22 наурызда Алматы толықтай жабылады
![](https://abai.kz/content/uploads/2020/03/photo_64941.jpeg)
Алматылықтарға 72 сағат уақыт берілді. Осы уақыт ішінде өзге өңірлердегі Алматы тұрғындары үйлеріне оралуы керек. Ал басқа аймақтардың тұрғындары 72 сағаттың ішінде қаладан шығып үлгеруі тиіс.
Тұп-тура 22 наурызда, түнде Алматы қаласы толықтай жабылады. Барлық әуе және теміржол байланыстары тоқтатылады.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.
"22 наурызда сағат 00.00-ден бастап теміржол және әуе қозғалыстары толықтай тоқтатылады", - деді ол.
Еске сала кетейік, қауіпті вирустың таралуына байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланған.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалаға кіріберістерге блок бекеттер орнатылатынын айтқан. Ал карантин 19 наурыз, түнгі сағат 00:00-ден басталады.
Соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 36 адамға жеткен.
Abai.kz