Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2436 0 пікір 18 Қазан, 2011 сағат 04:15

«Ұлы Дала» қозғалысының қызметі – қазақтың қамы

2011 жылдың 15 қазаны күні Жазушылар одағының салтанат залында (Алматы қаласы) «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің (РҚБ) құрылтайы болып өтті. Бұл басқосуда қоғамдық саяси қозғалыстың жарғысы мен бағдарламасы қабылданып, жетекші органдары сайланды.

«Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері «Аталған ұйым қоғамдық пікірлердің алтын өзегі  мен прагматизмнің құндылықтарына иек арта отырып, түрлі лозунгтар мен көзқарастарда өз ұстанымына беріктік танытып, этникалық немесе басқа да тегіне қарамастан  «қазақ үшін», «мемлекет үшін» деген барлық ел азаматтарын біріктіруі тиіс. Тұсауын енді кескен қозғалыс ұлттық либерализмді дамытып, «озық консерватизм» идеологиясын насихатттайды» деп біледі.  «Ұлы дала» бірлестігі Қазақстанның қазіргі жеткен жетістіктерін мойындап және Батыстың демократиялық құндылықтарын қабылдай отырып, қазақтың тілін, салт дәстүрін, тарихын, ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, одан әрі дамытуға баса мән бермекші.

«Біз, ХХІ ғасырдың барлық талаптарына жауап беретін жаңа форматтағы ұлттық қозғалыстарға қоғамның сусап отырғанына сенімдіміз» дейді, «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігінің өкілдері.

«Ұлы дала» қоғамдық бірлестігі өзінің алғашқы құрылтайында:

1. Құрылтайдың жұмысшы органдары туралы;

2. Құрылтайдың Мандаттық комиссиясының баяндамасы туралы;

3. «Ұлы Дала» РҚБ-нің жаңа Жарғысы туралы;

4. Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясы туралы;

5. «Ұлы Дала» РҚБ-нің басқарушы органдары туралы,

6. «Ұлы Дала» РҚБ-нің филиалдары туралы;

7. «Ұлы Дала» РҚБ-нің Орталық аппараты туралы;

8. «Ұлы Дала» РҚБ-нің Арқалық қаласындағы өкілдігі туралы;

9. «Ұлы Дала» РҚБ-нің Жезқазған қаласындағы өкілдігі туралы;

10. «Ұлы Дала» РҚБ-нің Семей қаласындағы өкілдігі туарлы;

11. «Ұлы Дала» РҚБ-нің Түркістан қаласындағы өкілдігі туарлы.

«Ұлы Дала» РҚБ-нің Саяси платформасы туралы қаулы қабылдап,  төмендегідей саяси мәлімдеме жасады (платформаның қысқша мазмұны.-ред):

«ҰЛЫ ДАЛА» қозғалысы - жалпыадамзаттық демократиялық, либералдық құндылықтарды, адам құқы мен сөз, іс-әрекет бостандығы қағидаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстандағы саяси-экономикалық, әлеуметтік үдерістерге белсене араласып, мемлекеттің, халықтың тағдырына, болашағына қатысты шешімдерге оң ықпал ету мақсатында құрылды. Себебі, біз кез келген елдегі жаңару, жаңғыру үрдістері, өзгерістер сол елдегі прогрессивті саяси күштердің, белсенді әлеуметтік топтардың, азаматтардың тікелей қатысуымен ғана жүзеге асуы тиіс және сонда ғана табысты болады деп санаймыз.

«ҰЛЫ ДАЛА» қозғалысының саяси ұстанымы - либералдық консерватизм. Біз халықтың таңдау еркі мен сайлау құқына, азаматтардың бостандықтарына даңғыл жол ашатын, әлемдік тәжірибеден өткен, озық либералдық идеялардың жақтаушысымыз. Сонымен қоса, мемлекет пен шаруашылықты басқарудың кез келген қалыбы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан саяси, әлеуметтік, интеллектуалдық ойы мен ғұрпына мейлінше бейімделіп, соған қызмет етуі тиіс деп ойлаймыз. Өйткені, ел мен жердің төлтума болмысын ескермей, мемлекет пен ұлттың табиғи тұтастығын қамтамасыз етпей тұрып, Қазақстандағы жеке адам мен азаматтың құқығын қамтамасыз ету мүмкін емес.

«ҰЛЫ ДАЛА» қозғалысы мемлекетте тұрып жатқан барлық этнос өкілдерінің құқықтары мен тілдік, мәдени, діни қажеттіліктеріне құрметпен қарайды. Сонымен қоса, мемлекет құраушы ұлтқа - қазақ халқына қатысты тарихи әділеттіліктің  орнайтын уақыты жетті деп санайды. Біз, 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңда көрсетілгендей,  қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқын растап қана қоймай, оның толықтай іс жүзіне асырылуын қалаймыз. Себебі, мыңдаған жылдар ұлы даланы мекен еткен бабаларымыздың аманаты, қазақ халқының сан ғасырлық азапты да даңқты тарихындағы төккен терінің, қаны мен жасының жалғыз өтеуі - ұлттық мемлекет.

«ҰЛЫ ДАЛА» қозғалысы ұлы даланың асты-үстіндегі материалдық, рухани қазына-байлық тек халыққа тиесілі болуы тиіс деп санайды.

«ҰЛЫ ДАЛА» қозғалысының мүшелері ұлы мұратқа ашық саясат пен ашық экономика, әлеуметтік теңдік пен қоғамның тұтастығы арқылы ғана қол жеткіземіз деп біледі. Сондықтан,  биліктің халыққа, халықтың билікке деген сенімі, адалдығы болуы тиіс.

«ҰЛЫ ДАЛА» қозғалысы - партиядан тыс, центристік бағыттағы қоғамдық күш. Біз саяси радикализмге қарсымыз әрі Қазақстандағы саяси, экономикалық даму - эволюциялық жолмен ғана жүзеге асырылуы тиіс деп санаймыз. Сонымен қоса, біз қазақ халқының мүддесіне қайшы әрекет ететін, Қазақ мемлекетінің дербестігіне, тұтастығына қатер төндіретін кез келген деструктивті топтарға қарсы тұруды өзіміздің парызымыз санаймыз. Отанды құшағына алғандай болып, тұншықтыруға тырысатындарға ешқашан жол бермейміз!

«Ұлы дала» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыру комитеті

0 пікір