Жексенбі, 24 Қараша 2024
ШОЛУ 5966 0 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 12:30

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігінің бір жылы (шолу)

Осыдан тұп-тура бір жыл бұрын, 2019 жылдың 19 наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

Осыдан соң, елді сайлауға дейін уақытша басқару құқығы Парламенттің Жоғарғы Палатасының (Сенаттың) төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілетіні белгілі болды.

Тоқаевтың алғашқы Ант қабылдауы

Ал 20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев ел-халықтың алдында ант қабылдап, ендігі экс-президенттің кеудесіне алтыннан жұлдыз тақты, «Халық Қаһарманы» атағын берді.

«Менің ҚР Президенті қызметіндегі бірінші шешімім - «ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы» туралы конституциялық заңға және «ҚР Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамудағы қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Н.Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі - «Алтын жұлдыз» Орденін тапсыра отырып, «Халық Қаһарманы» атағын беремін», - деген болатын Президент.

Сонымен, Тоқаев президенттік қызметіне кіріскелі тұп-туралы бір жыл. Осы уақыт ішінде елде қандай маңызды саяси-қоғамдық оқиғалар орын алды? Еске түсіріп, бір шолып шығайық...

Астана қаласының атауы «Нұр-Сұлтан» болып өзгерді

20-наурыз күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуді ұсынды. Сенат пен Мәжіліс депутаттары аталған ұсынысты  бірінші және екінші оқылымда мақұлдап, Астана қаласының атауы өзгерді.

Көше атауларын өзгерту

Сондай-ақ, барлық облыс орталықтарындағы басты көшелерге Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді тапсырды. Тоқаевтың бұл тапсырмасы да әп-сәтте орындалды.

Дариға Назарбаева Сенат спикері болды 

Иә, Дарғиа Назарбаеваның кандидатурасын Тоқаевтың өзі ұсынды. 44 сенатор жасырын дауыс беріп, бір ауыздан шешім қабылданды.

Түркістанға сапар

Картинки по запросу "Президент Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын Түркістан облысына жасады"

Президент Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын Түркістан облысына жасады.

Үштілділік жайлы

«Бұл - өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек». Бұл президент Тоқаевтың мектердердегі үштілділікке қатысты айтқан пікірі еді.

Жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамту

Президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлерді беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді.

Мәскеу сапары

Сәуірде ресми іс-сапармен Мәскеуге барды. Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

«Жусан-2» операциясы

Картинки по запросу "«Жусан-2» операциясы"

2019 жылдың 7-9 мамыры аралығында «Жусан-2» операциясы болды. Сириядан 231 отандасымыз қайтарылды. 59 әйел мен 156 бала эвакуацияланды.

Абайдың 175 жылдығы 

Картинки по запросу "Абайдың 175 жылдығы "

30-мамыр күні президент Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды.

Сөйтіп, Мемлекеттік комиссия құрылып, биылғы тойға даярлық басталып кетті. Ұзын-ырғасы 500-ге жуық іс-шара һәм оның бюджеті де бекітілген.

«Жусан–3» операциясы

Картинки по запросу "«Жусан–3» операциясы"

«Жусан–3». 67 әйел мен 171 бала елге оралды.

Сайлау

Картинки по запросу "президент сайлауы"

Тоқаев Президент өкілеттігіне кіріскен соң, Қазақстанда кезектен тыс сайлау өтетінін мәлімдеді. Сөйтіп, 2019 жылдың 9-маусымында кезектен тыс ҚР Президент сайлауы болды.

7 кандидат қатысқан сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

Нұр-Сұлтанда «Халық құрылтайы» өтті. Алматылық белсенділер «Oyan, Qazaqstan» қозғалысын құрды. Кейін тіпті, «Нұр Отан» партиясы өкілдері де ел арасына іріткі салушыларға қарсы митинг өткізді.

Осы бір қоғамдық наразылықтардың инерциясымен елде бірнеше саяси-қоғамдық топтар құрылды. Бірлі-жарым белсенді саяси партия құратын болып, келер жылғы парламенттік сайлау қамына кірісіп кетті.

Тоқаевтың екінші рет Ант қабылдауы

Картинки по запросу "тоқаев ант қабылдады"

Президенттік сайлауда жеңіске жетіп, уақытша президенттік лауазымын ресмилендірді. Сөйтіп, 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына екінші рет Ант берді.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

Картинки по запросу "Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды"

12 маусым күні президент Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ресми ақпарат 13 маусымда жарияланды. Оған қоғамның әртүрлі саласында жүрген 40-қа жуық адам мүше болды. Осы күнге дейін екі мәрте кеңейтілген жиын өткізіп, бірнеше заң жобалары талқыланды. Солардың кейбірі қазір Парламент талқысына берілген.

Арыстағы апат

Картинки по запросу "Арыстағы апат"

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысындағы 44 мың халқы бар Арыс қаласында әскери қоймада бірнеше жарылыс болды. Қираған үй, бүлінген дүние мен бейбіт күнде жалаңаяқ, жалаңбұт босып көшкен халықты айтпағанда, адам шығыны болды. Төтенше жағдай жарияланды.

25 маусымда Президент Түркістан облысына арнайы ұшып барып, Арыс тұрғындарымен кездесті.

Несие қарыздарын кешіру бойынша шешім

2019 жылдың 26 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды. Тоқаев мұндай  әлеуметтік мәселенің қозғалу себебі - Президенттің атына кепілсіз тұтыну несиелерін төлеуге қатысты азаматтардан келіп түскен көптеген өтініш екенін айтты.

Мұғалімдердің жалақысын көтеру

16 тамызда болған Тамыз конференциясында Президент мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыруды тапсырды.

Шағын және орта бизнесті қолдау

Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырды. Мораторий 2020 жылдың басынан күшіне енді. Сондай-ақ, жаңа ашылған бизнес нысандарды 3 жылға дейін салық төлеуден босату туралы заң жобасы әзірленді.

Шәкіртақыны өсіру

10 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырды.

Бек эйр апаты

Картинки по запросу "Бек эйр апаты"

27 желтоқсан күні Алматы облысы, Талғар ауданындағы Гүлдала елді мекенінің жанында Bek Air компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырады. Ресми ақпарат бойынша, 13 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алған.

Қаралы күн

Бек эйр апатына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады.

Қордайдағы шетін оқиға

Картинки по запросу "қордай қақтығыс"

7 ақпан кешқұрым Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылында жергілікті тұрғындар арасында жанжал шықты. Қордайдағы дәл осы шетін оқиға қоғамның қоясын ақтарып, қордаланып жатқан біраз мәселені қоғам талқысына қайта шығарды. Ұлтаралық қарым-қатынас, мемлекеттік тілдің мәртебесі, діни наным-сенім мен білім секілді әлеуметтік проблемалардың жылдар бойы шешімін таппай келе жатқанын Қордайға барған Президенттің өзі де айтты.

Коронавирусқа байланысты төтенше жағдай

Картинки по запросу "Коронавирус қазақстан"

11 наурызда Дүниежүзідік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетін пандемия деп жариялады. Ал, 13-наурыз күні Қазақстанда аталған вирусты жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 15-наурыз күні елде төтенше жағдай жариялады. Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды.

Картинки по запросу "тоқаев"

Түйін. Біз Қасым-Жомарт Кемелұлы президенттік қызметіне кіріскен 2019 жылдың 19 наурызынан бері, күні бүгінге дейін ел ішінде орын алған оқиғаларды еске түсіріп көрдік.

Рас, бірнеше мемлекетке ресми сапармен барды. Қазақстанның өңірлерін де аралап шықты. Ел билігінде бірнеше рет кадрлық ауыс-түйістер жасады т.б. Бүгін Тоқаев алғаш рет Ант қабылдағанына бір жыл.

Кеше Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков телефон соғып, Тоқаевтың құттықтапты.  Ал президент Тоқаев Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялаған еді.

«Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды.  Мемлекетіміздің негізін қалаушы - Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды. Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады», - деп жазды ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552