Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7001 14 пікір 14 Қаңтар, 2020 сағат 13:26

Нағыз Президент осындай болар...

Мюнхенде өтіп жатқан конференцияда бұл кісіні ешкім танымады. Пікірталас кезінде көптің ішінен қол созып сөзге рұқсат сұраған ақ сары көк көз келіншекке модератор: "өзіңізді таныстырып өтіңіз де, сұрағыңызды қойыңыз..." дегенде, қарапайым киінген жас əйел:

- Мен Эстонияның президенті Керсти Кальюлайдпын, -- деді...

Бұл оқиға біз үшін адам нанғысыз ертегі сияқты болғанымен, көзіміз көрді, оны бүкіл Европа теледидардан тамашалады.

Эстондық журналистер ұялған сыңай танытты. Бірақ өз президенттерінің қарапайымдылығымен олардың мақтануы керек еді.

Өз елінің, халқының, мемлекетінің нағыз қызметкері осындай болуы керек еді.

Жүздеген нөкер, қаптаған оққағар, бронеавтомобиль, полиция қоршауы, салтанатты эскорд, т.б. толып жатқан "понтсыз" жұрт алдына шықпайтын, бөтен елде мақтанып қожақыртылға баспайтын басшыны көрмей кететін шығармыз. Президентті былай қойсақ, кеуделері орден-медальге толы Парламент палаталарының спикерлері, үкімет басшысы мен оның орынбасарлары, тіпті министрлердің өздері ел ішінде шуылдатып, дуылдатып жүруді əдетке айналдырып алған...

Ұяламын солардың осы қылығынан.

Нағыз президенттің идеалы - халқын риза қылып, талай саяси, экономикалық жетістіктеге мұрындық болып жүрген, болашақты байыппен барлап, дегенін ың-шыңсыз атқарып жүрген Эстонияның президентіндей болар...

Тəрбие көрген дейміз бе?

Нұрхан Хамзеұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502