Жексенбі, 24 Қараша 2024
2308 1 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 16:30

Алматы облысында идеологтардың басын қосқан слет өтті

Алматы облысында «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жетісу идеологтарының  III слеті өтті. Шараға өңірдегі ішкі саясат басқармаларының басшылары мен әр ауданның баспасөз-хатшылары арнайы келді. Қонақтар қатарында Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Қарбозұлы, Қазақстан халқы ассамблеясы филиалы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі  Ғабит Тұрсынбай, Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ғалиасқар Төлендіұлы да бар.

Жиын барысында билік басында жұмыс істеп  жүрген тұлғалар сөз алып, осы уақыт аралығында атқарылған істердің бір сыпырасына тоқталды. Мәселен, Алматы облысы ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған «Jetisy Media» КММ-сі ашылған кезінен бастап мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді тетігін құру, және мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, жеке тұлғалармен облыстағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалды зерделеу мақсатында БАҚ ақпарат ағымында өзара берік әрі оң іс-қимылын орнатып келеді.  Бұл ретте «Jetysu Media» 2019 жылы 215 баспасөз-мәслихаты өтіп, оған 407 спикер қатысқан, ақпараттық кеңістікте 17 834 мақала жарияланды. Сондай-ақ, «Jetysu Media» КММ-нің ұйымдастыруымен Алакөлде ашық аспан астында өткізілген іс-шарада елдің жетекші блогерлері Қыран Талапбек, Ержан Рашев, Бейбіт Әлібеков келіп, шеберлік сабақтарын жүргізген.

Бұдан бөлек, ішкі саясат басқармасына қарасты «Рухани  жаңғыру» жобалық кеңсесі қызметкерлері де ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. 2019 жылы облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 10 млрд. теңгеден астам сомаға 585 жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылғаны мәлім болды. Сонымен қатар, атымтай жомарт азаматтардың қолдауымен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 200-ге жуық баспананың кілті табысталған.

Жалпы,ішкі саясат басқармасының мойнына артылған міндеттер өте көп. Ол елдегі тұрақтылыққа барша мемлекеттік ұйымдардың ісіне жауапты бірден бір басқарма екені даусыз. Осы орайда әліде атқаратын қыруар жұмыс бар екені тілге тиек етілді. 

Мінбеге шыққан қонақтардың сөзі аяқталғаннан кейін жыл бойы үздік көрсеткіш көрсетіп, тынбай еңбек еткен үздік мамандар мен басшылар марапатталды. Аймақтағы ішкі саясат бөлімінің басшылары келесідей ретпен лайықты бағаларын алды.

«Ішкі саясаттың үздік басшысы» аталымына   – Кербулақ ауданың ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Дүйсенбекқызы ие болса,  «Ішкі саясаттың үздік басшысы» – Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы  Әділет Рымтаевқа бұйырды. Жүлделі ІІІ – орын «Ішкі саясаттың үздік басшысы» атауына  Текелі қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекшісі – Нұржамал Абдрахманқызы лайықты болып табылды. Ал, ІІ – орын «Ішкі саясаттың үздік басшысы» атағы  –  Қарасай ауданың ішкі саясат бөлімінің басшысы Амина Адрахмановаға тиесілі болды.  Биік тұғыр, І – орын «Ішкі саясаттың үздік басшысы» деген атау  Жамбыл ауданың ішкі саясат бөлімінің басшысы – Айткүл Жұмағалиқызына бұйырды.

Сый-сияпат алған көшбасшылардың қатарынан аудан, қала әкімдері де көрінді.

Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісов – «Қоғамдық тұрақтылық пен келісім» номинациясының иегері атанды. ІІІ-орын Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Әбдықапасұлының қанжығасына байланды. ІІ- орын Панфилов ауданының әкімі Талғат Әбенұлына тиесілі болса,   халықпен әркез ашық байланыста болатын Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев І- орынды иеленді.

Мемлекеттік мемкемелердегі жасалынып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізіп, ақпаратпен қамтамасыз етіп жүрген, «арқалағаны алтын, жегені жантақ» болған баспасөз-хатшыларының ішіндегі білімі мен білігі қатар шапқан талантты жастарға да арнайы дипломдар табысталды.

Сарқан ауданының баспасөз-хатшысы Олжас Құрмашев «Ең оперативті баспасөз хатшысы» атанса,  «Үздік ақпараттық баспасөз хатшысы» Көксу ауданының баспасөз-хатшысы – Айгүл Айманбековаға бұйырды. «Жыл Серпіні» номинациясын  Ескелді ауданының баспасөз-хатшысы – Алима Мұратқызы  алды. ІІІ – орын Айдынды Алакөл баспасөз-хатшысы Айдана Тынысбекованың қоржынына түсті. ІІ – орынды Панфилов ауданының баспасөз-хатшысы –  Нұрбол  Ханағат иемденсе, І дәрежелі дипломды  Еңбекшіқазақ ауданының баспасөз-хатшысы Динара Тюлемисова тақымына басты.

Осылайша, Жетісу жерінің дамуына ықпал етіп, аянбай тер төгіп жүрген саңлақтар  өздеріне тиесілі тұғырына шықты. Шараның соңы жабық түрде өткен семинар-тренингке ұласты.

Айман Асыл 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578