Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3842 4 пікір 15 Сәуір, 2020 сағат 17:17

Парламенттің жыл сайынғы шығынына 10 млрд.тан астам ақша бөлінеді

Бүгінгі күні індетпен күрестің алдыңғы шебінде дәрігерлер жүр. Оларға қолдау білдіруіміз тиіс.

Салыстырып көріңізші: парламент депутаттары түк бітірмей-ақ, митингі туралы, жерге қатысты халыққа қарсы заңдарды мақұлдап отырып, айына 1 миллион теңгеден айлық алады. Оған қоса, қызметтік көлігі, үйі, іссапар шығындары, премиялары бар. Қазір 65-тен асқан депутаттар тіпті үйінде жатыр. Сонда да миллиондап айлық алады. Жыл сайын парламенттің шығынына 10 миллиардтан астам ақша бөлінеді екен.

Ал дәрігерлерге қараңыз. 120 дәрігер қазірдің өзінде коронавирус індетін жұқтырған. Жүздеген ауруға шалдыққан науқастармен күндіз-түні жұмыс істеуде, ем-домын жасауда. Қорғаныс заттары дайын емес, қолдарынан маска тігіп, қоқыс пакеттерінен костюм дайындауда. Апталап үйлерінің бетін көрген жоқ. Сонда олардың алатыны 3-ақ ай көбейтілген қаражат.

Жыл сайын медицина саласына миллирдтаған доллар бөлінеді. Биылдың өзінде 1 триллион теңгеден астам ақша қарастырылған. Бюджеттегі ең үлкен бөлік дәл осы медицина саласына көзделеді. Сонда ол ақша неге медицина қызметкерлеріне берілмейді? Осыншама қаржы жыл сайын қайда кетуде? Кімнің қалтасына түседі? 100 аурухана саламыз деген бағдарлама қайда қалды? Ауру асқынған тұста едел-жедел үш қаладан 3 аурухана саламыз деп отыр. Оны неге бұрыннан салмаған?

Батыс елдеріне алып қараңыз. Ұстаздар, профессорлар мен дәрігерлер ең сыйлы мамандық иелері. Ол жақта «кедей мұғаліммін» немесе «кедей дәрігермін» дейтін мамандық иесі жоқ. Қазаққа түк пайдасы жоқ биліктің қалаулыларына айналған депутаттарға миллиондап қаржы төлегенше, дәрігерлер мен ұстаздарды қолдайық.

Бүгінгідей қиын-қыстау заманда көріп отырмыз, бізге қажеті «төрт аяқты» және ұйқылы-ояу депутаттар емес, дәрігерлер!

Жанболат Мамайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570