Сенбі, 23 Қараша 2024
2811 1 пікір 31 Қаңтар, 2020 сағат 11:06

Сапарбаев: Жәрдемақы алған 75 мың отбасы табысын жасырған

30 қаңтарда Нұр-Сұлтанда өткен үкімет пен мәжіліс депутаттарының кездесуі кезінде вице-премьер Бердібек Сапарбаев 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 75 мыңдай отбасы табысын жасырған деп мәлімдеді.

- Өкінішке қарай былтыр осындай жағдайлар болды. Біз барлығын тексердік. 75 мың отбасы табысын жасырған. Қазіргі таңда 400-500 млн теңгені бюджетке қайтардық. Қазір біз былай айтып жатырмыз. Егер сол отбасы өз еркімен қайтарса, мәселе жоқ. Жергілікті органдар оны қайтарудың кестесін жасайды. Ал егер олай болмаса, онда сот арқылы өндіріліп алынады, - деді Сапарбаев.

Былтыр Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 70 мың отбасы атаулы көмек алу үшін табысын жасырған, 200-ке тарта қызметкер жауапкершілікке тартылды деп мәлімдеген.

Ақпарат құралдарында жарияланған дерек бойынша, атаулы әлеуметтік көмекті қайтару туралы талап көп балалы аналардың наразылығын туғызған. Олардың айтуынша, кейбір кезде жергілікті органдар жәрдемақыны тағайындау-тағайындамау мәселесін шешкен кезде тіпті аз ақшаның өзін есепке алған.

Өткен жылдың соңында жергілікті БАҚ отбасының табыс көлемі кедейлік шегінен 104 теңгеге асып кеткені үшін атаулы әлеуметтік көмек ретінде төленген ақшаны қайтаруға міндеттелген, Ақмола облысы, Зеренді ауданында тұратын көп балалы әкенің жұмыспен қамту орталығына атаулы әлеуметтік көмек ақшасына сатып алған заттарды апарып бергенін жазды.​

Биыл ақпанда Нұр-Сұлтанда уақытша баспанада шыққан өрттен бір отбасының бес қызы қаза тапқан. Осыдан кейін елде көп балалы әйелдердің наразылығы күшейіп, олар биліктен жәрдемақыны өсіруді талап еткен. Осыдан соң үкімет тұрмысы төмен отбасыларда атаулы әлеуметтік көмекті көбейткен. Жаңа жылдан бастап үкімет көп балалы аналарға жаңа жүйе бойынша жәрдемақы төлей бастаған.

2020 жылдың 28 қаңтар күнгі жағдай бойынша, 80,5 мың отбасынан (412,9 мың адам, олардың 265,6 мыңы бала) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш түскен. Олардың 24 мыңына АӘК тағайындалған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371