Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5955 0 пікір 9 Мамыр, 2009 сағат 09:08

ЖӘДІГЕР ҚАЛА ЖЕЗӨКШЕЛЕР ҮЙІНЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Асқар Мырзахметовтың назарына!

ЖӘДІГЕР ҚАЛА ЖЕЗӨКШЕЛЕР ҮЙІНЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

Ал бұл түркістандық шенеуніктерді ойландыра ма?

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Асқар Мырзахметовтың назарына!

ЖӘДІГЕР ҚАЛА ЖЕЗӨКШЕЛЕР ҮЙІНЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

Ал бұл түркістандық шенеуніктерді ойландыра ма?

 

Өзіңнің туған жерің, туған ортаң туралы сыни мақала жазу — өте ауыр. Әсіресе исі мұсылман халқының, түркітілдес мемлекеттердің рухани ордасы — киелі Түркістан жайлы сөз қозғау кім үшін де оңай емес. Дегенмен жазбасқа лаж, көтермеске амалымыз қалмады. Ол киелі өңірде — жезөкшелер үйлерінің қаптап кеткендігі.

 

 

Мұны жазар алдында көп ойланып, көп толғандық. Туған жеріңді сынасаң, өз құдығыңа өзің түкіргендей болады екенсің. Дегенмен талай жасқа тәрбие беріп жүрген жазушы-ғалым әрі рухани ұстазымыз Құлбек Ергөбек ағамыздың: "ғұмырлық жолың етіп таңдаған журналистикада жалтақ болсаң, тайғанақтық танытып жауырды жаба тоқысаң, өмірлік ісіңде "өлі позиция" ұстансаң — барыңнан жоғың" деген сөзін қалқан етіп алған соң, шындықты айтпай тұра алмадық. Оның үстіне, киелі шаһардың киесін қашыруға болмайтынын қала басшыларына, қалалық құқық қорғаушыларға қанша айтқанмен, нәтиже болмаған соң, лаж жоқ қайта көтеруге тура келді.

Соншама бұл айтпауға болмайтындай не нәрсе дейсіздер ғой, ол — киелі жерде жезөкшелер үйлерінің қаптап кеткендігі. Енді олардың нақты адрестеріне келер болсақ, Түркістан қаласының «Асанбай ата» базарының маңындағы көпшілік «ЮРТА» деп атап кеткен жерінде, сонымен қатар, атақты «Рүстем» моншасы да осы тексіздердің үйіне айналған. Онымен қоса, бұрынғы өзіміз асыр салып ойнаған «Алтын балық» балабақшасы да жекешеленіп, оның бір бұрышына сауна ашылып, жезөкшелердің тұрғылықты орны болып отыр. «Самал» ықшамауданының маңындағы шағын «бутиктердің» ішінде де арын сатқан қыздардың отырғанын көрдік. Көріп қана қоймай, осы аты аталған жезөкшелер үйлерінің барлығын суретке түсіріп, «ару» қыздармен сұхбаттастық та. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл жақтағы қыздардың қызмет ақысы ірі қала — Алматыдағы арулардікімен бірдей болмаса, еш кем емес. Жалпы айтқанда, қалада қанша қонақ үй, монша-сауналар болса, соның барлығын да ару қыздар "жаулап" алған...

Иә, біздің қоғамда жезөкшелік барын ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен жұртшылық Түркістанды екінші мекке, киелі орда санайды емес пе? Ал рухани астанада осындай жеңіл жүрісті қыздардың көптеп бой көрсетуін қалай түсінуге болады? Керек десеңіз, осы киелі өңірге аяғын баса алмай армандап жүрген қаншама адамдар бар. Олар қасиетті Түркістанға тәу етіп келгенде, әлгіндей әрекеттерді көріп көңілдері су сепкендей басылмай ма?..

Несін жасырайық, киелі жерде жеңіл жүрісті қыздар ұясының бар екенін бұрыннан білетінбіз. Тіпті Түркістандағы жезөкшелік туралы фактіні ондап санап, жүздеп дәлел келтіруге де болады. Бірақ киелі жерде осындай адам төзгісіз қасіреттің орын алғандығы турасында қоғамымызда әлі де ашық мәселе көтеріле қойған жоқ. Ал бірлі-жарым естігендер болса таң қалып, "басқа-басқа дәл осындай былық Түркістанда орын алса, онда ұят! Бұл қаланың ғана емес, бүкіл республиканың атына үлкен сын!" деп жағасын ұстап жатады. Бұл туралы кейбір түркістандық шенеуніктермен сөйлесе қалсаңыз: "енді Түркістанда айтылатын басқа проблема қалмады ма?" деп өзімізге қарсы шықты. Иә, былай қарап тұрсақ, қалада шешімін таппаған мәселелер көп-ақ. Ең ақыр аяғы мұнда ауыз судың өзі үлкен проблема, жарық та сағаттап беріледі. Дегенмен, біздің көтерер тақырыбыз, айтар ойымыз басқа болғандықтан, бұл мәселені кейінге шегеруді ұйғардық. Мүмкін осындай проблеманың барлығы текті үйді тексіз қыздардың басқандығынан қасиетті шаһардың киесі ұрып, әне-міне шешілер мәселенің өзі қиындап, аяқсыз қалып кетуі содан шығар, кім білсін?.. Ал кейбір шенеуніктер: "Мұндай проблема тек Түркістанда емес, Алматыда да бар ғой" дейді. Құдай-ау, Алматы мен Түркістанды мүлдем салыстыруға келмейді ғой. Түркістан — рухани орда, алыс-жақын шет мемлекеттерден ат басын бұрып, тәу етер қасиетті мекен, киелі топырақ емес пе? Түркістанның абыройы, мәртебесі тек қалаға ғана емес, республикаға, тіпті керек десеңіз, бүкіл түркі жұртына белгілі ғой. Ал осындай екінші мекке саналатын рухани астанада жеңіл жүрісті қыздар жортып жүрсе, онда басқа қалалар қандай болмақ?! Аядай ғана әрі киелі жердегі жезөкшелікті жоя алмай жатып, алпамсадай Алматыдағыны қалай жоймақпыз, шенеунік мырзалар?!.

Түйін: Жалпы біздің бұл мақалада сыни пікірлерге көп орын бергенімізге түркістандық шенеуніктер ренжи қоймас. Ренжіген күннің өзінде, біз мұны туған жерімізге адал болу керектігін ұққандығымыздан осылай жасадық. Және бұл үшін ешкімнен кешірім сұрауға тиіс емеспіз.  «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді қазақ. «Ауруын жасырған өледі» демекші, актуальды проблеманың ушығып кетпей, уақытысында көтерілгені дұрыс. Ал мақалада көтерілген мәселелерге облыс әкімі Асқар Мырзахметов мырза қалай қарайды екен?.. Жалпы аймақтағы адам төзгісіз қасіреттің орын алғанына облыс әкімі бей-жай қарамайды деген деген ойдамыз... Біздің мақсат — ой тастау, осындай проблеманың бар екенін жеткізу. Ал оның шешілуі, қалыпқа келуі тиісті органдардың іскерлігіне байланысты. Айта кетейік, біз бұл проблемалар толық шешілмейінше, оқырмандар назарына ұдайы ұсына беретін боламыз...

Серік ЖҰМАБАЕВ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314