әртүрлі пиғылдағы күштер бар. Бірақ олардың күші тек қағаз жүзінде ғана.
Ел ішінде талантты ақын-жазушылар, журналистер өсіп келеді. Бұлар әлі іріктеліп, сұрыпталып армияға айналады. Соның ішінде журналистер қоғамның тамырын дөп басып, дер кезінде талдап, сараптап елге жеткізіп отыр. Жұрттың пікірін, ойын қозғап сол арқылы бірлікке шақырып, мемлекет пен ұлт мүддесі төңірегіне ұйысуға шақырып келеді.
- Көңіліңізде қандай алаң бар? Қоғамда, айналаңызда «әттең-ай» дегізген дүниелер бар ма?

- Мен осы екі-үш айдың көлемінде Қазақстанның батыс, шығыс, орталық өңірлерін аралап, қарапайым жұртпен пікірлесіп, әңгімелесіп қайттым. Сонда түйгенім: ел іші Ақтаудағы, Ақтөбедегі, Балқаштағы оқиғаларға қатты алаңдап отыр. Өзімді де осы жайттар мен Қазақстанда Қытай компанияларының қаптап кетуі көңілімде алаң туғызып отыр.
- Өзіңіз бар өміріңізді ғылым мен әдебиетке арнап келесіз. Бүгінгі әдебиет пен ғылымның өресі мен күйіне көңіліңіз тола ма?
- Бұл мәселелер төңірегінде айтып та, жазып та жүрмін. Ең басты алаңдататыны - Қазақстанда тәуелсіз ғылым жоқ. Енді докторлық кеңестер жойылғаннан кейін ғылымның бағасы одан сайын төмендейді. Ал, Phd дегеніміз - кәдімгі орташа жазылған дипломдық жұмыс. Әрине, диссертациялар жазылмай тұрмайды. Алайда оны Ресейге, Өзбекстанға барып қорғау қажет болады. Сөйтіп, біздің ғылым көршілердің меншігіне айналады.
Жазушылық жайынан айтсақ, біздің осы жиырма жылдағы өміріміз - бір кездегі Салтыков-Шедриндер мен Достевскийлердің тақырыбына айналатын қоғамдық формацяны бастан кешіріп отырмыз. Қазіргі уақыт сондай бағыттағы жазушылардың шығатын кезі. Өкінішке қарай, олар іріктеліп, сараланып жатқан жоқ. Әдеби процесс өз бетімен - көктемгі қардың суы сияқты әркім әр жерден жылға тауып, жол салып жатыр. Тіпті, өмірі арнасы болмаған шолақ өзендер пайда болды. Бұл - бейберекетсіздік. Сонда да шын таланттар уақыт өте келе жарқырап шығады деп ойлаймын. Әдебиеттегі тіл мәселесі тұралап жатыр. Қырықтан төменгілердің арасындағы тіл жағдайы сөз етуге тұрмайды.
- Айтыңызшы, Алаш тарихында ашылмаған парақ қалды ма? Түгелдей зерттеп болдық деп айта аламыз ба?
- Алаштанудың беті әлі ашылған жоқ. Бірақ айналасы тазаланып, зерттеуге мүмкіндіктер, барлаулар жасалып жатыр. Алаштың негізгі идеялық тұстары ашылып келеді деп айтуға болады. Бір өкінішті жағдай соңғы жиырма жылдың көлемінде Алашты қазаққа жау етіп көрсететін бағыт пайда болды. Бұған бұрын мен сенбеуші едім. Алайда, сіздердің порталдарыңызда өткізілген интернет-конференция барысындағы пікірлер әлгі бағыттың бар екенін дәлелдеді. Сондықтан осы бір жалған өшпенділік жойылмай оны Алаш мысымен баспай, Алаш идеясы толық жолға түспейді.
- Алаш идеясы Тәуелсіздік Қазақстанның саяси жүйесімен үндестік таба алды ма?
- 2001 жылы, жер туралы заң қабылданғанға дейін Алаштың идеясының жүзеге асуына толықтай мүмкіндік болды. Жерді жекешелендіріп және оны қазақтың емес, өзге ұлттардың меншігіне айналдыру арқылы біз Алаш аманатының соңғы тамырын кестік. Қазіргі қазақ - жерсіз ұлт. Бүтін халық жалдамалы адам ретінде өмір сүріп отыр. Сонда қазақ баласы әскерге не үшін барады? Кулагиннің, Терещенконың жерін немесе Мәшкевич пен Митталдың кенінін қорғауға бара ма? Туған жеріміз деген сезім жоғалды. Елге барсаң - анау ананың, мынау мынаның жері.
- Биылғы жылғы бірқатар Алаш зиялыларының мерейтойлары мемлекеттік және қоғамдық деңгейде атаусыз қалып барады. Бұл қалай болғаны сонда?
- Оның барлығы «Қазақстанның тарихы 1991 жылдан басталады» деген қағиданың кесірі. Осы идея үстемдік құрып тұрғанда Алаш аты аталмайды.
Қазақстан халқы ассамблеясына арнайы қаржы бөлініп, солардың атынан «Алаш және толеранттылық» деген кино түсіріліп жатыр. Ол қандай Алаш болып шығатын айтпаса да түсінікті.
- Жиырма жастағы Тәуелсіздікке алпыстағы қария ретінде қандай тілек айтасыз?
- Тәуелсіздік мәңгілік болсын!
Сіздердің порталдарыңыз арқылы құттықтап жатқан барша ағайынға рахмет! Интернетке қосылатындай мүмкіндік болған кезде барлығына қайыра жауап қатармын.
- Рахмет, аға.
«Абай-ақпарат»