Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2580 0 пікір 17 Қазан, 2011 сағат 03:22

Аймаңдай Асқанбай. «Тіл туралы» заңдағы сорақылықтар

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының қабылданғанына (Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11.) 11 шілдеде 16 жыл толды. Бірақ бұл заң өз саласы бойынша реттеуші факторға айналудың орнына шиеленіс тудырушының рөлінде болуда. Неліктен? Себептер ретінде заңға тілдік, заңдық және қисындық тараптан талдау жасай отырып, жауап береміз. Сонда Конституцияны мемлекеттік тіл пайдасына өзгертуді көксейтіндердің қарапайым заңның қауқары неге жоқтығына көздері жетер.

1.Заң атауы бойынша талдама.

Заңның қазақ тіліндегі  бас тақырыбы орыс тіліндегі «тілдер туралы» деген нақты ұғымды тарылтып, жекеше түрде «тіл туралы» деген түсінікпен шектелген.

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының қабылданғанына (Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008.21.11.) 11 шілдеде 16 жыл толды. Бірақ бұл заң өз саласы бойынша реттеуші факторға айналудың орнына шиеленіс тудырушының рөлінде болуда. Неліктен? Себептер ретінде заңға тілдік, заңдық және қисындық тараптан талдау жасай отырып, жауап береміз. Сонда Конституцияны мемлекеттік тіл пайдасына өзгертуді көксейтіндердің қарапайым заңның қауқары неге жоқтығына көздері жетер.

1.Заң атауы бойынша талдама.

Заңның қазақ тіліндегі  бас тақырыбы орыс тіліндегі «тілдер туралы» деген нақты ұғымды тарылтып, жекеше түрде «тіл туралы» деген түсінікпен шектелген.

Жекеше түрде ауызекі нұсқада «су», «жер» секілді жалпылама сипатта айтылатын  жағдайдың нақты жайттарды реттейтін заң шеңберінде қолданылуы қисынсыз, қате екені ескерілмеген.Өйткені, бұл заң бір ғана қазақ тілін қолдануды емес, елдегі ондаған заңдарды қолдану мәселесін реттейтін акт ретінде орын алған. Сондықтан заң атауының қазақша нұсқасы орысшасына кереғар, дүдамал сипатта көрініс тапқан.
2.Преамбула бойынша талдама.

«Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң қарауды қамтамасыз етедi.» деген сөйлемдегі «осы» сөзі өз орнында емес, оның орнына қазақ тілінің қалыптасқан стиліне сәйкес «бұл» сілтеуіші қолданылуы керек. Бұл - заңжобаның орысша әзірленіп, шала аударылғанының бір көрінісі.Қазақстан заңдарындағы орыстың «настоящий» сөзін «осымен» баламалау заңдамалық құжаттарда тілдік сауатсыздық болып қалыптасып отыр.

3. Заң мәтіні бойынша талдама

А)

1 тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негiзгi ұғымдар
2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi

Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады.
Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi.

Келтірілген тармақта 2- сөйлем биыл қабылданған «Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасындағы» ел азаматтарының 95 пайызға дейін мемлекеттік тілді білу талабы мен межесі өзара қайшы. Себебі, мемлекеттік тіл мәртебесі мына тармақта көрсетілгендей қазақ тілінің мемлекет пен азаматтар арасындағы емес, 1- сөйлемде көрсетілгендей, «Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар». Бұл - реттелетін заңдық норма ғана. Азаматтардың мемлекеттік тілді 100 немесе 90 пайызының біліп-білмеуі мемлекеттік органдардың жұмыс тиілі болып табылатын қазақ тілінің дамуына ешбір қатысы жоқ! Бұл - мәселені қасқана бұрмалау! Бұл - мемлекеттік органдардың өз міндеттері болып табылатын  талапты, азаматтарға ысырып салу көрінісі. Өз бетімен күн көріп жүрген азаматтардың мемлекеттік органдардың жұмысына да, тіліне де қатысы жоқ! Аталмыш жайт, қазақ тілінің кері кетуіне бірден бір кінәлі мемлекеттік ұйымдар екенін тағы бір әйгіленуін қымтай отырып,мәселенің шешімін басқа жаққа бұруды көрсетеді.

Ә)

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.

Бұл тармақта көрсетілгендей, мемлекеттік тіл - азаматтардың мемлекетпен, басқа да ұйымдармен, өзара қатынас құралы емес, ондай талап көрсетілмеген, тармақтағы пайым - қазақ тілінің ресми қатынастарды реттейтін тіл, яғни, ресми тіл екендігі, ең әуелі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар тілі екендігі.

В)

Осы баптың 2- сөйлемінде: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. » делінген, бұл - заңға сай емес декларативтік сөйлем, ол талап ретінде ешкімге де қолданылмайды.Ешбір азаматқа бұл заң талабы қолданыла алмайды, себебі, парызды орындау әркімнің өз шаруасы, өз еркі.

Г)

Оның есесіне келесі сөйлем мына талаптан тұрады: «Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;...» Бұл тармақ бойынша елдің кез келген азаматы аталған мемлекеттік органдарға наразылықпен жауапқа тартуға әбден мүмкіндігі бар.Бірақ азаматтардың(тіпті, мемлекеттік қызметтегілердің де) мемлекеттік тілді білуге міндеті айқындалмаған.

Д)

5-бап. Орыс тiлiн қолдану

Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

Келтірілген баптың күші мемлекеттік тілге қатысты айтылған 4-баптың күшімен парапар.Екі бапта да қазақ пен орыс тілдерінің ресми түрде қолданымы ғана нақты айтылған, бірақ азаматтардың қазақ тілін де, орыс тілін де білуге міндеті көрсетілмеген.Алайда, Конституцияның 7-бабының 2-тармағының бұл заңда да қайталануы артық және де «ресми түрде» ұғымы анықталмағандықтан, «орыс тілі мемлекеттік тілмен бірдей немесе мемтілдің орнына қолданылады» деген ұғым қоғамда қалыптасып отыр. Шын мәнінде бұл атазаң мен осы заңдағы бұл қайталанған тармақ нақтыланбағандықтан, орыс тілінің де мемлекеттік мәртебесін жасырын түрде айшықтап тұр. Және де, осыдан Конституцияның 7-бабының 1- және 2-тармағы бір біріне қайшылықта! Оны реттейтін «Мемлекеттік тіл туралы» заң Конституциялық кеңес ұсыныс етсе де, қабылданбай отыр.Заң шығару тәжірибесі мен теориясы бойынша бір заңның бабы екіншісіне қайшы не астыртын қайшылықта болмауы керек! Жоғарыдағы жайтты қарапайым ұғыммен былай түсіндіруге болады: «жұбайдың досы  оның зайыбына(әйеліне) деген жұбайлық міндетін орындауға зайыптың күйеуімен тең құқылы» секілді сорақы мәнге ие.Бұл ұғым заңдалса, елде көпжұбайлықты астыртын заңдандыру актысы ретінде қабылданар еді. Конститциялық бұл қайшылықты жоюдың бір мүмкіндігі: Конституцияның 7-бабының 2-тармағындағы етістікті ең болмаса «қолданылуы мүмкін» деген міндетті емес нұсқамен алмастыру.Шын мәнінде, орыс тілінің мәртебесі жоқ, бірақ «ресми түрде» деген тіркесті қазақтілді азаматтар «ресми тіл» деп қабылдап жүр.

Е)

8-бап. Тiлдердiң қолданылуы

Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

Жоғарыда келтірілген мемлекеттік тілдің қолданым аясы осы тармақта тағы бір нақтыланып тұр, бірақ елде ұйымдастырылатын халықаралық шаралардағы қолданысы айтылмаған.Ендеше елде болып жатқан талай шараларға қазақ тілі есіктен де сығалай алмауы әбден мүмкін, оның есесіне мәселен, ОБСЕнің Астанадағы отырысы моңғол тілінде де  өтуіне мүмкіндік бар деген сөз.

Осы тармақтың «орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.» деп қайталануы атазаңдағы орыс тілінің астыртын мәртебесін бекітіп тұр. Тағы бір ескеретін жайт: аталмыш заңдағы негізгі ұғымдар тізбегінде «ресми түрде тең қолданылады» деген ұғымның анықталмағандығы. Сол себепті, бұл ұғым «ресми түрде мемлекеттік тілдің орнына қолданылады» деген пайымды заңдандырып тұр.

Ж)

9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi

Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.

Бұл тармақ бойынша кез келген ел азаматы меморгандарды (үкімет пен парламенттен бастап) жауапқа тартуға мүмкіндігі бар.

З)

11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.

Бұл тармақ мемлекет пен азаматтың арасындағы қатынас тілінің нақтыланбағанын көрсетеді.Айталық, Африкадан келген бір азамат қолына Қазақстан төлқұжатын түсірді дейік, ол Үкіметке өзінің тайпалық тілінде хат жазса, оған үкіметтің кеңсесі сол тілде жауап жазуға мәжбүр болмақ немесе сол тайпа тілін білетін адамды штатта ұстауына тура келеді. Тіпті, көп айтылып жүрген 140 этностың бәрін солардың тілінде жауаппен қамту үшін тек қана үкімет кеңсесінде 140 адам ұстауға болмаса әр хатты аударуға шығындануына тура келеді деген сөз.Қисынында,жауап мемлекеттік тілде болуы керек және ұғынбау қаупы болса,оны ұғындыру жергілікті өзін өзі басқару ұйымдарының міндеті,тіпті болмаса, халықаралық алты тілдің бірінде көшірмесі жіберілуі мүмкін.Болмаса азаматтармен қатынас тілінің тізбесі бекітілуі керек, ол 140 емес, елдегі саны 100 мыңнан кем емес этнос тілдерінің тізімі болуы мүмкін, оның саны шамамен 14 болар(одан да аз екені белгілі), ондай тілдік қатынасты,тіпті ассамблеяның мойнына жүктеу керек, өйткені, ол сол міндетті алып отырған жартылай мемлекеттік орган болып табылады.

Ғ)

13-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi

Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.

Бұл тармақ бойынша сот ісі міндетті түрде мемлекеттік тілде жүруі керек, ал жағдай мүлдем кереғар. «Қажет болған жағдайдың» қандай екені де заңның преамбуласында айқындалмаған. Кәзіргі сот тілі сот қазыларының немесе арызданушы тараптардың еркімен таңдалып отырған жайт деуге болады. Шын мәнінде сот қазысы қазақ тілінде сөйлеп, шешімді қазақша шығаруы керек те, түсінбейтін тарапқа ілеспе аударма арқылы жетуі керек.Қазақ тілі мемелкеттік тіл болғаннан кейін, мемлекеттің атынан сөйлесетін кез келген пенде мемлекет тілінде сөйлеп, оның аудармасын қамтамасыз етуі мүмкін.

Сондай-ақ, заңдағы «басқа тілдер» де айқындалмаған, бұл тармақ бойынша «басқа тілдерге» жер бетіндегі кез келген тіл жатуы мүмкін! Тіпті, шетпланеталықтың тілі де жатқызылады, себебі, заңда бұл ұғым айқындалмаған.

Л)

3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында

16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын құру қамтамасыз етiледi.
Балалар үйлерiнде және оларға теңестiрiлген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тiлiн жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi.

Бұл тармаққа сүйенсек, үйдің ішінен үй тігудің көкесіне тап боламыз.Балабақшаларда өз тілдерінде тәрбиеленетін кез келген этнос өкілдерінің Қазақстанда 140 дейміз-ау, жүздеген түрі болуы мүмкін,тіпті әрбір ру өзін этнос ретінде жариялап, балабақшасын ашуға мүмкіндік бар. Себебі, Қазақстан заңдамаларында этностық топтар (бұл аталмыш заңда сорақы түрде «ұлт топтары» ретінде келтіріліпті) балабақша топтарын ашуға талап ете алады. Сөйтіп, ол ешқашан қазақ тілін үйренуге мәжбүр етілмеуі мүмкін, бұл мемлекет пен азаматтың ара қатынасы қай тілде болатыны айқындалмағандықтан! Негізінде, елдегі кез келген мемлекеттік  қаржыға (тіпті, білім мен тәрбие мемлекеттік құндылық болғандықтан жеке қаржыға да) ашылатын балабақшаларда мемлекеттік тілде тәрбие сағаттарының болуы міндетті! Тармақтың соңғы сөйлеміне сенсек, әкімді «бөрікпен атып ұрып», әркім өз балабақшасын аша беруіне болады.Бұл - сепаратистік пиғылды жүзеге асыруға бірден бір заңдық алғышарт!!!

М)

Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмдi мемлекеттiк тiлде, орыс тiлiнде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi. Білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу пәнi болып табылады және бiлiм туралы құжатқа енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi.

Бұл - алдыңғы баптың келесі абзацы, «қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi», делінген сөйлемді іске асыра бастасақ, не болар еді, тіпті тараптар талап ете бастаса ше?!

Ал «Білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу пәнi болып табылады» деген сөйлем бойынша елдегі барлық білім беру ұйымдарында бір-екі сабақты қазақша беріп, қалғанының барлығын да орысшаға көшіру мүмкіндігі бар, себебі, бұл жерде де нақтылық жоқ, тіл пәндерінің өзара қатынасы айқындалмаған және қазақ бөлімдерінде көптеген пәндер бойынша орыстілді білім алу ықтималдығын да осы тармақ міндеттеп тұр.

Бұл талдама -  жай ғана үстіртін әрі ішінара қарап шыққандағы ахуал. Кәзір азаматтардың барлығы да құқық бойынша сауаттана бастағанын ескерсек, ерте ме, кеш пе жазыла салған уәж заңдық талапқа айналып шыға келетіні сөзсіз. Сол кезде етең-жеңіміз ашылған күйде қалмаса болғаны...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522