Жексенбі, 24 Қараша 2024
2369 16 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 15:54

Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөледі

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске экс - Президент Н.Назарбаев "Елбасы Қорынан" 200 миллион теңге бөледі.

«Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүзеге асып жатыр. Бұл әрекеттер қазіргі ахуалға сай және дер кезінде қолға алынды. Мемлекет теңдессіз шараларды қабылдап отыр. Қауіпті індетпен күресте отандық бизнес те қолдан келгенше көмектесуде. Мен бұл бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытуға және біздің қоғамның бірлігін көрсетуге шақырамын. Біз барлық сынақтан сүрінбей өтеміз. Біз біргеміз!», - делінген Назарбаевтың тапсырмасында.

Бөлінген қаражат Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары әкімдіктері арасында теңдей үлестіріледі.

Қаржылық көмек пандемияға қарсы күреске жұмылған медицина қызметкерлеріне сыйақы беруге, қосымша медициналық бетперделер мен дезинфекциялау құралдарын сатып алуға  жұмсалады. Сондай-ақ, қаражаттың бір бөлігі елордадағы балалар үйлері мен мамандандырылған ауруханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталады.

Сонымен бірге, қор басшылығы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық бетперде тапсырды.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576