Экономиканы дамытуға арналған іс-шаралар қайда?
Министрлер кабинеті мен ҚР Ұлттық банкінің біріккен үндеуіне пікір
"Үкімет және жергілікті атқарушы органдар бағаның, әсіресе, әлеуметтік маңызды тауарлар мен қызметтер бағасының негізсіз өсуін алдын алуға ерекше назар аударатын болады".
⠀
Қалайша? Өндірушілер тауарларының өзіндік құны да өседі ғой. Олай болса, мүмкін сіздер олардың шикізатының бағасын өсіруді болдыртпайсыз? Неткен қолдан жасаушылық!
⠀
"Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы, соның ішінде, жұмысшылар санының қысқартылуы қатаң бақылауға алынады".
⠀
Сонда өндірушілер өз шығындарын қалай реттеуі қажет? Егер олар қызметкерлер санын, өз шығындарын қысқартпаса, олар тікелей банкротқа ұшырайды. Үкіметте жеке сектор қалай жұмыс жасайтынын білетін біреу бар ма осы?
Реформалар қайда?
Мемлекеттік аппараттағы қысқартулар қайда?
Экономиканы дамытуға арналған іс-шаралар қайда?
Осындай сәтте Ұлттық банк өз ставкасын көтеру емес, төмендетуі тиіс.
⠀
Қысқасы, олар бұл жолы да "ауырдың үстімен, жеңілдің астымен" өтіп кетеміз, терең реформаларсыз құтыламыз деп сеніп отыр.
Қосымша*
Тоқаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның сыртқы саясат Концепциясын бекітіпті деп жазып жатыр. Ал меніңше, Концепция қысқа, әрі нұсқа болуы керек.
1. Еліміздің азаматтарын әлемнің кез келген бұрышында қорғау.
2. Отандастарымыздың бизнесін әлемнің кез келген нүктесінде қорғау.
3. Визасыз тәртіптегі елдердің максималды саны.
4. Елшілік пен өкілдіктердің неғұрлым минимальды саны.
5. Сыртқы саясаттағы нейтралитет.
6. Ешкіммен ешқандай одақ құрмау.
7. Кез келген дүниеде практицизм және прагматизм. Қазақстанның ешқандай достары болмауы керек, Қазақстанның тек жеке мүддесі болуы тиіс.
8. Ешқандай империялық амбиция, жобалар, әлемдік форумдар, съездтер және өзге де бос дүниелерге жол жоқ.
9. Сыртқы саясат толығымен Қазақстан азаматтарының мүддесі үшін жұмыс жасауы тиіс.
10. Заңсыз түрде активтерді елден шығаруды анықтауға қатысты халықаралық ұйымдармен максималды түрде байланыс орнату.
Марғұлан Сейсембайдың әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz