Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2957 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 17:31

Жарқын Түсіпбекұлы. «Ұлы даланы» ұлықтар күн жақын

Бүгінде ұлттық, әлеуметтік, мәдени мәселелерді шешуде үкі­мет­тік емес ұйымдардың белсенділігі туралы аз айтылмайды. Сарапшылар тіпті кейбір қоғамдық бірлестіктердің өзі саяси партиялардан да ықпалды деп па­йым­дайды. Азаматтық қоғам қа­лып­тастыруға ниеттенген елі­мізде кейінгі жылдары бірнеше үкі­меттік емес ұйым тіркеліп, шаруа­ларын дөңгелетуде. Әрбір сала бойынша маманданған ұй­ым­дар мен бірлестіктер де жоқ емес. Осы айдың ортасында қа­зақ қоғамына «Ұлы дала» қоз­ға­лысы жол тартпақ. Бұл туралы қоз­ғалыс белсенділері өткізген бас­пасөз мәслихатында аян болды.

«Ұлы дала» жалқы міндеттермен айналыспайды. Салалық та емес. Қозғалыстың мақ­саты - қоғамдық мәселелермен күре­су. Ақын­дар мен жазушылар, кәсіпкер­лер мен қоғам қай­раткерлері, спортшылар мен соғыс ардагерлерін бір мүддеге жұмылдырған «Ұлы дала» үш жыл бұрын Әділет министрлігінен тіркеуден өткен. Осы уақытқа дейін еліміздің оңтүстік облыстарында белсенділік танытқан қозғалыс енді тұтас республиканы қамтуды көздеп отыр.

Жарылқасын Аманұлы, ақын:

- Үш жыл бұрын жас жігіттердің қолқа­лауы­мен осы қозғалыстың құры­луына ат­салысқан едім. «Ұлы дала­ның» өзге қоз­ғалыстардан қара­ғанда мақ­саты биік деп ойлаймын. Ұлттық құн­дылықтарды сақ­тап, жаңғырту ба­ғы­тын­да біраз мәсе­лені жоспарлап отыр­мыз. Жуырда қоз­ға­лыстың құрыл­та­йында басшылықты жас­тарға бергелі отырмын. Жастар, өз бо­лашақтарың үш­ін күресе біліңдер!

Ізбасар Бозаев, кәсіпкер, Алматы сауда палатасының президенті:

- Қозғалыс жалпыұлттық мәселе­лерді республикалық деңгейде шешуді ойластырып отыр. Біз өз жұмы­сымыз­ды әрбір ауылдан бастаймыз. Ұлтжанды жігіттердің бастамасымен осындай қоз­ғалыс құрылып отыр. Біз­де сонымен қатар аз ұлттардың өкіл­дері де бар. Әртүрлі этно-мәдени ор­та­лықтардың бас­шылары да идея­мызды қолдап отыр. Байбаламмен еш­теңе шешілмейтінін қоғам түсініп отыр. Сон­дықтан тұрақ­тылықты сақтай отырып, ұлттық құн­дылықтарымыз үшін жұ­мыстар атқаратын боламыз.

Автор: Жарқын Түсіпбекұлы

http://www.alashainasy.kz/politics/27949/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391