Интернет-конференция: Мәмбет Қойгелдиев (Жалғасы)
Интернет-конференциямыздың құрметті қонағы, білгір тарихшы Мәмбет мырзамен Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандары арасындағы сұхбат жалғасын тауып отыр. Оқырман қауымға интернет-конференцияның бастапқы жарияланымдарын мұрағаттар қорынан тауып алуға болатынын ескертеміз.
«Абай-ақпарат»
- Сіз басқарып отырған тарихшылар қауымдастығы нақты қандай жұмыстар жасады? Жалпы, ұйым қаншалықты «тірі»? Мүшелікте кімдер бар? Жоспарларымен қалай танысуға болады? Неге интернетте веб-парағын ашпайсыз?
- Оның құрамында төрт жүзге жуық тарихшы және басқа мамандық иелері бар. Олардың арасында мектеп мұғалімдері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, ғылыми-зеттеу институттарының қызметкерлері, шетел азаматтары, ғалымдары бар.
Қауымдастық 2007 жылы қыркүйекте Пекин (ҚХР) қаласында өткен Тарих Ғылымының Халықаралық Комитетінің Бас Ассамблеясының мәжілісінде осы ұйымға мүшелікке қабалданды. Бұл еліміздің тарихшы-ғалымдарының халықаралық кеңестікке шығуына мүмкіндік туғызатын жағдай болып табылады. Қауымдастықтың белсенді араласуымен елімізде республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқытушылардың білімін жетілдіру курстары және басқа шаралар өткізілді.
Интернет-конференциямыздың құрметті қонағы, білгір тарихшы Мәмбет мырзамен Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандары арасындағы сұхбат жалғасын тауып отыр. Оқырман қауымға интернет-конференцияның бастапқы жарияланымдарын мұрағаттар қорынан тауып алуға болатынын ескертеміз.
«Абай-ақпарат»
- Сіз басқарып отырған тарихшылар қауымдастығы нақты қандай жұмыстар жасады? Жалпы, ұйым қаншалықты «тірі»? Мүшелікте кімдер бар? Жоспарларымен қалай танысуға болады? Неге интернетте веб-парағын ашпайсыз?
- Оның құрамында төрт жүзге жуық тарихшы және басқа мамандық иелері бар. Олардың арасында мектеп мұғалімдері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, ғылыми-зеттеу институттарының қызметкерлері, шетел азаматтары, ғалымдары бар.
Қауымдастық 2007 жылы қыркүйекте Пекин (ҚХР) қаласында өткен Тарих Ғылымының Халықаралық Комитетінің Бас Ассамблеясының мәжілісінде осы ұйымға мүшелікке қабалданды. Бұл еліміздің тарихшы-ғалымдарының халықаралық кеңестікке шығуына мүмкіндік туғызатын жағдай болып табылады. Қауымдастықтың белсенді араласуымен елімізде республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқытушылардың білімін жетілдіру курстары және басқа шаралар өткізілді.
Өкінішке орай, біздің әріптестеріміздің арасында осындай Қауымдастық сияқты үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігін пайдаланып түрлі жобалар жасап жаңа нәтижелерге қол жеткізу, сол арқылы ғылымның қажетіне қаржы табу мәдениеті қалыптаспаған. Тарих ғылымының қоғамдық сұраныстарға сай арнада, қоғаммен бірге өсіп-жетілуі алдымен сол қоғам үшін қажет. Яғни, қоғамда тарихи сананың заман сұранысына лайық дәрежеде болуына мүдделі күштер (элементтер) әр уақытта табылған, қазір де бар. Тарихшы-мамандар сондай топтарды тауып, олар мен жұмыс жасай білулері қажет. Ғылымның өмірмен байланысты дегеніміз - осы.
Бір ғана мысал. Жақында менің бір туысым математика ғылымы саласының көрнекті өкімі, ғылым докторы, профессор, институт директоры Мувашырхан әулетінің тарихына арнап кітап шығарды. Кітаппен танысқан кісі автордың көздеген мақсатын жеңіл түсіне алады. Ол уақыт арасында атасының, әкесінің, өзінің, қоршаған адами ортасының жүріп өткен жолын мүмкін болғанша терең және дәлірек түсінгісі келеді. Кезінде өмірге келіп ұрпақ өсірген адамдардан артында із қалсын деген ойда. Құптауға, қолдауға тұрарлық іс деп білемін.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-де Сағатбек Медеубеков деген ақын, ғалым, кафедра меңгерушісі бар. Сол азаматтың қолдауы мен Қауымдастық қазақ қоғамындағы әулеттер тарихына арналған бірнеше ғылыми конференциялар өткізді. Халық елдің ортасына алыстағы ауылдарға бардық. Жеке әулеттерге дарыған қадыр-қасиеттерді елеп-екшеп, тарих арнасында түсінгіміз келді. Бұл әрекет жалпы қоғамның талай тағдырын неғұрлым тереңірек түсінуге жол ашады деген үміттеміз.
Тарих мүмкін болғанша уақыт арнасындағы жеке тұлғалық тыныс-тіршілігіне жақындай түскен жөн. Бұл оның гуманистік міндеті, функциясы. Жеке адамның, тұлғалық өмірін білу арқылы әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамның, ұлттық өмірін тура түсінуге жақындай түсеміз. Әрине, мұндай мақсатқа жету оңай емес. Ол үшін тарихи зерттеудің жаңа әдіс-құралдарын игеру қажет.
XX ғасырдағы қазақ ауылы. Бұл да бір тарихтың ғажап құбылыстарының бірі. Драмаға, қуаныш пен қайғыға толы өмір. Біз бәріміз сол ауылдан шықтық. Сол ауылға бәріміз де борыштармыз. Ал сол ауыл қазір жоқ десе де болады. Қоғамдағы күрделі өзгерістермен бірге қазақ ауылы да өзгеріске ұшырау жолында тұр. Міне, біз тарихшылар, сол ауылдың алдындағы міндетмізді орындай алмай келеміз. Менің айтпағым, сол XX ғасырдағы қазақ ауылының «микро» дейміз бе, жоқ әлде «макро» дейміз бе тарихы жазылған жоқ. Ол жазылуға тиіс. Бүгінгі тарих ғылымының бір міндеті осы деп білемін.
- Мектепте тарих пәнінің мұғалімдері мықты болуы керек. Әсіресе, орыс мектептерінде Қазақстан тарихын, қазақ тарихын өзге ұлт өкілдері, орыстар қаншалықты адал жүрекпен бере алады деп ойлайсыз? Сіздің "Қазақтың ұлттық саяси элитасы" атты кітабыңызды оқығаннан кейін ой-санамда керемет өзгеріс болды. «Осындай кітап бар оқыдыңдар ма?», деп тарих мұғалімдерінен сұрасам олар мақрұм екен. Біздің 20 жыл бойы сандалып таба алмай жүрген ұлттық идеологиямыз, мемлекеттік саясатымыз осы кітабыңызда тұнып тұр, амал нешік соны көретін көз, еститін құлақ жоқ. Коммунистік идеологияны да, батыстық бағытты да көрдік, бірақ қазақтың жанына бұлардың ешқайсысы дөп келмеді. Сонау көміліп жатқан қазынаны ашып, халқына үні мен сөзі жетпей жатқан арыстарымызды архивтерден майдан қыл суырғандай ерінбей жалықпай алып шығып, халықпен қауыштырған еңбегіңізге көп-көп рахмет, аға! Ендігі жерде бізге Алаштық идеядан артық идеологияның керегі жоқ, бірақ біздің билік басындағылар бұны білмейді және білгісі де келмейді. Оларға күш-қуатты босқа сарп етудің қажеті жоқ. Сіздердің ендігі міндеттеріңіз осы алаштанудың ірге тасын қалап, мектеп және ЖОО бағдарламасына енгізу. Сізге зор денсаулық тілеймін, қазақ тарихының алдаспаны болып жүре беріңіз.
- Кезіңде Қауымдастық «Менің Өлкем» деген жоба даярлап, оны кең аудитория алдында баяндадық. Шымкент қаласында облыс оқу орындарында (орта және жоғары) жұмыс жасайтын тарихшы мамандарды жинап облыс әкімінің орынбасары, облыстық оқу бөлімінің бастығының қатынасуымен кеңес өткіздік. Бұл жоба БжҒМ-гінің патриоттық тәрбиеге байланысты жоғарыдан ұсынған жобасына балама бағдарлама еді. Бағдарлама Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдіктеріне ұсыныуы да. Қолдау тапады. Қазір біз бұл бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ-нің магистранттары мен докторанттарының күшімен қайта жандырмақ ойдамыз. Мүмкін, қолдау деп табармыз.
Міне осы Шымкент қаласын да өткізілген тарихшы мұғалімдер кеңесінде бірі Кентау қаласынан, екіншісі Сарыағаш өңірінен келген Құралай және Мәмбет деген жас оқытушылардың «Өлкетану» қосымша пәні бойынша даярланған оқу құралдарымен таныстық. Мазмұнды да тартымды екен. Сол оқу құралдарын сәл жетілдіре түсіп, үлгі ретінде бүкіл республика көлемінде таратуға лайық. Түкпірдегі ауылдарда қолдау таппай қаншама ұстаздардың жақсы ойлары құмға сіңуде. Соларға сенім іс-жігер беретін іс-шараларды барлық облыстарда, жеке аудандарда, ауылдарда өткізуге әбден болады. Жас ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеу осындай істерден басталса керек. Әрбір ауылдан шыққан іскер азаматтар «Менің өлкем» сияқты бағдарламаға қаржылай қолдау жасаса руханият іске қосқан үлесі болар еді.
«Мектептегі тарих пәнінің мұғалімдері мықты болуы керек»,- дейді. Әбден орынды айтылған пікір. Кез-келген жұмыр басты пәндеге қуат, қанат беретін ата-ананың тәрбиесі мен мұғалімнің берген білімі. Ал ұлттық білім жүйесі заман сұранысына лайық белгілі бір ұстанымдарға сүйеніп, белгілі бір мақсат-мұраттарды көздейді.
«Ұлттық саяси элита» кітабыма байланысты жылы пікір білдірген баурыма осы еңбегімде айтпақ ойымды тура түсінгені үшін зор рахмет! Кітап, мақала не үшін жазылады? Әрине, отандастарымызбен отанымыздың өткені мен болашағы жөнінде жай пікір алысу үшін ғана емес, сонымен бірге ішкі сырды бөлісу үшін де. Мұндай әрекет әрқашанда сәтті шыға бермейді. Дегенмен ол қажет, әсіресе бүгінгідей өзгерістер кезеңінде.
Еліміздің тарихындағы күрделі кезеңдерде халқымыздың түпкілікті мүддесін жанын салып қорғаған ұлдары мен қыздары аз боламаған. Болашағына төнген қауіпті іштей сезінген халық өмірлік сұранысқа жауап ретінде биік рухты отаншыл азаматтарын ауық-ауық, лек-легімен шығарып отырған. Ол жөнінде Мағжан ақын «толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады» дейді. Ел өміріндегі осындай жағдайды біз 18 ғасырдағы «ақтабан-шұбырынды, алқакөл-сұлама» заманынан, сондай-ақ 20 ғасырдың алғашқы ширегіндегі орыс отаршылдығына қарсы күрес кезеңінен байқаймыз.
Соңғы кезеңдегі толқын ел өмірін түбегейлі өзгертуді мұрат тұтқан, осы күрделі шаруаны қолға алған, сондай-ақ ол істі соңына дейін жеткізуге қарым-қабілеті жететін ұлы толқын дейді. Осы толқынды (екі бірдей буыннан тұрған) өмірге әкелген халық та болашағы жарқын жұрт екенін осы мезгілде көрсетіп үлгірген еді. Біздің сорымызға қарсыласымыз өзінен басқаның өмірін өшіруге әзір дүлей күш болып шықты. Халықты көш бастаған серкелерінен ажыратып, оларды жау ретінде көрсетіп, ұлттық «жанашыры» өзі болып шықты. Мұндай «қомқорлықтың» немен аяқталғаны бізге мәлім.
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы ұлт өміріне қатысты процестермен таныс адам ретінде мынадай жағдайға көңіл аударайын. Осы мезгілде өмірге қазақ ағартушылары, онымен бірге қазақ ұлтшылдығы келді. Бұл екеуі де өмірлік сұраныстан, қажеттіліктен туған толық табиғи құбылыстар болатын. Оларды өмірге әкелген алғашқы буын ұлт зиялылары еді. Бұл жалпы ұлттық идеяларды келесі екінші буын зиялылр, саяси бастаушы топ тез түсіне қойып, ары қарай іліп-алып кетті. Өкінішке орай бұл ұлттың ішкі процесіне сыртқы отаршыл күштер дөрекі түрде араласып, соның нәтижесінде қазақ ағартушылығы қазақ ұлттық, оның ұлттық санасының бір жола қалыптасуымен аяқталмай, үзіліп қалды. Жаңа империяшыл күштер үзіп тастады.
Сол сияқты қазақ ұлтшылдығы да қазақ ұлттық мемлекеттінің қалыптасуымен аяқталмады. Кеңестік билік берген автономия жай қуыршақ мемлекеттілік болып шықты.
Басқаша айтқанда, ғасыр басында өмірге келген қазақ ағартушылығы мен қазақ ұлтшылдығы бар болғаны 10-15 жылға ғана созылды. Бұл қатар жүрген екі идеялық ағымның авторы және қозғаушы күші болған алғашқы екі буын зиялыларды репресиялық жолымен өмірден алып кеткен саясат олардың идеяларын да ала кетті. Бүгінде мемлекеттік тәуелсіздік алып, ел қатарына қосыламыз деген үмітпен алған ұмтылған шақта алдымыздан шыққан күрмеуі қиын көптеген қоғамдық мәселелердің түп-тамыры сол жаңағы ұлтшылдығының өз табиғи даму сатыларымен жүрмей, бастапқы кезеңінде-ақ зорлықпен өмір сахнасынан кетірілгендігіне байланысты.
(Жалғасы бар)
«Абай-ақпарат»