Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3185 3 пікір 19 Наурыз, 2020 сағат 13:33

Кәсіпкерлік пен ашкөздікті ажырата алмағандар жазалануы тиіс

Жапонияда азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың бағасын негізсіз көтергені үшін 3 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде шешім қабылданыпты.

Біздің басшылардың құлағына алтын сырға. Мен, мысалы, қос қолдап қолдар едім мұндай заңды.

Кәсіпкерлік пен ашкөздікті, сату-сауда мен тонауды ажырата алмағандарды уақытында сабасына келтіріп отырған артық болмас еді. Әйтпесе бизнес-әдеп, қоғам алдындағы жауапкершілік деген түсініктер, әсіресе кризистік жағдайларда, мүлдем жоғалып кететін болып жүр бізде. Оған талай куә да болып жүрміз.

Күн суықта дүкенге жылынуға ақы алып кіргізу, жолақы төлеуге тиын-тебені болмаған баланы көліктен түсіріп кету, такси бағасын еселеп көтеру, көмір үшін әкесінің құнын сұрау. Қайсібірін айта бересің.

Енді міне, әншейінде тауар деп те құнттамайтын, "сдача" деп ұстата салатын масканы 10-15 есе қымбатқа сатып жүргендер шықты. Қашанда кең болған қазақтың пиғылы сонша бұзылар ма.

Мұхтар Түменбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552