Сенбі, 23 Қараша 2024
2095 0 пікір 24 Наурыз, 2020 сағат 11:18

207 қазақстандық Еуропадан арнайы рейспен жеткізілді

207 қазақстандық Еуропадан арнайы рейспен жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, келгендердің көбі Еуропада оқитын студенттер.

"Бүгін коронавирус пандемиясы аясында әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты біздің отандастарымызды Қазақстанға қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында, Польшаға отандық SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі жіберілді.

Польша билігі енгізген режим мен шекарасының жабылуына қарамастан, Варшавадағы ҚР Елшілігінің күшімен қазақстандық жолаушыларды отанымызға қайтару туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өткен жөн

Біздің дипломаттарымыздың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті билік пен қазақстандық әуекомпания өкілдерінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде ұшуын бірнеше күн бойы күтіп отырған 207 жолаушы Қазақстанға сәтті оралды. Жолаушылардың басым бөлігі Еуропада оқитын қазақстандық студенттер болып табылады.

Күндіз-түні еңбек етіп, өз денсаулықтарына төніп тұрған қатерге қарамастан отандастарын рухани төзімділіктің жеке үлгісімен сергіткені үшін біздің Варшавадағы әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз", - делінген министрліктің хабарламасында.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5507