Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 7469 17 пікір 31 Наурыз, 2020 сағат 14:22

Билік «бізбіргеміз» деп ұрандатып, таза пиар жасауға көшкен

Елдегі жағдай күннен күнге қиындап барады. Халық үрейде. Тәжтажалдың беті қайтар емес. Бірақ билік бұл жағдайды әлі терең түсініп, жүрегімен қабылдай қоймаған сынды. Мемлекеттік комиссия құрылып, оған Үкімет басшысы жетекшілік етуде. Ары қарай не істеп жатқандары белгісіз. Бәрін дәрігерлерге артып қойып, қарап отыр ма деп қаламын. Осылай індетпен күресуге бола ма?

Көрші Ресейге қарасақ, елдегі жағдайға байланысты күн батыстағы Калининградпен қиыр шығыстағы Владивосток арасындағы мұқым әскері тынымсыз жаттығуға көшкен. Соғысқа дайындалып жатқан жоқ. Коронавирус індетіне қарсы халыққа көмек беру үшін, қай жерде, не істеу керек, соны пысықтау үстінде. Міне бұл бізге үлгі.

Кеше қытайдың Уханында індет ошағы пайда болғанда Қытай халық армиясы халыққа қалай көмек берді. Қытай билігі армияны сәтті пайдалана алды. Ал, біздің елде қалай? Ондай тірлікті байқап тұрған жоқпын. Рас, көшелерде полицейлермен бірге жүрген Ұлттық ұланның сарбаздары көзге шалынып қалады. Бар болғаны осы. Елде мұндай төтенше жағдай жарияланған кезде армия кез-келген оқиғаға даяр тұруы тиіс емес пе! Көшіретінді көшіріп, көмек беретінге қол үшін созып дегендей... Бұл бір деп қойыңыз.

Екіншіден билік «бізбіргеміз» деп ұрандатып, таза пиар жасауға көшкен. Әсіресе елдегі саяси алаңда монополис болып отырған «Нұр Отан» мұқтаж жандарға көмек беріп жатырмыз деп өзін-өзі таза жарнамалауға көшкен сынды. Өйткені қыр астында парламент сайлауы тұр. Олардың азды-көпті жасап жатқан көмегінің астарында «Міне бүгін біз көмек беріп жатырмыз, ертең сайлауда бізді қолдаңдар» деген ишара жатқаны анық. Және ол көмегі мұқтаж жандардың барлығына жетіп жатпағаны тағы белгілі.

Үшіншіден, мұндай жағдайда елдегі кез-келген министрлік әлеуметтік желілер арқылы күнделікті халық алдында есеп беріп отыруы тиіс. Сонда ғана биліктің сын сағатта халық үшін, мемлекет үшін не істеп жатқаны белгілі болып отырады. Өкініштісі, бізде ол жоқ. Керісінше бір отбасыға біреу көмек ретінде бір қорап көтеріп барып, беріп жатса, фотоотчет ретінде бес-алты адам соны суретке тарып, видеоға түсіріп жүреді. Осыда көмек пе?

Халыққа жаны ашитын Үкімет мұндай көз бояушылықпен айналыспас еді.

Азаматхан Әміртайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963