Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3690 2 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 11:01

«Базар мафиясынан» қашан құтыламыз?

Бүгін Парламент Мәжілісінде еліміздің ішкі нарығын отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен молықтыру тақырыбында «Үкімет сағаты» өткізілді.

Қазір жергілікті өнім базар басшыларының өктемдігінен базарларға жеткілікті түсірілмейді. Өйткені, олар импорттық арзан фальсификаттарды сатқанды тәуір көреді немесе жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін әкелген өнімдерін қымбат бағамен сатуға мәжбүрлейтін көрінеді. Мұның өзі қарапайым азаматтардың шығыстарын көбейтуге әкеліп соғады.

Сондай-ақ ірі сауда орындарының тарапынан ретробонус бопсалаушылыққа да жол беріледі екен. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне қарағанда, мұндай алым тауар құнының 30 пайызына дейін жететін көрінеді. Ол аздай, сауда орындарына тапсырылған өнім үшін ақы төлеуді 2-3 айға шегеру шарты да қойылатын болып шықты. Базар басшыларын жергілікті шаруалардың «базар мафиясы» деп атайтындығының себебі осы болса керек.

Тұтастай алғанда, бізде делдалдардың ұзын тізбегінен басқа, өнім өндірушіні тікелей тұтынушымен байланыстыратын сервистік-дайындаушы ұйымдар, өңдеуші кәсіпорындар, көтерме сауда -таратушы орталықтар сияқты тауар өткізуші желінің дұрыс жүйесі әлі қалыптастырылған жоқ.

Осыған орай, біріншіден, негізсіз алымдарға, ретробонустарға жол бермеу шаралары қашан қабылданады? Екіншіден, «фермадан –дастарқанға дейін» қағидасы бойынша азық-түлік тауарларын өндірудің, сақтаудың, дайындаудың, өңдеудің және тікелей тұтынушыларға өткізудің бірыңғай жүйесі қашан жолға қойылады?

Менің осы екі сұрағыма Сауда және интеграция министрлігінің өкілі «алдағы уақытта қатырамыз» дегендей мағынада жауап берді. Әрине, аталған ведомствоның құрылғанына көп болған жоқ. «Сәби өтірік айтпайды» демекші, бала-министрліктің уәдесіне сенгім келеді-ақ...

Кәрібай Мұсырманның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570