Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4628 5 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 12:32

Алтыным, Үміт пен Сенім жоғалмасын!

Алтыным! Адам неғұрлым жақсылық жасаған сайын жан дүниесі кеңіп, сұлу бола бастайды. Су қанып ішкен өсімдіктей нұрланып сала береді. Ішкі дүниесінде алға сүйрейтіні, өзіне күш беретіні, бағыт көрсететіні де: Үміт пен Сенім. Адамның жан дүниесін шуаққа бөлеп, толтырып тұратын да осылар.

* * *
Алтыным! Маған біреу өмірді бейнеле десе, айнала құстар сайраған, алып бәйтерек түбіндегі мөлдір бұлақ дер едім. Кіп-кішкентай қайнардан жарып шыққан су – бұлақ атанады. Ол өзенге, көлге, көл-көсір тірлігі бар ұлы Мұхитқа айналады. Сол сансыз бұлақтардан тұратын Өмір - мұхитында  сіз бен бізді, үміт пен сенімнің шапағаты ғана жақсы күндерге бастап алып келе жатқандай. Ылайым Үміт пен Сенім жоғалмасын! Жауапты кезеңде Сабырлық пен Сақтық та керек! Сын сәттен сынбай өтейік!

* * *
Алтыным! Біз де өзгеге деген өкпе-назымызды, өкініш-ренішімізді бір сәт естен шығарып, жаңа күн табалдырығын махаббатпен, мейіріммен, сыйластықпен, ең бастысы өмірге деген құштарлықпен, жауапкершілікпен аттайық.

Адам баласы шынында әрбір күннен көп жақсылық күтеді, Үміт пен Сенім артады. Армандар мен тілектер таусылған ба?

Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін жауапкершілік жүгін төмендетпейік!

Мәңгілік ел болуды ойлаған Қазағымның басынан бақ таймасын!

Әкім Ысқақтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550