Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2679 0 пікір 10 Қазан, 2011 сағат 05:44

Зарина БҮЙЕНБАЙ. «Менiң атым Қожадан» «Гарри Поттерге» дейін

Сабақ аяқталып, құрбыларыммен «дәмді лағман жейікші» деп Тимирязев көшесінің бойында орналасқан лағманханаға бардық. Жол-жөнекей қыздар бұл асхананы әдбен мақтап келді. Расында да лағмандары дәмді екен. Дастарқан басында отырып, әр түрлі тақырыпқа да қозғау салдық. Сөз арасында құрбым Назира: «Қыздар, «Страшно красив» киносын көрдіңдер ме? Ол осы жазда прокатқа шығу керек еді. Бірақ, неге екенін білмеймін, шықпады. Ғаламтордан іздеп, тауып алдым да, есім кеткенше тамашаладым. Өте қызық. Көргілерің келсе, берейін», - деді. Біз өзара келістік. Кенет, Назира: «Қыздар, сендердің ең сүйікті көркем фильмдерің қандай?», - деген сұрақ қойды да бізден шапшаң жауап күтетінін аңғартты. Біз бір минуттай ойланып барып, 40-50-ге жуық киноның атын атап шықтық-ау... Тіпті, бейне бір кино сыншылары немесе білгірлері сияқты жан-жақты талдап, актерлердің шеберлігі жайында айтылған жарыспалы «индивид» ойларымыз да әңгімені одан әрі қыздырды. Біреуіміз ең жақсы көркем фильмдер қатарына «Сумерки», «Дьявол носит прада», «Легенды осени», «Дневник памяти», «Черный лебедь», «Милые гости», «Загадочная история Бенжемена Баттонаны» жатқызсақ, екіншіміз «Еще одна из рода Болейн», «Троя», «Игры разума», «На дне», «Доброе утро» фильмдерін тізбектей жөнелдік. Артық уақыт берілсе, бұл тізім жалғасар-ақ еді... «Иә, иә...

Сабақ аяқталып, құрбыларыммен «дәмді лағман жейікші» деп Тимирязев көшесінің бойында орналасқан лағманханаға бардық. Жол-жөнекей қыздар бұл асхананы әдбен мақтап келді. Расында да лағмандары дәмді екен. Дастарқан басында отырып, әр түрлі тақырыпқа да қозғау салдық. Сөз арасында құрбым Назира: «Қыздар, «Страшно красив» киносын көрдіңдер ме? Ол осы жазда прокатқа шығу керек еді. Бірақ, неге екенін білмеймін, шықпады. Ғаламтордан іздеп, тауып алдым да, есім кеткенше тамашаладым. Өте қызық. Көргілерің келсе, берейін», - деді. Біз өзара келістік. Кенет, Назира: «Қыздар, сендердің ең сүйікті көркем фильмдерің қандай?», - деген сұрақ қойды да бізден шапшаң жауап күтетінін аңғартты. Біз бір минуттай ойланып барып, 40-50-ге жуық киноның атын атап шықтық-ау... Тіпті, бейне бір кино сыншылары немесе білгірлері сияқты жан-жақты талдап, актерлердің шеберлігі жайында айтылған жарыспалы «индивид» ойларымыз да әңгімені одан әрі қыздырды. Біреуіміз ең жақсы көркем фильмдер қатарына «Сумерки», «Дьявол носит прада», «Легенды осени», «Дневник памяти», «Черный лебедь», «Милые гости», «Загадочная история Бенжемена Баттонаны» жатқызсақ, екіншіміз «Еще одна из рода Болейн», «Троя», «Игры разума», «На дне», «Доброе утро» фильмдерін тізбектей жөнелдік. Артық уақыт берілсе, бұл тізім жалғасар-ақ еді... «Иә, иә... Бұл кино супер!» немесе «Ой, қойшы, тіпті қызық емес»,- деп өзімізше, пікір таласқа түстік. Одан қалса, «Отчаянные домохозяйки», «Секс в большом городе» атты сериалдарды талқылағанымыз-ды көрсеңіздер ғой, қайнауда бұрқылдаған болат секілдіміз. «Мен «Гарри Поттермен» өстім. Бала кезімде бұл кітапты 
жастанып оқитынмын. Міне, биыл Поттердің соңғы бесінші фильмі де прокатқа шықты. Мен де есейдім...», - деп құрбым аздап мұңайды, аздап назданды. Мөлдіреген көзінен балалықтың лебі сезілді осы сөздерді айтқанда. Үйге барған соң бұл жайлы біраз ойландым. Мен де осы фильмді көріп өстім ғой. Бірақ Назира секілді «Мен «Гарри Поттермен» өстім» деген ой маған мүлде келмепті. Расында да Джоан Роулингтің «Гарри Поттерін» оқымаған, киносын көрмеген бүгінгінің баласы кемде-кем.
Біздің әке-шешеміз, ата-әжелеріміз «Менің атым Қожаға» қарап бой түзеді, біз «Гарри Поттермен» өстік, ал бізден кейінгілер «Спанч Бобты» ұнатады. Біздің әке-шешеміз, ата-әжелеріміз Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдарын» қолдарынан тастамай оқыса, бүгінгілер «Сумеркиді», «P.S: Я люблю тебя»-ны сабақта жүріп, автобуста отырып оқыды. Ғаламтордан тауып алып, көздерінің майын тауысып компьютер арқылы оқығандардың талайын кездестірдім. Біздің ұстаздар «Студент кезімізде «Махаббат, қызық мол жылдарды» группа болып талқылаушы едік...» десе, біз группа болып «Сумеркиді» талқыладық. Әрине, көпке топырақ шашқым келмейді. Жастар кешегі Мұхтарды, Әзілханды мүлде оқымайды емес, оқиды, тіпті қызыға да құныға оқиды. Бірақ ондайлар саусақпен санарлық. Университетте журналистика мен филология мамандығында білім алып жатқан студенттер ғана қазақ әдебиетінің кешегісі мен бүгінгісінен хабардар, ал басқасының күнделікті қызығушылықтарын көріп те, біліп те жүрміз. Мәселен, достарымның үйіне барғанда бірден бөлмесіндегі кітап сөрелеріне назарымның ауатын әдеті. Әсіресе, қалада өскен достарымның кітап сөрелерінен «Гарри Поттердің» бірнеше томдықтарының тізіліп тұрғанын байқаймын. Одан қалса, әртүрлі психологиялық кітаптар, мәселен «Как стать стервой?»-ды да кездестірдім. Айтқым келіп отырғаны, аталмыш сөрелерден бүгінгі қазақ әдебиетінің талантты жазушыларының бірде-бір шығармасын көрген емеспін. Көрмек түгілі, бүгінгі қазақ прозасы мен поэзиясының дарынды тарландарын танымайтындар да баршылық. Сонда сіз мұндай құбылысты қалай бағалар едіңіз?
Адамның дүниетанымының, сауаттылығының нығаюы үшін әдеби шығармалар мен газет-журналдардың әсері мол. Ал, қаладағы аялдамаларда орналасқан дүңгіршектердегі трансұлттық журналдардың аузы-мұрнына сыймайтынын қайтесіз? Мысалы, қыз-келіншектер «Мини», «OOPS», «JOY», «Космо», «Бурда» секілділерін оқуға құмар. Онда тек қана сәннің соңғы трендтері, дене мен бет терісін күтуге арналған қандай да бір кеңестер немесе биылғы көктем, я болмаса күз мезгілінде «стильный» болғысы келгендер қандай түс таңдауы керектігі жайында қаптаған «сылқым» әңгімелер айтылады. «Қыздың көзі қызылда» демекші, өзім де бұл журналдарды анда-санда парақтап қоямын. Бір құрбым 10-11 сыныпта оқып жүргенінде-ақ осы журналдарды ай сайын алып, ішінде жазылған бір сөйлемін, бір сөзін тастамай оқиды екен. Сөйтіп, үзбей жинаған журналдарынан бір нәрсені айналдырып келіп шиырлай беретінін байқаған соң, бұл журналдарға деген қызығушылығы жоғалыпты. Құрбымның қазір кез келген шетелдік актердің, топ модельдің, әншінің жеке өмірі мен бірнеше жылдық шығармашылығы турасында білмейтін сыры жоқ. Кейде, шетелдік киноның қандай да бір актері есімізге түспей жатса, сол қызға жүгіретін әдетіміз де бар.
Байқасаңыз, қыз балалар аса еліктегіш келеді. Кітаптан немесе журналдан оқығанын, телехабардан көргенін қашан да бір тәжірибесінде пайдаланып көрмей қоймайды. Қыз бала табиғатынан сұлулыққа, әсемдікке жақын емес пе? Қалада өскен қазақ қыздарының алпыс екі тамыры «мода», «сәнді киім» деп соқса, оған не айып? Қателеспесем, бүгінгі жас қыздардың көгілдір экран алдында сүйіп тамашалайтын телебағдарламасы Муз-ТВ арнасындағы «Топ модель по-американский» шығар. Құрбым: «Ғаламтордан бесінші сезонын тауып алдым. Как раз соны көре алмай қалып едім ғой, помнишь? Соны көрдім», - деді. Аталмыш бесінші мезгіл эфирге шығып, менің өзім де тамашалап жүрген кезім еді. «Кімнің жеңіске жететінін айтайын ба?», - деп құрбым менің қытығыма тиді. Жеңіске кімнің жететінін білгім келген мен де: «Айтшы тезірек!»,- деп мазасыздандым. Оның: «Бритни»,- дегені сол еді, төбемнен жай түскендей болды. Мен Молли - «Топ модель по-американский» болады деп жүрсем, қателесіппін. Қазір, ойланып қарасам, бұл шоу жайлы қыздар естері кеткенше әңгіме өрбіткенде, құлақ түріп, аса араласа қоймаушы едім. Эфирден көргелі бері, әр жексенбі сайын асыға күтетінді шығардым. Оны қойшы, қыздар осы шоудың жүргізушісі Тайра Бэнксті пір тұтады, соған еліктейді. Қара нәсілді, сұңғақ бойлы аса сұлу модель Тайраның дене бітімін, шашын, жүріс тұрысын, сөйлеген сөзін салуға тырысатын. Біздің жас қыздар соған ұқсағылары келеді...
Ең сорақысы, біздің кино жайындағы әңгімемізде қазақтың бірде-бір көркем киносының аты аталмады. Оны осы мақаланы жазу барысында аңғардым. Әрине, жастарды бұл орайда кінәлауға да болмас. Кез келген адам таңдау құқығына ие. Әрқайсымыздың өз талғамымыз бар. Бүгінгі жастардың талғамы - заман талғамы. Шыны керек, «Гарри Поттерді» немесе кешегі «Ералаш» пен «Ну, погодиді» көріп өскендердің талғамын салыстыру мүмкін емес. Ал «Кешегі классикалық үлгіге қалыптасқан буынды кім басты?» деген сұраққа уақыт өте тарих парақтары жауап беретін шығар...
Әңгімемізді әрі қарай Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің оқытушысы Назым ЖҰРТБАЙМЕН жалғастыруды жөн көрдік.

Назым ЖҰРТБАЙ, ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің оқытушысы:

- Бүгінгі таңда газет те, кітап та, сайт та көп. Одан қалса кинолардың сан түрі шығып жатыр. Мұның арты неге апарып соғады?
Меніңше, заманды да, кезеңді де жасайтын адамзат. Бұл жерде газет, кітап, сайт, кино туындылары кімнің мүддесін дәріптейтініне, қай халықтың мен­та­литетіне сай жазылғанына байланыс­ты. Бүгінгі жаһандану заманында ақпарат көздерінің сапасы маңызды емес. Оның саны көп болу керек. Ал біз сияқты саны аз халық үшін сапасыз ақпарат ұлттық иделогияны айтпағанда, ұлттық сезімді жоғалтуға дейін апарары анық. Қазіргі кезде бізде екі-үш кітапты ғана оқып, соның негізінде ой қалыптастыру кеңінен тараған құбылыс. Демек, сол екі-үш кітаптың маңызы зор. Жүздеген қажетсіз кітапты оқығанша, ойға ой қосар он шақты сапалы туындыны оқыған әлдеқайда пайдалы. Менің бір жылдық оқытушылық тәжірибемде бір қызық жағдай болды. Сабақ барысында әдеби кітаптар туралы әңгіме қозғап едік, шәкірттер бұл жайлы дебат құрып кетті. Өзара пікір алмасып, сөз жарыстырып, тіпті әңгіменің ошағын қыздырып та жіберді. Орыс тобында оқитын екінші курс студенті, ұлты кәріс Угай Инесса атты бойжеткен бұрын бір қаладан екінші қалаға көшіп-қону барысында жол-жөнекей пойызда, болмаса автобуста келе жатып қазақтың кең даласын «тамашалаудан» шаршап, іші пысатынын айтты. Сөйтіп жүргенінде Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы қолына түсіпті. Инесса: «Абай жолын» оқығаннан кейін қазақ даласына ессіз ғашық болып қалдым», - дейді. Дала табиғатының әсерлі сұлулығын Әуезов көзімен қарап қана түсінгенін жеткізді. Қараңызшы, өткен заманда жазылған ұлы туынды, қазіргі заман баласының жүрегінде туған жеріне деген ыстық сезімін оятқан. Осындай қызды кездестіргеніме, қуанғанымды көрсеңіз ғой...
Меніңше, ұлт санасын қалыптастыра-тын екі-үш кітапты ресми түрде айқындап, белгілеп, халыққа оқыта алсақ, айналамыз қаптаған газеттер мен кітаптардың, сайттар мен кинолардың ешқандай қаупі бола қоймас
- Біз «Телевизия - «салқам», ол сауық-сайран мен көптеген шоуларға толы» деген пікірлер естіп жүрміз. Бірақ бүгінгі телевизияға жаңа буын әлдеқайда оң көзқарас танытатынын ескерсек, біздің халықты «жеңілге» жақын деп айта аламыз ба?
Қазіргі кезде телевизияда көптеген арналар ашылды. Сәйкесінше, олардың бағыты да, ұстанымы да әртүрлі. Тіпті, қалада тұратын отбасылардың үйіне кабельді арналар қосылған. Сөйтіп, әркім өзіне керегін немесе ұнағанын таба алады. Осы орайда өз басым жеңіл, дарақы, мазаққа толы бағдарламаларға қарсымын. Меніңше, бұл бағдарламалар ұлттық ерекшелікті, менталитетті бұзады. Отар елдерде отарланушы халықты ұстап тұрудың бір амалы оларды мазақ пен күлкіге әуестендіру дейді. Кейде, сол рас-ау деп те ойлаймын. Дей тұрсақ та, бұл бағдарламалардың ғұмыры ұзаққа созылатынына аса сеніңкіремеймін. Мысалы, жапондардың негізгі ілімі синтаизм. Синтаизмнің философиялық тұрғыдан келгендегі күш-қуаты басқа ілімдермен салыстырғанда әлдеқайда осал. Бірақ, жапондықтар синтаизмнен бас тартпады. Керісінше, оған қосымша ретінде буддизмді қабылдады. Қазірдің өзінде жапондықтардың өмірінде екі ілімнің ойып алар өз орны бар. Дін мен телевизияны салыстыру дөрекі көрінсе де, айтып отырған сауық-сайран мен шоулар да ертең халыққа аздық етіп, көрермендер мағынасы тереңірек бағдарламаларға ойысады.
- Мәселен халық «Жұлдыздар отбасын» және тағы басқа да сол сияқты басылымдарды оқуға құмар. Ал сіз­діңше, халық жалпы қандай газет-жур­налдарды оқуы керек деп ойлайсыз?
Өз басым «Жұлдыздар отбасы» журналын жақсы басылым деп есептеймін. Сол редакциядан шығатын «Аңыз адам» журналын да оқып тұрамын. Қазіргі кезде халық өз мүддесінен шығатын, пайдалы әрі маңызды басылымдарды оқу керек сияқты. Шығыс Қазақстанда Өміржан Жақып атамыз газеттердің біреуін қалдырмай оқып, үнемі жинайды да отырады. Сөйтіп, ішінен грант, жобаларды іздеп, арасында тапқан пайдалы грант­тар­ға қатысып, ауылына балабақша салдырды, көпірді жөнге келтірді, құдық қаздырып, су мәселесін шешті. Бір адам бір ауылдың жоғын осылай жоқтап, аталмыш жетіс­тіктерге жетіп отыр. Адам баласы «Мен не білемін? Не білуім керек? Мен білгеннен маған, жақындарыма, еліме қандай пайда болады?», - деп өзіне сұрақ қойып, сұра­ғына жауап таба алса, қандай басы­лымның қажет екенін айтпасақ та, түсінікті.
- Мына заманда еліктеуге тұрарлық та, тұрмайтын да ағымдар көп. Олардың бәріне ілесе беру дұрыс па?
Еліктеушілік адам санасында ерікті және еріксіз болады. Кейде адам өзінің біреуге еліктеп жүргенін байқамай да қалады. Жалпы еліктеуге тұрмайтын ағымдарды атау қиын емес. Ал еліктеуге тұрарлық ағымдарды атау аса қиын. Мәселен, қазіргі жастарға бай болып көріну, солардың өз сөздерімен айтқанда «мода». Жастар бай болып көріну үшін дәулетті құрбыларына еліктейді. Ал, ол дәулетті құрбылары шынымен де бай ма, әлде басқа ауқаттыларға еліктеп жүр ме, ол жағы белгісіз... Өзінің еліктеумен ғана жүргенін түсінбейтіндер де жеткілікті. Еліктегісі келсе, оқу озатына еліктесе ғой, осы шіркіндер...

Зарина БҮЙЕНБАЙ.

http://writers.kz/journals/?ID=10&NUM=82&CURENT=&ARTICLE=2479

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458