Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3975 5 пікір 6 Қаңтар, 2020 сағат 11:45

Бізді құрдымға кетіретін – жемқорлық!

Достар, бізге қазір тұтас авиация саласына талдау жасап, жүйелі түрде шаралар қабылдау қажет деп есептеймін.

1. Авиация саласын бақылайтын мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлық.

2. Авиация жанармайын сатып алу және оны қамтамасыз ету саласындағы сыбайлас жемқорлық әуежанармай бағасының өсуіне әкеледі.

3. Әуежай менеджменті саласындағы сыбайлас жемқорлық әуежайдағы қызмет көрсету бағасының қымбаттауына әкеп соғады.

4. Авиациялық техника лизингі саласындағы сыбайлас жемқорлық.

Осы себептердің бәрі мыналарға әкеледі:

⁃ Қазақстандағы ұшу сағаттарының қымбаттауы;

⁃ әуебилеттерінің қымбаттауы;

⁃ рейстердің ыңғайсыздығы;

⁃ негізінен, түнгі рейстер;

⁃ рейстердің жиі күттіруі мен ұшпай қалуы;

⁃ шетелдік әуекомпанияларының Қазақстаннан кетуі;

⁃ әуеқауіпсіздігіндегі жүйелі қателіктер.

Жайлаған жемқорлықтың салдарынан туындаған осы сияқты мәселелерді шешіп алмайынша, біз бұл салада үнемі осы секілді проблемаларға кезіккеніміз кезіккен. Саяси ұмтылыс көрсетіп, бұл саланы тәртіпке келтіретін уақыт келді. Егер біз қоғам ретінде осы жағдайдың тергеу нәтижелерімен ғана қанағаттанып қалатын болсақ, онда алда тағы да ұшақ апаттарына  жол ашамыз деген сөз.

Марғұлан Сейсембай

Abai.kz

 

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395